Мемлекеттік қызмет көрсету

Баспасөз релизі
Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады
«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.
Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.
«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еркін алуына ерекше назар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейді, олар әкімдіктердің өтінімдері бойынша елді мекендерге шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.
Қазпочта бөлімшелері арқылы танымал мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы - азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін ыңғайлылыққа арналған тағы бір қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы тестілеуден өтті, нәтижесінде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешім қабылданды. «Пилоттық жобаны тестілеуде ШҚО почта байланысы бөлімшелерінде 233 құжат берілген. Одан бөлек, біздің жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, оң бағалар берілгендіктен, біз оны еліміздің барлық аумағында жүргізуді шештік. Қазіргі таңда шалғай елді мекендердің тұрғындары почта байланысы бөлімшелері арқылы 1656 корпорация қызметін ала алады. Демек, енді бұл қызметтерді алу үшін, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», – деді Оспанов.
«Біз ауыл тұрғындарын тек почта қызметімен емес, сонымен қатар әр түрлі банк қызметтерімен, әрине, оның ішінде ХҚКО қызметімен де қамтамасыз ететін боламыз. Өйткені ауылда көбіне почта байланысы бөлімшелері ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО инспекторы қызметті ресімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.
Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды
Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджеріміз өздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Оспанов.
Жаңа сервис мемлекеттік корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы 37 фронт-офистерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.
Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.
Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тізімін www.gov4c.kzсайтынан алуға болады.
Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті
3 сағат ішінде алуға болады
Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-k... алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні-«Е-ХҚКО» бірыңғай қызметкөрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.
«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады»,-дейді Оспанов.
Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оныңішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу, 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзу.
Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызметстандартына сәйкес,қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде,бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.
Сағат17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінінайта кеткен жөн.
Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:
Алматы қ.
1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А
2.Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А
Ақмола облысы
3.Сандықтау аудандық бөлімі-Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.
4. Зеренді аудандық бөлімі-Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52
Алматы облысы
5. Ақсу аудандық бөлімі-Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.
6. Алакөл аудандық бөлімі- Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.
7. Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.
8. Қапшағай қалалық бөлімі –Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41
9. Еңбекші аудандық бөлімі- Есік қ., Абай к-сі, 314 А
10. Есіл аудандық бөлімі- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17
11. Іле аудандық бөлімі- Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23
12. Қаратал аудандық бөлімі –Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22
13. Кербұлақ аудандық бөлімі-Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В
14. Панфилов аудандық бөлімі-Жаркент қ.,Головацкий к-сі, 51Б
15. Райымбек аудандық бөлімі-Кеген а.,Момышұлы к-сі, н/з
16. Сарқан аудандық бөлімі-Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44
17. Талғар аудандық бөлімі– Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А
18. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы –Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9
19.Ұйғыр аудандық бөлімі-Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35
Атырау облысы
20. Мақат аудандық бөлімі-Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36
Шығыс Қазақстан облысы
21.Өскемен қ. № 3 бөлімі-Белинский к-сі, 37А
22. Абай аудандық бөлімі –Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12
23. Бородулиха аудандық бөлімі –Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25
24. Зырянаудандық бөлімі- Зырян қ. Стахановская к-сі, 39
25. Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4
Батыс Қазақстан облысы
26.Бөкейорда аудандық бөлімі –Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1
27. Сырым аудандық бөлімі- Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2
Қарағанды облысы
28.Қарағанды қ. № 2 бөлімі-Чкалов к-сі, 7
29. Қарағанды қ. № 4 бөлімі–Архитектура көш., 8
30.Балқаш қ. бөлімі-Бөкейхан к-сі, 20А
31.Қаражал қ. бөлімі-Ленин к-сі, 18
32. Қарқаралы аудандық бөлімі-Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21
33. Нұра аудандық бөлімі- Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2
34. Осакаров аудандық № 1 бөлімі– Осақаров к., Пристанционная к-сі,12
35.Саран қ. бөлімі-Жамбыл к-сі, 85/3
36.Шахтинск қ.№1 бөлімі - Абай даңғ., 65Б
Қызылорда облысы
37. Қызылорда қ. № 1 бөлімі- Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е
Маңғыстау облысы
38.Отдел Мунайлинского района -с.Мангистау, 24 квартал, строение 10/3
Павлодар облысы
39. Ертіс аудандық бөлімі- Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14
40. Качир аудандық бөлімі- Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А
41. Павлодар аудандық бөлімі- Павлодар қ., Толстой к-сі, 10
42. Успен аудандық бөлімі- Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30
43. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114
44.Павлодар қ. № 2 бөлімі–Исиналиев к-сі, 24
45. Ақсу қ. бөлімі –Ленин к-сі, 10
Солтүстік Қазақстан облысы
46.Петропавл қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72
Ақтөбе облысының перзентханаларында баланың тууы бойынша қызметтер көрсетіліп келеді
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» жұмыскерлері перзентханаларда құжаттарды қабылдауды жалғастырып жатыр. Жас босанған әйел бір мезгілде баланың туу туралы куәлігін ресімдеп, баланың туылуына, бала күтіміне, жүктілікке және босануына байланысты кірістен айырылған жағдайда, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақы тағайындау үшін, сонымен қатар баланы бала-бақшаға орналастыру үшін өтініш жаза алады. Қызметті композиттік түрде көрсету бұл – перзентханада бір мезетте 4 қызмет түріне өтініш қабылдау болып табылады.
«Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, азаматтар баланың туылуын тіркеу үшін 3 жұмыс күн ішінде өтініш беру керек. Азаматтарға ыңғайлы,әрі қолайлы болу үшін, біз баланың туылуын тіркеу бойынша қызметті бір композитке біріктірдік. Бұл қызметалушылардың өмірін әлдеқайда жеңілдетіп және олардың уақытын үнемдейді» - дейді Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Ергалиев Руслан Амандықұлы.
Қызметті көрсетуде өтінішті тапсыру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: туу туралы медициналық куәлік, ата-ананың жеке куәліктері, неке қию туралы куәлік, сонымен қатар банк есепшоты және алдыңғы балалардың туу туралы куәліктері.
Ата-ана баланың туу туралы дайын куәлігін 2 жұмыс күн өткеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратынан алады. Жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат ұялы телефон арқылы смс-хабарлама түрінде келіп түседі. Айта кететін жайт, бала-бақша кезегі туралы ақпаратты қазақстандықтар egov.kz электрондық үкімет порталынан қарай алады. Төрт ай ішінде Ақтөбе облысы бойынша «ХҚКО» департаменті арқылы 600-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде 2798 баланың туу композиттік қызметтер бойынша көрсетілді.
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.
Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.
Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ92009MEDS368609103
БСН: 160440007161
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:
121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;
123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
Жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері ХҚКО кеңес береді
Ағымдағы жылдың наурызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 17 бөлімінде, әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық жұмыспен қамту орталғының жұмыскерлері қызмет жасайды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары міндетті медициналық сақтандыруға қатысты кеңес береді. Сонымен, ХҚКО-на келген әрбір азамат медициналық сақтандыруды ресімдеу процесі, тұрақты жұмыс орнына орналастыру, оқу орындарының түлектерін жастар тәжірибесіне жіберу, еңбек нарығында және қоғамдық жұмыстарда талап етілетін мамандықтар бойынша қайта даярлауға жіберу бойынша толық қамтылған жауапты алу мүмкіндіктері бар.
Атап өтетін жайт, медициналық сақтандыруды ресімдеу үшін азаматтың әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратты алу қажет. Қазіргі таңда, өзінің әлеуметтік жағдайын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департамент бөлімдерінің қоғамдық қолжетімді пункты және egov.kz. электрондық үкімет Порталы арқылы білуге болады. Бірінші жағдайда, жақын жердегі «ХҚКО» бөліміне, жеке куәлігіңізбен жолығу қажет, екіншіден, egov.kz. порталында авторизациялап және «Әлеуметтік жағдайды тексеру» қызметін таңдау қажет.
Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақанықтама алуға болады
Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтерді алуды едәуір жеңілдететін болады. «Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейді, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзімен бірге алып жүрмейді, сондай-ақ бір анықтама алу үшін ХҚКО-ға бару барлығына бірдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметті бір реттік парольдің көмегімен алу- жағдайдан шығудың тамашы бір жолы болып табылады. Бір реттік парольді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады.Осылайша, жақында ЭЦҚ-ғабайланыстырмай-ақ өзге демемлекеттік қызметтерді алуға болады»,- дедіА.Оспанов.
Айтпақшы, бір реттік парольді алу үшін азаматтар электрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасына тіркеле алады.
Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, пилоттық режимде іске асырылды. Қазіргі кезде басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процестерін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары
бір күнге ХҚКО инспекторлары болды
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, Департамент директоры Ергалиев Руслан Амандықұлы бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал оның орынбасарлары өз қолымен құжаттарды қабылдады.
Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, «Дублер күні» бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілуде. «Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл» және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді»- деді Абылайхан Оспанов.
Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін 349 фронт-офис, оның ішінде Ақтөбе облысында 24 фронт-офис жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Депутаты сената парламента посетили госкорпорацию
«Правительство для граждан»
Депутаты Комитета по экономической политике, инновационному развитию и предпринимательству сената парламента посетили объекты «Правительства для граждан», а в ходе круглого стола обсудили работу госкорпорации, итоги за год и планы ее дальнейшего развития с министром информации и коммуникаций Дауреном Абаевым, вице-министром национальной экономики Сериком Жумангариным и председателем правления государственной корпорации «Правительство для граждан» Аблайханом Оспановым.
В ходе визита сенаторам наглядно продемонстрировали реализацию сотого шага Плана Нации «100 конкретных шагов», показав объекты корпорации «Правительство для граждан» по каждому из направлений ее работы: оказание госуслуг по принципу «одного окна», начисление социальных выплат и ведение земельного кадастра и техническое обследование недвижимого имущества.
Рабочая поездка началась с посещения отдела Центра обслуживания населения в селе Акмол Целиноградского района. Особое внимание участники обратили на работу сектора самообслуживания «Connection Point», в котором граждане могут получать государственные услуги самостоятельно через портал электронного правительства. В департаменте земельного кадастра и технического обследования недвижимости по г. Астана сенаторов ознакомили с работой автоматизированной информационной системы государственного земельного кадастра и государственной базы данных регистра недвижимости. А во время визита в межведомственный расчетный центр социальных выплат депутатам сената рассказали, как происходит начисление социальных выплат с момента приема документов до формирования электронного макета дела.
Напомним, «Правительство для граждан» начало свою работу в апреле 2016 года. В состав новой госкорпорации вошли четыре действующие республиканские государственные предприятия: «Центр обслуживания населения», «Научно-производственный центр земельного кадастра», «Центр по недвижимости» и «Государственный центр по выплате пенсий». За год работы «Правительство для граждан» оказало более 37 млн. государственных услуг.
В задачах - внедрение этапа трансформации 2.0, который позволит госкорпорации стать основным драйвером изменения отношений гражданин-государство, ориентируясь на принципы простоты, доступности, качества и комфортности при получении государственных услуг.
Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.
Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал 1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.
Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен.
Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны
тағы 53 қызметке артты
Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.
Мемлекеттік корпорацияда ауылшаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсіп кешені) саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомствоішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат беруді рәсімдеуге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр. Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттігі жоқ. Демек, аталмыш қызметтерді мемлекеттік корпорацияның басқа қызметтері сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз алуға болады.
Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездері азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тіркеуден өткен.