Қабылданған

ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ
2016 жылдың 14 желтоқсанда Қобда ауылдық округіне қарасты аудандық мәдениет үйінде жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтті, күн тәртібіндегі мәселе, Қобда ауылындағы Астана көшесінің шығыс жағын - Алтай батыр Ебескіұлының атына өзгерту туралы ұсынысты қарау.
Жиынға Қобда ауылының 80 тұрғындары және соның ішінде Астана көшесінің 61 тұрғындары қатысты, оның ішінде 5 адам жергілікті қоғамдастық жиынының мүшелері. Жиын төрағасы қатысушыларға Алтай батыр Ебескіұлына қатысты құжаттарды ұсынып, өмірбаянымен таныстырды. Жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушы мүшелері ұсынысты жан-жақты талқылап оң қолдау тапты. Қобда ауылындағы «Астана көшесінің шығыс жағын» (оған кіретін үйлер саны - № 94, 96, 97/1, 97/2, 98/1, 98/2, 99, 101/1, 101/2, 103/1, 103/2, 105/1, 105/2, 107, 109, 111, 113) – «Алтай батыр Ебескіұлы» атына өзгерту туралы ұсынысты облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын болды. Жолдау туралы шешім қабылдады.
Ауылдық округ әкімшілігі