Әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес Қобда ауданы бойынша осы жылдың 5 айында облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан былай АӘК) 99 отбасының 482 адамына 13,4 млн. теңге көлемінде тағайындалып, төленді және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 136 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті (азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдар) берілді .
Атаулы әлеуметтік көмектің шартты түрін алушылар қатарындағы 21 еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның 14-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 7 адам уақытша шаралармен қамтылды.
Осы жылдың 16 наурызы мен 11 мамыр аралығында Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты 1 сәуірден бастап АӘК-ке 2-ші тоқсанға жаңадан жүгінушілерге құжат тапсырудың оңтайландырылған тәртібі енгізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне шығарылған бұйрығына сәйкес, осы жылдың 1-ші тоқсанында АӘК алушыларға ешқандай құжат тапсырмастан алып отырған атаулы әлеуметтік көмектері ұзартылды (пролонгация), ал жаңадан құжат тапсырушылар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырған болатын.
Осылай, облыс бойынша 1-тоқсанда 100 отбасы әлеуметтік көмек алса, 2-ші тоқсанға 99 отбасына АӘК ұзартылды, 1 отбасына тағайындалған АӘК-тің түрлі себептермен тоқтатылуына байланысты ( ұсынылған жұмыстан бас тартуы) екінші тоқсанға ұзартылу жұмыстары жүргізілмеді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 3-ші тоқсанның басталуына және төтенше жағдайдың тоқтатылуына байланысты, атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау белгіленген заңға сәйкес жүргізіледі.
Қолданыстағы Заңның негізгі ұстанымы – мемлекет көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға және бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектесу.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі ең басты шарттардың бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек түрінде көмек көрсете отырып, бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының белсенді шараларын қолдану.
Жұмыссыздарға бос жұмыс орындарына, мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарға жұмысқа орналасуды, өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микрокредит және қайтарымсыз гранттар алуды ұсыну.
Отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын белгіленген тәртіппен құжат тапсыру арқылы расталады.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде табыс ретінде мыналар ескерілмейді:
- атаулы әлеуметтік көмек;
- тұрғын үй көмегі;
- жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
-бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
- стипендиялар, қайырымдылық көмектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне төленетін мемлекеттік жәрдемақылар;
АӘК алу үшін жиынтық табысын есептеу кезінде ескерілетін табыстар:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын барлық табыс, оның ішінде бір жасқа толғанға дейінгі балаға төленетін жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына төленетін мемлекеттік жәрдемақы, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары бар отбасыларына тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
2) алимент түріндегі табыс;
3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс;
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін табыс т.б. кірістер;
ЕСКЕРТУ: Төтенше жағдай уақытында табысын жоғалтуға байланысты төленген 42500 теңге кіріске кірмейді, алайда атаулы әлеуметтік көмек алушы өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде жариялап бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеп 42500 теңге алған болса, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған табыс ретінде айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес (69450 теңге) мөлшерінде кіріс болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылдың басында аз қамтылған азаматтарды кедейшілік деңгейінен шығару, жұмыссыздықты қысқарту және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында белгіленген жұмыстар атқарылды.
Ауданда 2012 жылы 7 айында 284 жаңа жұмыс орындары ашылды, жылдық жоспар 95 пайызға орындалды.
Жұмыспен қамту бөлімінің ықпалымен 2012 жылы 503 азамат жұмыспен қамтылды, соның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастардың 145-і уақытша және мерзімді жұмыстарға орналасты.
Әлеуметтік жұмыстарын ашу үшін жергілікті атқарушы органы ауданның 46 мекемелерімен және ұйымдарымен келісім шартқа отырды. Халықтың мақсатты топтарына қатысты 116 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, соның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастардың 17-сі уақытша және мерзімді жұмыстарға орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтардың орташа еңбек ақысы бір айға 30,0 мың теңгені құрды.
Жастар тәжірибесі бағдарламаларын күшейту үшін 22 мекемелермен және ұйымдармен келісім шартқа отырылды, 31 кәсіби жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектер жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 31-і жастар тәжірибесіне жіберілді, аяқтаған соң соның 1-і тұрақты жұмыс орнына орналасты.
Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту жұмысы 2012 жылы 147 азамат қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілді, соның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар
саны 36.
2012 жылдың 1 тамызына аудан бойынша 36 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр. Жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайыз.
Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды келесі мекемелермен бірігіп орындауда:
Қобда аудандық білім және спорт бөлімі - 8
Қобда аудандық орталық ауруханасы - 1
Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі - 1
Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығының «Жұмыспен қамту -2020» Бағдарламасын іске асыру барысында атқарған жұмыстары.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады;
Бірінші бағыт: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
2012 жылға кәсіптік оқуға барлығы 80 адам жоспарланып отыр. Бағдарлама бойынша Ақтөбе қаласы колледждеріне 2 жыл 6 айға – 12 адам Жұмыспен қамту орталығына тіркеліп жолдамаларын алды. 65 адам қайта даярлау курсына жіберілген. Қобда ауданының № 15 Кәсіптік лицейіне қайта даярлау курсына трактор машинист -20, жануарларды өңдеу ветеринар маманына - 22 адам, жылу қазандары жабдықтарын тексеруші- жүргізуші мамандығына -23 адам жолданды.
Жалақыны ішінара субсидиялау Бағдарламасы бойынша 2012 жылға 17 835 мың теңге бөлінген қаражаттың 8 605,0 теңгесі игерілді. 2012 жылдың 1 маусымының №01-04/9 бұйрығымен осы бағыт шеңберінде жалақыны ішінара субсидиялау Бағдарламасы бойынша 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен, 4 жеке кәсіпкерден және 37 шаруа қожалықтарынан өтінім қабылданып, әлеуметтік жұмыс орындарына -100 адам жолданды. (қосымша 1 бетте) Ақырап а/о - 4 ш/қ , Бестау а/о - 1 ш/қ, Жарсай а/о - 1 ш/қ, Жарық а/о - 6 ш/қ, Жиренқопа а/о - 1 ш/қ, Құрсай а/о - 3 ш/қ, Қызылжар а/о - 5 ш/қ, Сарбұлақ а/о - 3 ш/қ, Сөгәлі а/о - 2ш/қ, Терісаққан а/о – 1 ш/қ, Өтек а/о - 2 ш/қ, Бұлақ а/о 1 ЖСШ және 1 ш/қ, И.Білтабанов ат.а/о 1 ЖШС және 2 ш/қ, Қобда а/о 5 ш/қ және 4 ж/к-ке. Олардың орта айлық жалақылары 51 230 теңгені құрады.
Жастар тәжірибесі бағдарламаларын күшейту үшін «Жұмыспен қамту– 2020» бағдарламасымен 2012 жылға жоспар бойынша сомасы 8 363 мың теңгеге 45 адам жоспарланған. 43 азамат жастар тәжірибесіне жіберілді. Қазіргі кезде орта және жоғары оқу орындарының түлектерінің құжаттары қарастырып әлі де түлек жастар тәжірибесіне жолданады.
Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
Жоспар бойынша 2012 жылға 10 адамға жалпы қаражат көзі 25 млн теңгені құрайтын микрокредит жоспарланып отыр. Бұл бағыт бойынша 41 азамат, яғни Ақырап а/о 4 адам, Бегалы а/о 2 адам, Бұлақ а/о 1 адам, Терісаққан а/о 2 адам, Білтабанов ат.а/о 2 адам, Жарсай а/о 1 адам, Жарық а/о 1 адам, Жаңаталап а/о 2 адам, Жиренқопа а/о 1 адам, Қобда а/о 18 адам, Қызылжар а/о 1 адам, Құрманов ат. а/о 1 адам, Сарыбұлақ а/о 4 адам, Өтек а/о 1 адам өтінім тапсырды. Соның ішінде 10 азамат аудандық комиссиядан өтіп, қазіргі танда 8 азамат несиелерін алды. (Джалиев А.Г., Куттыбаев Т.Н., Утенова У.Б., Каиров Д, Чужанов Б, Утенов А.А, Айтмаганбетов Е, Нурписов Алибек) Аудандық комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі МҚҰ «Ақтөбе ауыл микрокредитке» берілді.
Ал инженерлік – коммуникациялық инфрақұрлымға жалпы сомасы 3,5 млн.теңге бөлінді. Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрлымға 2 адам Куттыбаев Талгат және Утенова Умит су және электр жүйесіне өтінім тапсырды.
2012 жылға осы бағыттың кәсіпкерлік негіздеріне оқуға – 8 азамат жіберіліп сертификаттарын алды. Олар: Амантурлиева Акжамал Айжановна, Биксембаев Аскар Садыкович, Нурписов Алибек, Каиров Дархан, Айтмаганбетов Ерболат Бауржанович, Сафиева Айжан Сагудуллаевна, Мирзабеков Серик Турсынович, Имангазин Назар Темурович
Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму көрсеткіштері жоғары елді мекендерге өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.
Аудан бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендер жоқ.
Төртінші бағыт ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша Қобда орыс мектебіне 24 млн теңгеге және аудандық орталық ауруханасына 64 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Қобда орыс орта мектебіне 12 азамат, аудандық орталық ауруханасына 32 азамат жұмысқа жолданды.
Добавлено: 
19.07.2012 - 05:00
Последние изменения: 
18.06.2020 - 05:00