Жаңалықтар

07.12.2012
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНІҢ САЛТАНАТЫ

Тәуелсіздік таңы атқалы қазақ елінің мемлекет ретінде қалыптасып, түбегейлі реформаларды табысты жүргізуінің, әлемді таңдай қақтырған еліміздің жетістіктерінің бастауы болған кемеңгер көшбасшымыздың құрметіне мереке белгіленіп, күнтізбеде жаңа қызыл әріптердің пайда болуы қалың жұртшылық арасында қызу қолдау тауып, халықты қуанышқа бөледі.
30.11.2012
Жыр боп төгілген үзік сыр

Былтыр ғана ел болып Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл толуын дүрілдетіп тойлаған едік. Сол ерен егемендіктен кейін тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президентінің төрағалығымен күллі дүниедегі қазақтардың басын біріктіріп, ата-баба үрдісімен Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы өтті.
30.11.2012
Спорт тақырыбын сүйіп оқитын Ұлболсын

«Қобданың» ел ішіндегі оқырмандары арасында жастары да, кәсіптері де әр алуан адамдар бар. Ал оларға ортақ бір қасиет — жаңалық атаулыға жанының құмарлығы, талғамның жоғарлығы, өзі таңдаған басылымға деген адал пейілі.
30.11.2012
Оқырман өз жауабын күтуде

Жарық ауылының тұрғындары ауылға келетін хат-хабарды, поштаны асыға күтетіндердің бірі. Ауыл тұрғындарының шалғай ауылдарда тұратындары болмаса олар да жаңалықтан құр қалғылары жоқ.
30.11.2012
Мереке иелеріне құрмет

23 қараша 1992 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде мемлекеттік автоинспекциясының құрылуы туралы ережесіне қол қойылып, жол полициясы атына өзгертілді. Биыл сол Қазақстан Республикасы жол полициясының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты жол полиция қызметінің зейнеткерлеріне құрмет көрсетілді.
30.11.2012
Тұңғыш Президент күні тарихи маңызы зор мереке

Биыл 1 желтоқсан күні ел тұрғындары алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді.Осыдан бір жыл бұрын еліміздегі мерекелер күнтізбесіне өзгеріс енгізіп, жаңа айтулы күн қосу парламенттегі бір топ депутаттың бастамасы болатын.Бұл Елбасының елге, оның дамуына сіңірген зор еңбегін бағалап, ұлт көшбасшысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеп, ардақтап жүруіне сеп боларлық мереке.
30.11.2012
МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Баспасөз бетінде жария көрген аудандық мүгедектер қоғамының үндеуіне барша аудан халқы қолдау көрсетіп, осы күні көптеген азаматтар мүмкіндігінше өз тараптарынан шектеулі жандарға қайырым қолын созуда.
30.11.2012
Елдің жаңа мейрамы

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ –ға төрағалық жасады. Он бір жылғы үзілістен сол алғаш рет ЕҚЫҰ-ның саммиті Астанада өтті.
23.11.2012
ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІНІҢ САЙЫСЫ

Қоғамдық тәртіп пен құқыққұзушылықтың алдын-алу шараларының жүргізілуі әлеуметтік маңызға ие мәселелердің қатарынан орын алады.
23.11.2012
Ыстық тамақмен қамтамасыз етеді

Іс-сапармен жолға шыққан біз Сарбұлақ ауылында болып қайттық. Ауылға кіре берістен-ақ, асфальтті жол тікелей бізді мектепке әкелді. Мектеп-балабақша директоры Қайрат Ізбасқанұлымен сөйлесіп, шаруаларымызды бірыңғайлап жатқанымызда қоңырау соғылып, ұзын дәлізден лезде балалардың дауыстары шығып, мектепке кіріп келген кездегі тыныштық бұзылды.
23.11.2012
БОЛАШАҚ ТІЗГІНІ —БЕРІК ҚОЛДА

16 қараша күні Астана қаласында «Жас Отан» Жастар қанатының II съезіне Ақтөбе облысынан 82 делегат барып келген болатын. Оның жетпіс пайызы — жұмысшы жастар.
23.11.2012
«ҚОБДА» оқырмандарымен кездесті

Биыл « Қобда газеті» тың бастаманы қолына алып, мерзімді баспасөзге жазылу науқанында өз оқырмандарымен кездесіп, халықтың ой-пікірін тыңдап соны алдағы уақытта өз жұмысында бағдаршам етіп алмақ ниетпен көпшілік алдына шықты.
23.11.2012
ҮГІТ КЕРУЕНІ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА

Мемлекеттің басқару жүйесіндегі Елбасы жариялаған әкімшік реформадан туындайтын басты бетбұрыстардың бірі халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрғындар мен атқарушы билік арасындағы байланыс деңгейін мейлінше ұлғайту болып табылады.
23.11.2012
СЕНАТОР ЕҢБЕККЕ ШАҚЫРДЫ

Қарашаның 16-сы күні Қазақстан Республикасы сенатының депутаты, жоғарғы сот кеңесінің және ҚР Парламенті жанындағы «Заңнамалар және құқықтық мәселелер» комитетінің мүшесі Иран Амиров Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»жолдауын насихаттау мақсатында аудан активімен кездесу өткізді.
16.11.2012
БАЛАЛАР ЕЛ КӨРДІ, ЖЕР КӨРДІ

Туған жерді көркейтуге шақырған акция барысында Қызылжар ауылының азаматтары бірден үн қосып өз көмектерін көрсетуден аянбады

Беттер