Мектептер

Ауданда 37 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның: 22 орта, 9 негізгі, 6 бастауыш мектептер. 1 №15 кәсіптік лицей, мектептен тыс және мектепке дейінгі мекемелер: БЖСМ (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі), Оқушылар үйі, музыкалық мектеп, 12 мектепке дейінгі балалар мекемелері-Қобда а.-80 орындық, Қобда а.-70 орындық мектеп-бала-бақша, Калиновка а.-30 орындық, Құрсай, Терісаққан, Жиренқопа, Әлия, Бегалы, Қызылжар, Ақырап ауылдарында әрқайсысында 25 орындық, Егіндібұлақ а. 50 орындық бала-бақша, Сарбұлақ а. мектеп-бала-бақша жұмыс істейді.
2009 жылдың 1 қаңтарына 32 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Оның ішінде 95 төсектік аудандық орталық аурухана, 10 төсектік ауылдық аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт.
2009 жылдың 1 қаңтарына аудандағы балалар саны 5416, оның 1677 мектеп жасына дейінгілер.
Ауданда 42 мәдени мекеме қызмет істейді. Оның 19 ауылдық клубтар, 1 аудандық Мәдениет үйі, 22 кітапхана, 1 мұражай. 141 спорттық нысандарда 5031 адам қамтылған.
Аудан экономикасы саласында 7269 адам қамтылған. Оның ішінде 2439 адам жалдамалы, 4830 адам өз бетінше еңбек етеді.
Жұмыссыздық деңгейі жалпы экономикалық белсенді тұрғындардың 0,8 пайызы. 2008 жылы 412 жаңа жұмысы орыны ашылды.
Ауданда 206 аз қамтылған тұрғындар анықталған. Бұл көрсеткіш жалпы тұрғындар санының 1 пайызы болып табылады. 178 аз қамтылғандарға 2920,7 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аудан кәсіпорындары мен ұйымдары арқылы 67 аз қамтылғандарға 331,7 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қобда ауданы білім беру ұйымдарындағы күрделі жөндеу, жылу қазандықтарын орнату туралы
1.Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Өтек мектеп-балабақшасы» және «Құрсай орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік сатып алу бойынша Қостанай қаласындағы «Титан» жылуэнергетикалық компаниясы арқылы жалпы құны 38000,0 мың теңгеге блокты-модульдік қазандықтар сатып алынды және қазіргі уақытта орнатылып, комиссия арқылы қабылданды.
2.Қобда ауылындағы «Қобда орыс орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты ағымдағы жылы толық күрделі жөндеуден өткізілуде.Мемлекеттік сатып алу бойынша тендер жеңімпазы танылған «Батысоптторг ХХІ ғасыр» ЖШС жасалған келісімшарт бойынша қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде.Күрделі жөндеу жұмыстары негізінен жылу жүйелеріне, ғимарат қоршауы, құбырларға, фасадқа жасалды.Жұмыс комиссиясы арқылы жөндеу жұмыстарының барысы туралы қорытындысы шығарылып, мемлекеттік қабылдау комиссияның нысанды қабылдауы 2012 жылдың 25 тамызына белгіленді.