Жаңалықтар

28.11.2016
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданның аумағында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциялары жалғасуда. Әлия ауылындағы акцияны жергілікті кәсіпкерлер қызу қолдады. Олар мүмкіндіктерді шектеулі жандарға жүрек жылуын сыйлап, балаларға қол ұшын берді. Жанашырлыққа жан риза деп Әлиялықтар ризашылығын білдірді.
23.11.2016
«Туған жерім – нұрлы елім»

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Туған жерім – нұрлы елім» атты аудандар күндері өткізілді. Арнайы құрылған комиссия үздіктерді таңдады.Шараға қобдалықтар үлкен дайындықпен барып, барша өңірге киелі жердің өнері мен өндіретін өнімдерін, қолөнерін көрсетті.Облыстың барлық аудандары бақ сынасқан акцияның қорытындысы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта шығарылып, Қобда ауданы жүлделі I орынды иеленді! Ауданға УАЗ-көлігі табысталды! Мерейтой қарсаңындағы айтулы жеңіс – барша қобдалықтардың бірлігі мен татулығының айқын көрінісі.
23.11.2016
Игі шаралар

Ауданда атқарылған жұмыстар мен игі шаралар Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында кеңінен атап өтілуде. Барлық елді мекендерде тұрмысы төмен отбасыларына, жарымжан жандарға, жетімдерге қамқорлық, мейірімділік шаралары ұйымдастырылуда және олар өз жалғасын табатын болады. Жақында қамқорлықты қажет ететін 10 отбасына тұрғын үй берілді. Көмекке мұқтаж адамдарға аудан бойынша демеушілікпен 5 млн теңгенің көлемінде көмек ұйымдастырылды, газ, су құбырлары тартылып, қаржылай қолдау көрсетіліп, қысқы отынмен, мал азығымен қамтамасыз етілуде. Өткізілген шараларға халық өз ризашылығын білдіруде. Аудан тұрғындарының қатысуымен телекөпір арқылы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында 25 қамқорлықты қажет ететін балаға қыстық киім және жетім балаларға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді
16.11.2016
Облыс әкімі Б.Сапарбаев және құқық қорғау органдары басшылары жұмыс сапарымен Қобда ауданында болды

Облыс басшысы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев аудан елді мекендерін аралап, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысып, шаруа құрылымдары қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сонымен бірге ауданда құқық қорғау органдары басшылары - облыс прокуроры Әбдіров Н.М., облыстық соттың төрағасы Әкетай М. А., ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Ирменов М.Ғ., облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Сисембин С.Ө., ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мамаев Т.Ш. болып, құқық саласындағы реформалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
18.10.2016
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: ХАЛЫҚТЫҢҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ақтөбе облысында қолға алынған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру үшін өңір мамандарынан құрылған жұмыс тобы жасақталған болатын.
18.10.2016
Батырлар өлкесі жастары да бытыл мінезді !

Батырлар өлкесі жастары да бытыл мінезді ! Қобда Ауданының Әкімдігі ауданы қазақтын батыр қызы Əлия Молдағулова тұған жері . Қобланды батырдың кесенесі де осы жерде орналасқан. Тек осы ауданнан Екінші дүниежүзілік соғыста 8 жаунгер батыр "Герой" атанған. Басқа бұндай батырлар көп шыққан ауданды білмейді екенмін. Жастары да соған лайық. Елін сүйетін , батыл жəне мінезд өз өздеріне сенімдіі азаматтар. Аудан əкімі менің досым Мейрамбек Шермаганбет шақыруымен кеш болсада барып қайттым. Күтіп отырған белсееді жастарға рахмет! Кездесу өте керемет өтті!
11.10.2016
Қазіргі заман талабына сай жабдықталған, соңғы үлгідегі Қобда орта мектебі жанындағы көпфункционалды спорт алаңына жергілікті бюджеттен 15 млн. тенге қаражат бөлініп, жаңадан пайдалануға берілді.

Қазіргі заман талабына сай жабдықталған, соңғы үлгідегі Қобда орта мектебі жанындағы көпфункционалды спорт алаңына жергілікті бюджеттен 15 млн. тенге қаражат бөлініп, жаңадан пайдалануға берілді.
11.10.2016
«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы аясында

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы аясында
11.10.2016
«Құт қонған - Қобда»

«Құт қонған - Қобда»
11.10.2016
«Құт қонған - Қобда»

«Құт қонған - Қобда»
11.10.2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ауыл шаруашылығының күні мерекесіне орай

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ауыл шаруашылығының күні мерекесіне орай
11.10.2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ауыл шаруашылығының күні мерекесіне орай

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ауыл шаруашылығының күні мерекесіне орай.
04.10.2016
«Қарты бар үй - қазына» - деп бабалар айтқандай, қарттар күні мерекесіне орай аудан ақсақалдарына құрмет көрсетілді.

«Қарты бар үй - қазына» - деп бабалар айтқандай, қарттар күні мерекесіне орай аудан ақсақалдарына құрмет көрсетілді.
26.09.2016
Қобда кентінде "Құт қонған Қобда" атты аудан күні мерекесінің бағдарламасы.

Қобда кентінде "Құт қонған Қобда" атты аудан күні мерекесінің бағдарламасы.
24.09.2016
Қобда ауданы күндерінің мерекелік шаралары Тұңғыш Президент атындағы паркте жалғасын тапты.

Қобда ауданы күндерінің мерекелік шаралары Тұңғыш Президент атындағы паркте жалғасын тапты.

Беттер