6. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің есебі туралы

2015 жылға Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы
Есебі
Ауданның жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сүйене отырып мемлекеттік қызметтер көрсетеді, сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі бекітілген жаңа мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 730 түрі болса, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтер 71 түрі көрсетіледі.
2015 жылы ауданда 43 882 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Есептік кезеңде жергілікті атқарушы органдарымен баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 3 931 рет көрсетіліп, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы – 3 493 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үлесі 88,9%-ды құрады.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 779 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 710 мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы көрсетіліп, тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 91,1 %-ды құрады.
2015 жылы 4 027 мемлекеттік қызмет электрондық түрде және 32 882 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар үлесі 10,9 %-ды құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік органдарда, тұтынушының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері орналастырылған ақпараттық стендтермен жабдықталған.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ресми интернет ресурстарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, шағымдану тәртібі, көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушінің байланыс мәліметтері, сондай-ақ қызметті онлайн режимінде алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» тарауы бар.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға келесідей міндеттер қойылды:
- электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарын жалғастыру.