Қобда аудандық кәсіпкерлік бөлімі

2018 жылдың 16 ақпанында аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлік палатасының Әлия, Талдысай және Бегалы ауылдық округтерінің кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына 2018 енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 23 ақпанында Қобда ауданында «Амангелді» сауда орталығының алдында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде: сиыр еті-1350 тг, қой еті-1250 тг, қаз-5000тг, балық-500 тг, картоп-100 тг, және т.б ауыл шаруашылық өнімдері сатылды
1. Қобда ауданы Талдысай ауылында «Кокбухта» шаруа қожалығының басшысы Шабаров Марат бұрыңғы Универмагты 1,5 млн теңгеге сатып алып және 4,5 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізді. 2017 жылдың 7 желтоқсанында Талдысай ауылында өз қаражатына жалпы сомасы 6,0 млн теңгені құрайтын 300 орындық тойхана мен азық түлік дүкенін ашады.