Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белгілі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2011 жылдың 3 мамырындағы № 154 қаулысымен Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен бірге, облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған материалдар, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіретін мақалалар жарияланып тұрады.
Облыстың мемлекеттік мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен арыздарына арналған жәшіктер орналасып, жұмыс істеуде. Сонымен бірге, мемлекеттік органдарда «сенім телефондар» жұмыс жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықты құқықтық ақпараттандыру мақсатында, Ақтөбе облысы әкімдігінің akto.kz сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты бөлімі жұмыс жасауда.
Бұдан басқа, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия жұмыс жасайда. Тоқсан сайын комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемалары талқыланып, жергілікті атқарушы органдарының басшылары тындалады.