«Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Қуаныш Арыстанұлы Бегалиев
«Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
79-0-60
Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі туралы мәлімет және 2016 жылдың І –жарты жылдығында атқарған жұмыстары.
Қобда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеті ауданымызда дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, әр түрі бойынша құрама команда жасақтап облыстық жарыстарға қатысулары үшін қолайлы жағдайлар жасау,балалар мен жасөспірімдердің спортын дамыту, тұрғындардың әр түрлі санаттары арасында - мүгедектердің, денсаулығы нашарлаған адамдар арасында спорт жұмыстарын үйлестіру, тұрғындарды сауықтыру мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, салада ақпаратты жүйенің қалыптасуын қамтамасыз ету,
дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын нығайту, дене шынықтыру мен спорт мекемесін спорт құралдарымен, жабдықтарымен, спорттық формалармен жарақтандыру, аудандағы дене шынықтыру мен спорт қызметтерін қамтамасыз ету, ауданымзда спорт түрлерінен спорттық іс-шаралар ұйымдастыру.
Ауданымызда 148 спорттық құрылымдар жұмыс жасауда, оның ішінде 2 стадион (Қобда БЖСМ стадионы 80 орындық және И.Құрманов ат. ОМ стадионы 600 орындық), 24 спортзал, 2 бейімделген спортзал, 120 спорт алаңдарында 4816 адам (24%) спортпен тегін шұғылданады. Оның ішінде 2694 жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар, 147 көпсалалы колледж оқушылары, 508 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады және 1467 аудан тұрғындары.
Ауданымызда 232 спорттық іс-шаралар өткізілді, оған 4325 адам осы спорттық іс-шараларға қатыстырылды. Тұрғындар арасындада спорттың 15 түрінен жеңіл атлетикалық кросс, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисі, баскетбол(ер, әйелдер), гір көтеру, волейбол(ер, әйел), жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, қол күрес, қазақ күресі және еркін күрестер аудандық жарыстар өткізілді. Аудандық ардагерлер арасындағы спартакиада және аудандық «Ақ бидай -2016» жазғы спартакиадасы өткізілді. Әлия ауылында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне арналған облыстық волейболдан жарыс, Қобда ауылында КСРО-ның білім беру, мәдениет, дене шынықтыру және спорт істерінің үздігі Бақдаулет Өрбісіновты еске алуға арналған облыстық еркін күрестен турнир өткізілді.
Аудандық командамыз облыстық шаңғы спорты жарысына қатысып жасөспірімдер арасында 1-орынды және ересектер арасында 2-орынды жеңіп алдық. Шаңғы жарысынан облыстық біріншілікке қатысып командамыз 2-орын алды. Президенттік қысқы көпсайыстан облыстық чемпионатқа қатысып 2-орынды жеңіп алдық. «Ақтөбе» газетінің сыйлығына арналған шаңғы спорты жарысында командамыз 2-орынды жеңіп алдық. Облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы шаңғы спорты жарысында командалық есепте 3-орын алдық. Баскетболдан әйелдер арасында облыстық чемпионатта 2-орын алдық. Женіл атлетикадан облыстық чемпионатта командамыз 2-орын алды. Дене дайындығынан облыстық чемпионатқа қатысып командамыз үшінші орынды жеңіп алды. Волейболдан облыстық жарыста оқушыларымыз 1-орынды жеңіп алды. Ересектеріміз волейболдан Байғанин ауданында өткен турнирде 3-орынды жеңіп алды. Кикбоксингтен Қобда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттығушысы және 8 класс оқушысы Есенғазы Қазбек республикалық чемпионаттың екі дүркін жеңімпазы атанып және Орта Азия біріншілігінде 1-орынды жеңіп алды. Дзюдо күресінен облыстық жарыстарда Талдысай ОМ оқушылары Жұмағазы Мұрагер, Құлжабай Әбілмансұр, Азамат Шабаров жеңімпаз атанды. Облыстық ардагерлер арасындағы спартакиадасында жеңіл атлетикадан Ж.Каракулова 1-орынды, қазақ күресінен Ж.Байчеркасс 1-орынды, гір спортынан А.Кенбаев 3-орынды, стритбол жарысында ерлер командасы 2-орынды жеңіп алдық.
Облыс әкімінің тапсырмасына орай аудандық бюджеттен бөлінген 15 млн.теңгеге Қобда ауылында көпсалалы хоккей корты құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Аудан мектептерінің материалдық техникалық базасын жаңартуға 1,5 мың.теңге аудандық жасөспірімдер мектебінің базасын толықтыруға 1,4 мың.теңге бөлінді.