Жаңалықтар

27.02.2017
ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ

20.02.2017
Хаттама

Қобда ауданы тұрғындары жиналысының
Х А Т Т А М А С Ы
10 ақпан 2017 жыл Қобда ауылы
Аудан тұрғындарының жалпы саны –
Жиналысқа қатысқан аудан орталығы тұрғындары – 100 адам
Жиналысты басқарушылар:
Б.А.Кулов аудан әкімінің орынбасары – жиналыс төрағасы
А.Қ.Тынышбаева - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – жиналыс хатшысы
Күн тәртібінде:
«Қобда ауданының орыс тіліндегі «Хобдинский» деп аталып келген транскрипциясын қазақ тілінің әліпбиі нормасына сәйкес «Кобдинский» деп өзгерту туралы»
02.02.2017
ХАБАРЛАНДЫРУ

Аудандық мәдениет Үйінде өткізілетін «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» аудан әкімі М.Шермағанбеттің халыққа есеп беру кездесуі 2017 жылдың ақпан айының 9 жұлдызы күні сағат 15.00-ден 14.00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Аудан әкімі аппараты
26.01.2017
Хабарландыру

2017 жылдың 10 ақпан күні, жергілікті уақытпен сағат 11.00-де Аудандық мәдениет Үйінің ғимаратында, Қобда ауданы тұрғындарымен қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібінде: Қобда ауданының орыс тіліндегі «Хобдинский район» деп аталып келген транскрипциясын қазақ тілінің әліпбиі нормасына сәйкес «Кобдинский район» деп өзгерту мәселесіне орай, халықтың пікірін ескеру үшін ауыл тұрғындарының қатысуы сұралады.
Қобда ауданының әкімдігі
19.01.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес бекітілген кесте бойынша 2017 жылдың 17 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында Қобда ауданында 2016 жылдың қорытындылары бойынша Сөгәлі, Қызылжар, Жарық, Жарсай, Бұлақ, И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есепті кездесулері өтті. Кездесулерге ауыл тұрғындары, ақсақалдар кеңесінің, жастар ұйымының, қоғамдық ұйымдардың, шаруа қожалықтарының басшылары, бюджеттік мекеме қызметкерлері, азаматтық қоғамдардың өкілдері қатысты.Есепті кездесулерде ауылдық округ әкімдерінің есепті баяндамасы ауыл өмірінің барлық саласын қамтыды. Баяндама соңында ауылдық округтер әкімдері көптеген сұрақ-пікірлерге жан-жақты жауаптар берілді және қатысушылармен ашық түрде әңгіме өткізді.
16.01.2017
Аудан әкімдігінде діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Аудан әкімдігінде діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңеске аудан мешіттерінің имамдары, құқыққорғау органдарының өкілдері, ауыл ақсақалдары қатысты. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Болат Құлов төрағалық етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақшолпан Оразованың аудан аумағында дәстүрлі емес діни ағымда жүрген азаматтармен жеке жұмыс жүргізу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ұйымдастырылған жұмыс туралы баяндамасы тыңдалды. Ол тұрғындардың діни сауатын көтеру, дәстүрлі емес дінге бет бұрған азаматтармен жеке жұмыс жүргізу, оларды әлеуметтік қолдау шараларын алу - аудандағы діни ахуалды тұрақты ұстаудың шарттары екенін атады. Білім мекемелерінде ұйымдастырылған жасөспірімдердің діни сауатын арттыру, жат діни ағымдардың ықпалынан қорғау, діни экстремизмнің алдын алу шаралары жүргізілуде. Аудан мектептерінде дінтану сабағы оқытушыларының білімін жетілдіруі, адамгершілік құндылықтарды дамытуға, рухани тәрбие беруге бағытталған жұмысы туралы айтылды. Жиында Бұлақ ауылдық округінің әкімі Бақыт Айдосов округтегі діни ахуалды тұрақты ұстау мақсатындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ауылдағы «Рахман» мешіті еліміздің үздік мешіттері қатарына еніп,, рухани тәрбиенің ордасына айналып отырғанын сөз етті. Кеңеске қатысқан аға буын өкілдері жастарға рухани тәрбие беру, ұлттық дәстүрлерді олардың бойына сіңіру туралы ұсыныстарын ортаға салды.
16.01.2017
Ауданымызға сенатор Елеусін Сағындықов келіп, мәслихат депутаттарымен, ақсақалдармен, жастар өкілдерімен кездесті.

«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында өткен кездесуде мазмұнды, ұлағаты мол әңгімелер айтылды. Елеусін Сағындықов өз сөзін ұлы Абайдың өлең жолдарындағы халықты еңбекке шақырған сөздерінен бастады. Дағдарысты еңсерудегі Елбасының ерен еңбегін атап, халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмысын түзеуге бағытталған заң жобалары жайында әңгімеледі. Қобда мен Ақтөбені жалғап жатқан республикалық күре жолдың жөндеу тарихына тоқталды. Қазір Сенатта мал жайылымдарына қатысты заң жобасына енгізілген өзгерістердің мән-жайын түсіндірді. Жиында өз ойларын ортаға салған ел ағалары Елеусін Наурызбайұлына өзінің облыс басшысы болып тұрған тұсында, Қобда ауданында газ желісінің тартылуына, жолдардың жөнделуіне ықпал еткені үшін алғыстарын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
08.01.2017
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қобда ауданына іс-сапармен келді

2017 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы мен Тасболатов Абай Бөлекбайұлы Қобда ауданында іс-сапармен болып, халықпен кездесті. Депутаттар өңірге сапарын Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мұражайымен танысудан бастап, батырдың рухына тағзым етті. Жиренқопа жерінде Қобыланды батырдың кесенесінде болды. Мемлекеттік бағдармаларды тиімді пайдаланып, асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында нәтижелі жұмыс жасап жатқан "Марат" шаруа қожалығының қызметімен танысты.Парламент депутаттары аудан активімен кездесті. Кездесуге мәслихат депутаттары, «Қоғамдық кеңес» мүшелері, ардагерлер, жастар ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. «Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырындағы еліміздің жеткен жетістіктері, алған асулары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатыр», - деп ерекше атап көрсетті Бақтықожа Салахатдинұлы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасының индустриялық-инновациялық бағдарламасына баса назар аударып, Парламенттегі бірқатар заңнамалық өзгерістерге, атқарылған жұмыстарға тоқталды.Абай Бөлекбайұлы Тасболатов тарихи жерге келгеніне қуанышын білдіріп, Отанды сүю тарихты білуден басталатының, жастардың елжанды болу қажеттілігін атап өтіп, мемлекетіміздің қорғаны - Қарулы күштердің жағдайы, мықтылығы туралы баяндады. Кездесу сонында аудан әкімі М.Шермағанбет елмен кездесіп, келелі әнгіме айтқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.
07.01.2017
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қобда ауданына іс-сапармен келді

2017 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы мен Тасболатов Абай Бөлекбайұлы Қобда ауданында іс-сапармен болып, халықпен кездесті.
06.01.2017
Қобда ауданы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің алдағы есептік кездесулеріне байланысты тұрғындардан хаттар және ұсыныстар жинауға арналған жәшіктер орналастыру жөніндегі АҚПАРАТ

Қобда ауданы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің алдағы есептік кездесулеріне байланысты тұрғындардан хаттар және ұсыныстар жинауға арналған жәшіктер орналастыру жөніндегі АҚПАРАТ
06.01.2017
Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулерінің желілік кестесі

Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру
кездесулерінің желілік кестесі
06.01.2017
Ауылдық округ әкімдерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулерінің желілік кестесі

Ауылдық округ әкімдерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру
кездесулерінің желілік кестесі
28.12.2016
АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ШЫРШАСЫ

"Президент, облыс әкімі, аудан әкімі шыршасы" жаңа жылдық шараларын көп естіп келеміз. Ал бүгінгі шара ерекше, өйткені тұңғыш рет ауданымызда Жаңақорған ауданының прокуроры Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлының жаңа жылдық шыршасы кент орталығындағы "Нұрлы Сенім С" жеке балабақшасында тәрбиеленуші 17 даму мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өтті. Балабақшада арнайы жоғары білікті мамандығы бар логопед, дифектолог, психолог, массажист, невропологтар жұмыс жасайды. Ата - аналардың айтуы бойынша, балалардың денсаулығы күннен күнге жақсарып келеді, яғни нәтиже бар. Арине балабақша меңгерушісі, шараны ұйымдастырушы Мөлдір Ақылханқызына ата-ана алғысы өте мол. Міне осылай балаларымызға жаңа жылдық сыйлықпен қуантқан таңғы қызықты шара өте көңілді өтті.
27.12.2016
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Ұлы Отан соғысының ардагерлері Александра Афанасенко мен Галауф Сайфутдиновтың шаңырақтарына барып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыста жанқиярлық көрсетіп, жеңіс сағатын жақындатқан ілгері ұрпақтың ерлік істерін дәріптеу - қазіргі буынның парызы. Сол ерліктің өшпес өнегесін таныта білген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бүгінде қатары сиреді. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Ұлы Отан соғысының ардагерлері Александра Афанасенко мен Галауф Сайфутдиновтың шаңырақтарына барып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мерекелік сыйлықтарын табыс еткен аудан басшысы ардагерлерге дендеріне қуат, отбасының амандығын тіледі. Галауф Сейфутдиновтың кеудесіне «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерейтойлық медалін тақты. Ардагерлерге "Самұрық Қазына" қорынан 100 мың теңге көлемінде сыйлық табыстады. Жылы сөздің өзі дерттеріне дауа болатын қариялар құрмет көрсеткен Елбасына, жергілікті басшыларға алғыстарын білдірді.
21.12.2016
Қобда жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ауданның балықшылары қысқы балық аулау спортынан Қобда ауданы әкімінің кубогы үшін сайысқа түсті.

Тәуелсіздік күнгі іс-шаралардан аудан балықшылары да тысқары қалмай желтоқсан айының 18 күні балық аулаудан жарыс өткізді. Қобда жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ауданның балықшылары қысқы балық аулау спортынан Қобда ауданы әкімінің кубогы үшін сайысқа түсті. Қыстың ызғарлы аязына қарамай, балықшылар таң сәріден Қобда өзенінің бойында мұз ойып, сайысқа түсті. Балық аулаудан болған сайысқа аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет бастаған лауазымды тұлғалар да ат салысып, балық аулаушы сайыскерлерге сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша «Қазмұнайгаз» командасының құрамындағы Сұлтан Уталиев пен Жаслан Жаубатыров ең көп балық аулап, жеңімпаз атанды. Екінші орын сапында Кенжебек Куміскалиев пен Орман Удербаев бар Әлия лигасы командасы қанжығасына байлады. Үшінші орынды да Әлия ауылынан келген құрамында Қуатжан Кариев пен Ерболат Ерниязов бар балықшылар командасы иеленді. Ал ең үлкен балық ұстаған балықшы номинациясын Аслан Бөпелеков иеленді.

Беттер