Басшысы "Нұр болашақ"

ӨМІРБАЯН.
Мен, Ертлеуова Жұмазия Сайлауқызы Қазақстан Республикасының азаматшасы, 18 қазан 1968 ж. Орал облысы , Шыңғырлау ауданы , Жанакөш ауылында дүниеге келдім. 1975 жылы Жанакөш ауылында, сегізжылдық мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепті 1983 жылы 8 сыныбын, Шыңғырлау ауданында 10 сыныпты оқып бітірдім.1985 жылы Орал қаласындағы педагогикалық училищесіне түсіп , 1987 жылы бітіріп, « Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі» мамандығы бойынша диплом алып шықтым. Училищені бітіргеннен кейін Жанакөш ауылында балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқардым. Осы уақытта ең үздік тәрбиеші сайысына қатысып 1 орынға ие болдым.1989 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институтқа түсіп ,1993 жылы «Мектепке дейінгі педагогика және психология пәні оқытушысы және методисі » бойынша диплом алдым. Ақтөбе қаласындағы №20 «Дидар» балабақшасында тәрбиеші, «Аққайың» балабақшасында әдіскер, 2001 жылы «Жұлдыз» санаториялық түрдегі балабақшада тәрбиеші болып, әдіскер қызметіне ауысып,2013 жылға дейін қызмет атқарып келдім.Осы уақыт аралығында Республикалық ,облыстық семинарларға,ғылыми практикалық - аймақтық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибелеріммен бөлістім. 2011 жылы «Жыл он екі ай» атты әдістемелік құралым облыстық біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында жарық көрді.Республикалық журналдарда да басылымдарым басылды. Облыстық біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында 2011-2013 жылдары тұрақты дәріс бердім. 2011 жылы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» деп танылып,облыс әкімінің грантына ие болдым.Облыстық біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының,Ақтөбе қалалық білім бөлімінен «Алғыс хаттарымен»,Құрмет грамоталарымен марапатталдым.Қазіргі уақытта Қобда ауданы, Қобда ауылында «Нұрлы болашақ» балабақшасында директор қызметін атқарып келемін.