Жастармен жұмыс жөніндегі Ресурстық орталығы

«Жастармен жұмыс жөніндегі Ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық деңгейде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қолдау көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.Мекеме Қобда ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №202 қаулысымен құрылды.Қобда ауданы әкімдігі мекеменің құрылтайшысы болып табылады.Мекеменің тұрған жері Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы ,Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 үй.Мекеме қызметінің мәні Қобда ауданы мекемелерінің, ауылдық округтерінің,жастар қоғамдық бірлестіктерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қызметін үйлестіру болып табылады. Мекеме қызметінің мақсаты- жастардың азаматтық бастамаларын, рухани- адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және діни күш- қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Астана күні мерекесі Қобда ауданында салтанатты түрде атапөтілді.Аудандық мәдениет үйінде жиналған жұртшылықты ауданәкімі М.Шермағанбет құттықтады. Өз сөзінде мемлекетіміздің дамуындағы жаңа Астананың айрықша маңызын атап өтті. Мерекеге арналған концерт халықтың көңілінен шықты. Мереке аясында Қобда ауылында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, тұрғындарға арзандатылған бағамен ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды. Мерекелік шарадан соң Қобда ауылының тұрғындары аудандық "Шәріпмолда" мешітінде бас қосты. Шараға аудан әкімі қатысып, тұрғындарды Ораза айт мерекесі мен құттықтап, өз сөзінде ағабуын өкілдерін жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге, халықты ауызбіршілікке үндеді.
"Қобда аудандық жастар ресурсты қорталығы" КММ-ніңұйым дастыруымен 2016 жылдың 5 шілдесіне Сарбұлақ ауылында "Тәуелсіз елдің жүрегісенсің- Астана!"атты шығармашылық байқауын өткізді. Байқау 4 кезеңнен тұрды:1.Таныстыру;2. "Тәуелсіз елдің жүрегісенсің- Астана! атты слайд көрстелімі;3. Сұрақсайысы4. Өзөнерінкөрсету:Байқау қорытындысы бойынша 3 орынды Білтабан ауылы, 2 орындыСарбұлақ ауылы, 1 орынды Бегалы ауылы, жүлделі орынды И.Құрманов ауылының жастары қанжығасына байлады. Байқау өте қызықты өтті, жастар дайындықпен келген. Кеш соңында жастар орталығы қатысушы командаларға алғыс хаттар мен, сыйлақтар табыстады.