БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

09.10.2017 года
23.08.2017
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5 сұраққа жауаптар әзірледі.
Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ ашуға бола ма?
2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді.
Жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтініш беру рәсімі мейлінше қарапайым – ЭЦҚ арқылы авторланып, ұсынылған өтініш нысанының міндетті бағандарын толтырса жеткілікті. Бір ай ішінде бұл қызметті (2017 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша) 27 адам пайдаланып үлгерген.
Бұдан басқа, әлеуетті салымшы үшінші бір тұлғаның атына сенімхат рәсімдеп, өзінің орнына БЖЗҚ кеңсесіне барып тиісті өтінішке қол қоюға қатысты оған барлық құқықты бере алады.
Айта кетелік, сенім артылған тұлға Қор кеңсесіне өтініш жасауға барғанда жеке басын куәландыратын құжатты, нотариат куәландырған сенімхат немесе сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін және салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуы қажет.
Зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануға болады?
«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы болжамдық сипатқа ие. Таяу жылдары құрметті демалысқа шығатын адамдардың алатын зейнетақы төлемдерінің сомасын дәл есептеу үшін қосымша ақпараттар қажет. Дегенмен, осы калькулятордың көмегімен болашақ зейнетақының неден құралатындығын және оның мөлшерін қалай алдын-ала жоспарлауға болатындығын түсінуге болады.
Калькуляторды Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінен табуға болады.
Болжамды зейнетақыны есептеу үшін ұсынылған нысанды толтыру қажет. Оған салымшының жынысы мен туған күнінен бөлек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы, ерікті жарналардың мөлшерлемесі, шегерімдерге дейінгі жалақы сомасы, 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі енгізіледі.
Егер 1998 жылғы дейінгі еңбек өтілі немесе ерікті жарналар жоқ болса тиісті бағанға «0» деген санды енгізу керек.
Зейнетақы калькуляторы арқылы жинақтаушы, ортақ, базалық және ерікті зейнетақы төлемдерін есептеуге болады. Бұл есеп белгілі бір шамалар бойынша жорамалдарға негізделген. Олар: инвестициялық табыстылық пен жалақының өсімі. Есептеу нәтижесі оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетіледі.
Есептеудегі «Ауыстыру коэфициенті, яғни соңғы жалақыдан зейнетақы үлесі %-бен» деп аталатын соңғы жолға баса назар аударған жөн.
1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенциясына сәйкес ауыстыру коэффициентінің нормасы 40% болуы тиіс. Яғни, зейнетақы жұмыскердің еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиіс.
Егер ауыстыру коэффициенті «стандарттан» немесе өзіңіз күткен зейнетақы төлемдерінен төмен болатын болса, онда зейнетақы жарналарының көлемі мен жиілігін арттыруды және ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді ойластырған абзал.
Алдағы уақытта базалық зейнетақы төлемдерінің зейнетақы жарналарын жинақтау өтіліне байланысты есептелетіндігі туралы естідім. Осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз.
Бүгінде елімізде зейнеткерлердің барлығы бірдей 14 466 теңге көлемінде базалық зейнетақы төлемдерін алады. Бірақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Мұнда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты тағайындалады. Бұл жерде 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де ескерілетін болады.
Егер қатысу мерзімі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады, ал 35 жыл және одан көп болатын болса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне тең болады және одан асырылмайды.
Жаңа енгізілімнің арқасында еңбек өтілі жоғары адамдар үшін базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі екі есеге дейін артуы мүмкін. Бұл зейнетақының өсуіне септігін тигізері сөзсіз.
Осылайша, адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру көзделіп отыр. Яғни, зейнетақы жинақтарының көлемі өскен сайын, болашақта алатын зейнетақының мөлшері де арта түседі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ, оның ресми сайты арқылы жолдауға бола ма?
2017 жылғы 30 маусымнан бастап зейнеткерлік жасқа толуға (ерлер 63 жас, әйелдер 58 жас) немесе 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті БЖЗҚ веб-сайты арқылы жолдауға болады.
Жаңа сервисті зейнеткерлік жасқа толған немесе I және II таптардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген салымшылар Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімі арқылы пайдалана алады. Бұл үшін зейнетақы Қорында олардың міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болуы шарт. Одан бөлек, зейнетақы төлемдерін тағайындау және/немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы қолданыстағы (бұған дейін Қорға ұсынылған) өтініш болмауы керек.
Бұл операцияны жүзеге асыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Одан басқа, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтінішті беру үшін Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет. Ұсынылған нысанды толтырып болған соң өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.
«БЖЗҚ» АҚ-та тіркелген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мәртебесін Қордың ресми сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөліміндегі «Зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтініштің орындалуын бақылау» қызметі арқылы тексеруге болады.
Бұл қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ кілті немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен пароль керек.
Зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?
Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшалар салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайдың өзінде БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31, 32, 33 баптарына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар толық көлемде және заңнамада белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Одан басқа, Заңға сәйкес, салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Бірақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Егер, жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының зейнетақы шотында қалған қаражаттың сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылып төлененді.
Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексінің 158, 160 және 170- баптарына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан аталмыш кодекстің 158-бабының 1-тармағына сәйкес алушының БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысына Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдерді ескере отырып 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.
Қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагері оның зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, сондай-ақ пошта байланысы немесе сенім артылған адам арқылы өтініш бере алады.
Мұрагер өтінішке қоса мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімін ұсынуы тиіс.
Ұсыну тәсіліне қарай құжаттардың тізімі Қор сайтының «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі» - «Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері» бөлімінде қолжетімді.
Құжаттар пакеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.
19.07.2017
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ
1. enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тіркелуге болады?
Жеке кабинетте тіркелу үшін, алдымен ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сіз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, ақпарат алу тәсілін өзгерту жөнінде қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады. «БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзінді-көшірме» бөлімінде тіркелген кезде енді логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзіңіз, яғни пароліңіз ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиіс және сандардан әрі латын әріптерінен құралуы керек.
2. БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ тұрғылықты мекенжай туралы деректемелерді өзгертуге бола ма?
Өкінішке қарай, әзірге жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келмей жеке деректемелерді өзгерту мүмкін емес. Зейнетақы жинақтарының құпиясы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңымен қорғалады. Сондықтан, біз деректемелерді салымшының/алушының өзі өзгертіп жатқандығына көз жеткізуіміз қажет.
Қазіргі таңда БЖЗҚ-ның бүкіл республика бойынша 231 бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімшелер жұмыс күндері таңғы сағат 08:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күндері түске дейін жұмыс істейді.
БЖЗҚ-ға келген соң сіз тек жеке деректемелеріңізді өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар зейнетақы шотыңыз жайлы ақпарат алудың өзіңізге ең ыңғайлы тәсілін таңдай аласыз. Олар ақпаратты электронды пошта немесе enpf.kz сайтының жеке кабинетіндегі интернет-хабарландыру тәсілдері болуы мүмкін.
Қазіргі таңда БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға көрсететін қызметтер қатарын кеңейтуге күш салып жатыр. Көп ұзамай салымшылар мен алушыларға Қор сайтындағы жеке кабинетке кіріп деректемелерді өзгерту мүмкіндігі беріледі.
3. Егер мен зиянды өндірісте істейтін болсам, жұмыс берушім мен үшін қосымша жарна төлеуге міндетті ме?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде белгіленеді.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына жүзеге асырады.
Мұндай жұмыстардың тізімі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-ші қаулысымен бектілген.
Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндірістік нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесінде тізімнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушілер бұл үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды.
Жұмыс беруші жұмыскерлеріне айлық жалақы төлегенімен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дер кезінде аудармаған болса, оны мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе жұмыс берушілер 2,5 еселік ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі шамасында есептелген өсімпұлмен қоса төлеуге міндетті. Бұл ретте мерзімі өткізілген әр күнге белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өкілетті орган бекітетіндігін айта кеткен жөн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс беруші БЖЗҚ-ға өзінің жұмыскерлері үшін міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға міндетті. Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, жұмыскердің пайдасына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебінен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуі мүмкін.
4. Жарналардың дер кезінде аударылуын және жеке зейнетақы шотының жай-күйін қалай білуге болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады. Нақты айтар болсақ:
- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.
Мінеки, Сіз осы тәсілдердің ішінен өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз. Ал біз Сізге зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін интернет, яғни онлайн қызметтері (www.enpf.kz, www.e-gov.kz және ұялы қосымша) арқылы алуға кеңес береміз. Бұл Сізге кез келген уақытта, кез келген жерде зейнетақы шотыңыздың жай-күйін тез арада біліп отыруға мүмкіндік береді.
Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жергілікті бөлімшесіне барып өтініш білдіруіңіз қажет. Сол жерде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсілін таңдайсыз. Сөйтіп ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейін, логин мен құпия сөзді (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйін осы ұялы қосымшадан көруіңізге болады.
Бұл үшін әрине ұялы телефоныңыз Wi-Fi интернет желісіне жалғануы тиіс.
Айтпақшы, салымшы үзінді көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.
5. Мен Қазақстанның бұрынғы азаматымын. Ресей Федерациясының азаматтығын алдым. Айтыңызшы, мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды қалай алуыма болады және бұл үшін зейнетақы Қорына қандай құжаттарды тапсыруым керек?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам
Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.
Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алуға арналған құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында мына сілтеме бойынша жайғастырылған: http://www.enpf.kz/ru/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php.
Сонымен қатар сайтта БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады.
21.06.2017
БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді
БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда.
Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиімді сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді.
«Мобильдік агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, режимдік және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдік агент» қызметін пайдалана алады.
Одан басқа, көшпелі топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бірақ бұл үшін олардың саны жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудің электрондық тәсіліне барынша ауыстыру шараларын жүргізеді және ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.
Қазіргі таңда жоба аясында бірқатар қызметтер көрсетіледі. Олар:
¾ жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;
¾ деректемелерді өзгертуге арналған өтінішті толтыру;
¾ ақпарат беру тәсілін өзгерту (айқындау) бойынша қосымша келісімді рәсімдеу;
¾ ЖЗШ бойынша үзінді-көшірме беру;
¾ шарттардың көшірме нұсқасын беру;
¾ зейнетақыны жеке және корпоративтік жоспарлау моделін (зейнетақы калькуляторларын) қолдана отырып кеңес беру;
¾ ақыл-кеңес беру;
¾ таныстырылымдар өткізу;
¾ зейнетақыны төлеуге арналған құжаттарды қабылдап алу немесе мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектер үшін зейнетақы жинақтарын аудару.
2017 жылдың алғашқы 4 айы ішінде «Мобильдік агент» жобасы аясында 2 326 көшпелі шара өткізіліп, 71 908 операция жасалды. Олардың ішінде жеке зейнетақы шотын ашу бойынша 740 шарт, ақпарат беру тәсілін өзгерту туралы 19 678 келісім жасалды. Сонымен қатар 18 282 үзінді-көшірме берілді.
Салымшыларға көшпелі қызмет көрсету одан әрі жетілдіріліп жатыр. Алматыда 2017 жылғы 18-19 мамырда Қор басшылығының қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының жыл сайынғы семинар-отырысы болып өтті. Онда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру аясында БЖЗҚ бөлімшелері жоқ, шалғайдағы елді мекендер үшін «Мобильдік кеңсе» қанатқақты жобасын іске қосу мәселесі көтерілді.
Қазіргі таңда агенттер салымшыларға алып жүруге ыңғайлы компьютер және құжаттар топтамасымен баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникамен және жер серігі байланысымен жабдықталатын болады.
Бұл өзіндік бір көшпелі қызмет көрсету орталығы іспеттес. Онда барлық қызметтер онлайн режімінде көрсетіледі. Қанатқақты жобалар аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды.
Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп. Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден алыста орналасқан.
«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады.
Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.
08.06.2017
«БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап береді...
Таяуда, ағымдағы жылдың сәуір айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді сол арқылы кез келген ниет білдіруші азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайында тікелей сұрақ қоя алады. Сонымен қатар сайт пайдаланушыларына Блог парақшасында ресми жауап қайтарылған сұрақтар мұрағатымен танысуға мүмкіндік берілген. Біздің редакция осы Блогта жарияланған, ең жиі қойылатын 5 сұрақты оқырмандар назарына ұсынуды ұйғарды.
БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерін кім басқарады?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкі сенімгерлікпен басқарады. Бұл заңды 2013 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдағанын еске сала кеткен жөн.
Бұл жерде зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске жүктелген. Бұл Кеңестің құрамына ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Есеп комитетінің, ҚР Парламенті Сенатының, Мәжілісінің төрағалары және қаржы-экономикалық блоктың министрлері енген.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің құрамына: Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі өкілі, Қазақстан Республикасы Парламентінің екі депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсіз сарапшылар кіреді.
Зейнетақы активтері сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына ғана инвестицияланады. Ал олардың тізбесі жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіліп отырады. Бұл қаржы құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің борышқорлық құнды қағаздарымен қатар, теңге, шетелдік валюта және алтынмен салынған депозиттер бар.
Осылайша елімізде зейнетақы активтерін басқару бойынша шешімдер қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесі құрылған.
БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымы туралы бүкіл ақпарат, ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №199-шы қаулысына сәйкес, тоқсан сайын БЖЗҚ интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі.
Бұл ақпараттар сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерден тұрады.
Сәйкесінше бұл мәліметтердің құрамында эмитенттер, қаржы құралдарының түрлері, қаржы құралдары номинирленген валюталар, сондай-ақ, БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының үлестік салмағы, атаулы және ағымдағы құны туралы мағлұматтар бар.
Аталған мәліметтер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында онлайн-режімінде «Инвестициялық қызмет – «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» бөлімінде қол жетімді.
Зейнетақы Қорынан ақшаны зейнеткерлік жасқа жетпей жатып алуға бола ма?
Ағымдағы заң талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын
зейнеткерлік жасқа жетпей жатып пайдалануға болмайды. Өйткені, міндетті зейнетақы жарналарын аударудағы басты стратегиялық мақсат – зейнеткерлікке шыққан салымшының тіршілігін қажеттілігін қамтамасыз ету.
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесі әр түрлі деңгейде бұған дейін талай рет талқыланған. Мысалы, кейбір елдерде «артығымен жинақталған» зейнетақы жинақтарын (зейнеткерлікке шыққан кезде өмір сүруге жеткілікті ең төмен зейнетақы жинағы мөлшерінен артық сома) емделуге, білім алуға және басқа да мақсаттарға жұмсау көзделген. Бірақ, Қазақстанда қазіргі таңда заңнамалық деңгейде бұл бастамалар жүзеге асырылған жоқ.
Бүгінгі таңда ағымдағы заңнама аясында БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңында көрсетілген жағдайлар туындағанда, яғни ерлер 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толғанда (бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда) және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедек жандарға төлене бастайды.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған жағдайлар туындағанға дейін, Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды зейнетақы шотыңыздағы қаражатыңыз ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымдарының бірімен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы ала аласыз.
Бұл ретте осы заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес, ерлер 55 жасқа толғанда; әйелдер 50 жасқа толғанда;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы.
Зейнетақы жинақтарының нақты жеткілікті мөлшері сақтандыру ұйымдарымен жасалатын зейнетақы аннуитеті шартының шарттарымен белгіленеді.
Әрбір сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажет болатын зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерін дербес есептейді.
Дегенмен, зейнетақы аннуитеті шарты негізінде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару тәжірибесіне сүйеніп айтар болсақ, зейнетақы жинақтарының сомасы 55 жастағы ерлер үшін шамамен 7 млн. теңге, ал 50 жастағы әйелдер үшін шамамен 9,8 млн. теңгені құрайды.
Зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аудару туралы шешім қабылдай отырып, зейнетақы аннуитеті шартын тиянақты оқу қажет. Бұл жерде бір жолғы төлемдер мен жылдық төлемдердің мөлшеріне, кепілдендірілетін кезеңге баса назар аударған жөн.
Айтыңызшы, мен азаматтығы жоқ адаммын, Ресейде тұруға ықтияр хатым бар. Осыған байланысты өзімнің зейнетақы жинақтарымды ала аламын ба?
БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.
Бұл тәртіп, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазан­дағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнет­ақы төлемдерін жүзеге асыру қағида­ларында айқындалған.
Мысалы, онда 8-тармақ мынадай редакцияда жазылған:Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақ­тары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;
егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
алушының банк шоты туралы мәлімет­терді ұсынады.«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын, Қазақстан Республикасы мойындайтын бірден бір құжат – шетелдік паспорт болып табылады.
Сондықтан зейнетақы төлемдерін алу үшін ықтияр хат емес, шетелдік паспорт қажет.
Таяуда зейнетақы шотыма мемлекеттік кепілдік бойынша өтемақы келіп түсті. Бұл соманы есептейтін әдістеме бар ма және оны қай жерден көруге болады?
Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекет кепілдігі сомасын есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларымен» айқындалады.
Бұл Қағидалармен біздің сайтта мына сілтеме бойынша таныса аласыз:
Ұялы қосымшаны телефонға қалай жүктеуге және зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені қалай көруге болады?
Смартфондар мен планшеттерге арналған, әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін ENPF ұялы қосымшасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушыларына арналған.
Қосымшаның функционалы Қор туралы маңызды ақпараттарды, сондай-ақ зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
ENPF ұялы қосымшасын сіз App Store (iOS платформасы үшін), Play Market (Android платформасы үшін) және Microsoft Store (Windows Phone және Windows Mobile платформалары үшін) қосымшылар дүкенінен тегін жүктеп ала аласыз.
Авторлану үшін логин және құпия сөз (пароль) керек. Солардың көмегімен салымшы (алушы) Қор сайтында жеке кабинетке кіре алады. Қазіргі таңда логин ретінде өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізсеңіз болғаны.
Егер Сіз хабарлау тәсілі ретінде интернет-хабарландыру қызметін таңдаған болсаңыз сайттың жеке кабинетіне тіркеле аласыз. Ал егер оны таңдамаған болсаңыз, БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жеке басыңызды куәландыратын куәлігіңізбен келіп, хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытта ғана алады.
Бұдан кейін Сіз біздің мамандардың көмегімен сайтта тіркеле аласыз.
17.05.2017
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 ширегіндегі қызметінің қорытындылары
Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзіндік активтері бойынша қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептілік стандартына сәйкестікті расталған. Бұл зейнетақы актвитерінің сақталуын, олардың есебінің дұрыстығын, зейнетақы активтері инвестицияланған қаржылық құралдардың әділ құнын бағалау дұрыстығын дәлелдейді.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн теңге болса, оның 20,2%-ын (1,35 трлн теңге) инвестициялық табыс құрады. Алдын ала мәліметтер бойынша, БЖЗҚ-нда шоғырланған зейнетақы активтері сомасының 2016 жылғы ҚР ЖІӨ сомасына қатынасы 15,1% құрайды.
2016 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығында барлығы 399 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылды, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 354 813 бірлік, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен 37 778 бірлік және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен 6 473 бірлік. Осылайша, шарттардың барлық түрі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-тарының саны 10,04 млн бірлікті құраса, оның ішінде МЗЖ есебінен – 9,58 млн бірлік. Салымшылардың МКЗЖ бойынша ЖЗШ-тары саны 420 мың бірлікті құраса, ЕЗЖ бойынша олардың саны 39 мың бірлікті құрайды.
2016 жылы БЖЗҚ-нан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 169,69 млрд теңге болса, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны – 22,69 млрд теңге. Салыстыру үшін келтірер болсақ, 2015 жылы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдарының сомасы 141,12 млрд тенге болса, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны – 24,23 млрд тенге болған.
Аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ өзіндік капиталы 76,3 млрд теңгені құрады және есептік жылда 20,0 млрд теңгеге артқан. Бұл есептік кезеңдегі бөлінбеген пайданың артуына байланысты орын алған. Есептік жылдағы салық салынғаннан кейінгі таза пайда 21 млрд теңгені құрады (2015 жыл қорытындысы бойынша «БЖЗҚ» АҚ пайдасы 27,6 млрд теңгені құрады).
2017 жылғы 1 ширекте зейнетақы активтері 153,6 млрд теңгеге өсіп, 2017 жылғы 1 сәуірде 6,84 трлн теңгені құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негізгі үлесі – шамамен 98%-ы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Есептік ширек кезеңде 87,4 мың ЖЗШ ашылды.
2017 жылғы алғашқы үш айда таза инвестициялық табыстың сомасы 51,45 млрд теңгені құрады.
2017 жылғы қаңтар-наурызда БЖЗҚ төлемдерінің сомасы 77,35 млрд теңгеге тең болды, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 6,04 млрд теңге.
2016 жылы ақпаратты автоматтандырылған қорғау бойынша жұмыстар күшейтілді. Қор Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Қордың есептік мәліметтер базасында сақталатын конфиденциалды ақпараттың шығып кетуін болдырмауға арналған КриптоБД мәліметтер базасын шифрлеу жүйесін енгізді. «Эрнст энд Янг – кеңес беру қызметтері» ЖШС тәуелсіз халықаралық ұйымы жүргізген техникалық аудит қауіпсіздік жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін растады. Британиялық стандарттар институтының (BSI) аудитімен расталған «Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына жарналар аудару және табыстарды бөлу үдерісі» әрекеті саласы бойынша ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарты бойынша сертификаттау жүргізілді.
2016 жылы БЖЗҚ корпоративтік сайтында немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы салымшының жеке кабинетіне тек логин мен пароль арқылы ғана емес, сондай-ақ, электрондық-цифрлық қолтаңбаны да қолданып енуіне мүмкіндік ашылды. Бұл жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алуды айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ, Қордың байланыс орталығына 1418 қысқа номері арқылы хабарласу мүмкіндігі пайда болып, салымшылардың зейнетақы жүйесі туралы кез-келген мәселе бойынша кеңес алуын жеңілдетті. Бұдан бөлек, автоматты режимде жауаптар алуға болатын жиі қойылатын сұрақтарды қамтитын IVR-мәзірі арқасында байланыс орталығының қызметтері тәулігіне 24 сағат қолжетімді болды. 2016 жылы зейнетақы жинақтарын алушыларға олардың зейнетақы төлемдерінің статусы туралы СМС-хабарламалар келе бастады.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау үшін, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ақпараттық-кеңес беру көмегін көрсету үшін «Мобильдік кеңсе» қызметі жетілдірілді. Тек 2016 жылы Қор филиалдары қызметкерлері 15 673 алушымен байланыс орнатып, 2017 жылғы 1 ширек кезеңде Қор филиалдары 4 047 салымшыға (алушыға) қызмет көрсетті.
2017 жылы Қор алдына жаңа міндеттер қойылды. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева атап өткендей, БЖЗҚ жұмысының басты қағидалары Қор салымшылары мен зейнетақы төлемдерін алушылардың көзқарастарын қорғау мен қамқор болу, қызмет ашықтығын арттыру және ішкі бақылау жүйесін күшейту болып табылады.
2017 жылғы бірінші ширекте Қордың ішкі үдерістерін қайта қарау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару үдерістері күшейтілді, Қордың барлық филиалдарында ішкі аудиторлар енгізілді. Шығындарды қысқартып, қызмет тиімділігі мен көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында Қордың құрылымы оңтайландырылды: тиімсіз және бір-бірін қайталайтын бизнес-үдерістер алынып тасталды.
Қор қызметінің ашықтығын арттыру және халықпен өзара қызметті жақсарту үшін 2017 жылғы бірінші ширекте БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес қалыптасып, жетекші қаржыгерлер, журналистер, қоғамдық ұйымдар өкілдері, блогерлер мен қатардағы салымшылар (алушылар) оның мүшелері болды. БЖЗҚ ресми сайтында ақпарат алудың қосымша арналары ашылып, кез-келген адамға өзіне қажетті ақпаратты жекелей және топ ішінде алуына мүмкіндік беретін «Басқарма Төрайымының блогі» және «Қоғамдық қабылдау» енгізілді.
Бұдан бөлек, 2017 жылғы үш айда әлеуметтік, зейнетақы және медициналық қамсыздандыру мәселелері бойынша БЖЗҚ кәсіпорындар мен ұйымдарда 317 презентация өткізіп, оларға 11 мыңнан астам адам қатысты.
2017 жылғы 31 наурызда БЖЗҚ тағы бір бастаманы қолға алып, Ашық есік күнін өткізді. 1,5 мыңнан астам адам қатысқан мұндай бірінші шара Қордың барлық филиалдарында 31 наурыз күні өтті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін ширек жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кету керек, ақпарат алудың электрондық тәсілін қолданушылар саны жыл басынан бері 400 мың адамға артты. 2017 жылғы 1 сәуірде 3,2 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде ақпараттанудың электрондық тәсілін таңдаған. Осылайша, 196 мыңға жуық адам электрондық мекен-жайына үзінді-көшірме алып, 3 миллионға жуық адам сайт және түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымша арқылы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен қолайлылығын арттыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеге дейін жаңа электрондық қызметтер енгізіледі: зейнетақы жарналары есебі бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу және БЖЗҚ сайтында жеке кабинет арқылы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру. Бұл өтініштің орындалу статусы туралы алушы СМС-хабарлама алу арқылы хабарланады. Ағымдағы жыл соңына дейін аталған қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы енгізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, «Электрондық БЖЗҚ» жобасының аясында өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары мен VTM-терминалдарын пайдалануға беру жоспарланған. VTM-терминалдар – салымшының Қор қызметкерлерімен интерактивті тілдесу жүйесі болып табылады. Олар салымшыға түрлі ақпарат алуға, сондай-ақ, Қор қызметкерінің қашықтықтан көрсетілетін қызметі (қашықтықтан басқару операциялық орталығы) арқылы ЖЗШ ашуға өтініш беру, шоттың жай-күйін білу, төлем алуға өтініш беру қызметтерін қолдануына мүмкіндік беретін экраны бар аппараттан тұрады. БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтарында тәжірибелік пайдаланудан кейін, салымшылар мен алушылар БЖЗҚ қызметтерін оның кеңселерінен тыс жерлерде қолдана алуы үшін оларды қоғамдық орындарда – банктер, сауда үйлерінде орналастыру жоспарлануда.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
20.04.2017
Жинақтарымыздың сақталуы және табысы
Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.
1. Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидасында кепілдік таралатын тұлғалар тізімі белгіленген, олар:
1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);
2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Айырмашылық төлеміне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте беріледі.
Төлем құқығын алған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл кезең үшін табыстылық пен құнсыздану деңгейі жеке есептеледі. Егер инвестициялық табыс құнсыздану деңгейінен асып түспесе, айырма мемлекеттік бюджеттен салымшының банк шотына есептелетін болады.
Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып сәйкесті өтініш толтыру қажет.
2. Қор қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалай және қайда инвестициялайды?
Заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚР ҰБ және БЖЗҚ арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) жүзеге асырады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, инвестициялық шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес, оның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат берілген құралдардың тізбесі бойынша қабылданады.
ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың теңгерімділік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында теңгеге, сондай-ақ шетелдік валютаға номиналданған түрлі қаржы құралдарына активтердің түрленуіне негізделген, сонымен қатар тәуекелдерді төмендету мақсатында түрлі қаржы құралдарына инвестициялауға бағытталған.
Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектор компанияларының қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған, екінші деңгейдегі банктердің және шетелдік банктердің салымдарына, сонымен қатар сенімді шет ел эмитенттерінің құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат жүйелі түрде Қордың www.enpf.kz («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы», «Инвестициялық қызметке шолу») ресми сайтында жарияланады.
3. Осы жылы инвестициялық табыс қандай болмақ?
Ұзақ мерзімді кезеңге зейнетақы активтерінің болжалды инвестициялық табысына нақты есеп жасау мүмкін емес. Инвестициялық табыс тұрақты шама емес және инвестициялық портфельдің құрылымы мен қаржы құралдарымен жасалынатын операцияларға байланысты. Оның шамасы нарықтық жағдай, қаржы құралдарын қайта бағалау, валюта бағамдарының өзгеруі және т.б. осы сынды бірқатар факторларға байланысты күн сайын өзгереді.
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелетін инвестициялық табыс көлемін жеке алып қарасақ, ол жинақтар көлеміне байланысты, яғни жинақтар көп болса және оларды толтыру кезеңділігі тұрақты болғанда есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады.
Дегенмен, БЖЗҚ өз салымшыларына enpf.kz сайтының «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы калькуляторы 1» құралын пайдалануды ұсынады. Оның көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен құрылған зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемінің көлемін есептеуге болады. Бұл калькулятор жинақтаушы, ортақ, базалық, сондай-ақ ерікті зейнетақыны болжалды есептеуге арналған. Есеп инфляцияның, инвестициялық табыстылықтың өсуі, жалақының өсуі бойынша болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі оптимистік, шынайы және пессимистік сынды түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін үш сценарийде беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шығар кезде күтілетін төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Нақты түсіп отыратын зейнетақы жарналарының жиілігі зейнетке шығар кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептеудегі негізгі белгілердің бірі болып табылады.
4. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдарда жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейді?
Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді.
БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгені құрады. Егер де шот үнемі толтырылып тұрса, онда сандар көбейеді.
Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады, яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.
5. Инвестициялық табысқа салық салынады ма?
Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен көзделген жағдайлар (зейнет жасына толғанда, мерзімсіз 1,2 топтағы мүгедектігі белгіленсе және т.б.) орын алғанда ЖЗШ-дан төленетін есептелген инвестициялық табысқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ҚР Салық кодексі) 160-бабының 3-тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады.
ҚР Салық кодексінің 170-бабына сәйкес салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары; ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жүзеге асыратын төлемдер жатады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зейнет жасына жеткен салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кесте бойынша төлемдерді алған кезде, салық төленетін табыс көлемін кемітетін салық шегерімдеріне құқылы. Басқалай айтқанда, табыс салығы барлық төлемге емес, тек оның бөлігіне салынады. Түпкілікті салық сомасын анықтау үшін «жыл үшін зейнетақы төлемінен» «белгіленген салық шегерімін» алып тастау қажет.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарының ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген шегінде табысты түзетуге мүмкіндігі бар.
04.04.2017
1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бере ала ма?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау Қағидалары бекітілген.
Бұл Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу тәртібін айқындайды.
Қағидалардың 2 тармағына сәйкес айырма төлемі - зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.
Барлық қажетті құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тапсырылған соң, мамандар жеке зейнетақы шотындағы жинақтар сомасының инфляцияны ескере отырып, келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жұмысын жүргізеді.
Мемлекет зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалардың барлығына айырма сомасын төлейді. Зейнеткерлікке шығу негізіне (жасына немесе мүгедектігіне байланысты) байланысты шектеулер қарастырылмаған.
2. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы азаматтарға міндетті түрде хабарлау науқаны қаншалықты жиі өткізіледі?
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына міндетті хабарлау науқаны жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың басында жүргізіледі.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал оны алу тәсілін салымшылар мен алушылар өз еріктерімен таңдайды.
Үзінді-көшірме салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде көрсетілген мекенжайға, оның ішінде электрондық мекенжайға жіберіледі.
Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін Қорға хабарламаса, онда 2016 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып келеді. Одан басқа, бұл жағдайда БЖЗҚ-ның ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес алдағы жылы үзінді-көшірмені жібермеуге құқығы бар.
Естеріңізге сала кетелік, салымшы (алушы) белгіленген тәртіпте Қордың өз міндеттемесін орындауға әсер ететін өзгерістер жайында, осындай өзгерістер орын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4 тармағының 1 тармақшасы).
Мұндай өзгерістерге егер тиісті хабарлау тәсілі таңдалған болса, электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгергендігі жатады.
БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы не хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде көрсетілген кезең аяқталғаннан кейінгі айдың бірінші күндегі жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-ында ақша болмаған немесе хабарлау тәсілі таңдалмаған жағдайда салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жібермейді.
2016 жылы шамамен 1,6 млн. салымшы (алушы) үзінді-көшірме ала алмады. Өйткені, олардың ЖЗШ жай-күйі туралы хабарлау тәсілі таңдалмаған. БЖЗҚ мамандары салымшыларды өздерінің жеке деректерін өзгерту және/немесе хабарлау тәсілін таңдау бойынша Қордың дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге шақырады.
3. Қордың есептемелері және көрсеткіштері туралы мәліметтерді қайдан алуға болады?
Қор қызметінің маңызды көрсеткіштері ай сайын www.enpf.kz сайтында жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасының ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.
Ұлттық Банктің инвестициялық қызметінің нәтижесімен Қордың www.enpf.kz сайтынан танысуға болады.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпараттар ай сайын жаңарып отырады. Барлық құжаттар хронологиялық тәртіпте жарияланады және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге қол жетімді. БЖЗҚ тоқсан сайын пайдалар мен шығындар және бухгалтерлік теңгерім туралы мәліметтер жариялап отырады. Сонымен қатар жыл сайын сыртқы аудитті жүргізу нәтижесі бойынша есептеме жариялайды.
4. БЖЗҚ-ның қандай негізгі міндеттемелері бар?
БЖЗҚ – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартумен айналысатын жалғыз ұйым және азаматтардың таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналарын да қабылдайды.
Зейнетақы Қоры салымшылдардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.
БЖЗҚ-ны құрудың негізгі міндеттері мен мақсаттары:
- салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті есепке алу, салымшылардың табиғи қозғалысына байланысты (шет елге шығу, зейнеткерлік жасқа жету және т. б.) өзгерістерді дер кезінде енгізу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығын қадағалау;- зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, тіпті шетелден хабарласып қажетті ақыл-кеңесті қалай алуға болады?
БЖЗҚ-ның басты міндеттерінің бірі – Қордың салымшылары мен алушыларына сапалы қызмет көрсету және оларға лайықты ақыл-кеңес беру. Бұл үшін біз көптеген ыңғайлы және қарапайым құралдарды жасап қойдық. Қор мамандарынан сапалы кеңес алу үшін, Қазақстан Республикасының азаматтары 1418 тегін қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына хабарласулары керек.
Сондай-ақ біздің www.enpf.kz сайтында «онлайн кеңесші», «онлайн хабарласу» және кері байланыс қызметтері жұмыс істейді. Бұл қызметтер Қазақстан азаматтарына және шетелдік азаматтарға да өте пайдалы.
«Онлайн кеңесші» қызметі сайттың барлық парақшаларында қолжетімді. Онлайн режімінде қоңырау шалу үшін «электронды қызметтер» бөліміне кіру қажет (стационарлық компьютерлер үшін микрофоны бар гарнитура керек). Қоңырау шалу тегін, алайда ол интернет трафик есебінен жүргізіледі. Бұл ұялы құрылғылар арқылы қоңырау шалғанда қосымша шығынға әкелуі мүмкін.
Осы бөлімде онлайн форманы пайдалана отырып Қорға өтініш жіберуге болады. Мамандар қысқа мерзімде толыққанды жауаптар әзірлеп, оларды сұрақ қоюш
13.03.2017
Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту
Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сіз бен біздің зейнетақымыздың жинақтаушы бөлігін құрайды.
«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес Ұлттық Банк инвестициялайтын қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына табыс тұрақты түрде түсіп тұрады: күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді. Осылайша, егер адам ұзақ уақыт бойы ешқандай аударымдар жасамаған болса, ол бәрібір инвестициялық табыс ала береді.
БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған.
Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады: яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады. Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы да алуға болады.
Бұл жағдайда математиктердің сөзімен алатын болсақ инвестициялық табыстың мөлшері тұрақты шама емес, ол тек бірнеше ауысымға байланысты болады. Біріншіден, салымшылардың зейнетақы жинақтарына салған бағалы қағаздардың қалай іске асырылғанына байланысты болса, екіншіден, жинақтардың өз мөлшеріне байланысты болады, яғни жинақ неғұрлым көп болса, әрі оны толтыру кезеңділігі тұрақты болса, соғұрлым есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады.
Жыл басында отандық БАҚ-та кейбір салымшылардың ЖЗШ-сында «инвестициялық табыс» бағанында теріс мәндердің болғаны туралы ақпарат шыққан болатын. БЖЗҚ инвестициялық табыс қаржы нарығында сатып алынатын қаржы құралдарының нарықтық құнына, шетелдік валюта бағамының құбылмалығына байланысты өзгереді деп хабарлады. Осылайша, инвестициялық табыс шамасы нарықтық жағдайға байланысты ұлғаю жағына, сондай-ақ азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Мұндай құбылу әдетте қысқа мерзімді кезеңдерде байқалады, әрі ол уақытша болып тұратын жәйт. БЖЗҚ-да шоттарға қызмет көрсетілген уақытта жиналған инвестициялық табыстың көлемі жақсы. 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша (жыл басынан бастап) ол 10,79 млрд. теңге болды.
Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық портфель осындай тәуекелдерді азайту үшін түрлендірілген, яғни тәуекел мен табыстылықты есепке алғанда түрлі қаржы құралдарының көп мөлшерінен құралған. «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің деректері бойынша жыл басында валютаға бөлінген зейнетақы активтері: активтердің 76,98%-ы теңгеге және шамамен 23%-ы шетелдік валютаға үлестірілген. Бірақ бұдан әрі сенімгерлік басқарушы ретінде Ұлттық Банк зейнетақы жинақтары бір ғана валютада тұрмау үшін соңғының үлесін 30%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, кез келген инвестициялық сценарийде зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдік беретінін еске сала кетейік («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 5-бабы). Басқа сөзбен айтқанда төлем алуға құқығы туындаған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнеиақы жүйесіндегі бүкіл кезеңіндегі табыстылығы мен инфляция деңгейі есептелетін болады, егер зейнеақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет осы айырманы өтейді.
Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып өтініш және жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, банк шотының нөмірі туралы мәлімет беру керек.
07.03.2017
2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу
Алматы, Қазақстан – 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды.
2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлік болды.
2017 жылғы қаңтарда түсімдердің жалпы сомасы 61,2 млрд. теңге болды. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару есепке алына отырып, қайтарылған жарналар сомасы 0,4 млрд. теңге болды.
2017 жылдың басынан бастап салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 10,79 млрд. теңге болды.
2017 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 43,14 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2,09 млрд. теңге болды.
Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.
3 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. Мәселен, 202 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірмелер алады, ал 2,8 миллион адам сайт немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат ала алады. 2017 жылғы қаңтарда соңғылардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған 134 110 салымшы (алушы) қосылды.
Ұялы қосымшаны жүктеп алу саны бір ай ішінде 65,4 мыңға дерлік көбейіп, жүктеу саны 575,1 мың болды. 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіштің 509,7 мың жүктеуге тең болғанын еске саламыз.
2017 жылғы 1 ақпанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 367 мың үзінді көшірме берілген.
Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, «кері байланыс» нысаны және Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн-чат арқылы қашықтан да құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.
БЖЗҚ әрбір салымшының (алушысының) қамын ойлап, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы жолдарын жасауға күш салуда. БЖЗҚ-ның салымшылармен қарым-қатынас орнату тәсілдерінің бірі – салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететін «Мобильдік кеңсе» жобасы. Осы жобаның аясында барлық өңірде БЖЗҚ мамандарынан өздері барып қызмет көрсететін топтар құрылды. Қор қызметкерлері салымшы (алушы) үшін ыңғайлы кеңес беру уақытын және орнын белгілейді, мүмкіндігі шектеулі жандарға БЖЗҚ деректер базасына енгізу және Қор филиалдарының қызметкерлермен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің оларға қызмет көрсетуі үшін қажетті құжаттар топтамасын жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі.
2017 жылғы қаңтарда Қор қызметкерлері төлемдер алуға құқылы, бірақ БЖЗҚ-ға келіп өтініш жасамаған І, ІІ топтардағы мүгедек (мүгедектігі мерзімсіз белгіленген) 1 554 алушымен байланысқа шықты. Олар бойынша 3 248 операция жасалды. Сондай-ақ, осы кезеңде мобильдік агент жиынтығын (ноутбук, модем, МФУ) пайдалана отырып, барып қызмет көрсету бойынша 466 іс-шара қолға алынып, 13 089 операция жасалды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы «14» ақпан
БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады
Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті.
2017 жылғы 1 қаңтарда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.
Бұл ретте салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдерінің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
- БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасайды;
- электрондық пошта арқылы;
- электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының тіркелген логинін және парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайты арқылы электрондық хабарлау тәсілін;
- пошта байланысының қызметі арқылы.
Электрондық хабарлау тәсілінің өте ыңғайлы екендігіне баса назар аударамыз. Себебі әрбір салымшы (алушы) өз жинақтары туралы ақпаратты дәл осы жерде және осы уақытта алады, тек online болса болғаны.
Электрондық хабарлау тәсілін таңдаған БЖЗҚ салымшы (алушы) өз зейнетақысын бақылауға, есептеуге және жоспарлауға мүмкіндік беретін серпінді әрі заманауи құралдарға қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар планетамыздың жасыл қорына қомақты үлесін қосады.
А4 форматында 11 500 парақ шығару үшін бір ағаш кесіледі. Біз жылына үзінді көшірмелер салынған 2,2 миллион конверт жібереміз, яғни ол үшін 380-ге жуық ағашты пайдаланамыз.
Дәл осы кезде, электрондық поштасына үзінді көшірме алатын 206 349 салымшы жылына 36 ағашты сақтап қалады екен. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы электрондық хабарлау тәсілін таңдаған 2,6 миллион адам жылына 450-ден астам ағашты сақтап қалады.
Анықтама:
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
08.02.2017
2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау
«БЖЗҚ» АҚ 2016 жыл үшін салымшыларға (алушыларға) жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат ақысыз негізде берілетінін, ал ақпарат алу тәсілін салымшының (алушының) өзі белгілейтінін естеріңізге сала кетейік.
2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы өткен жылға үзінді көшірме ала алады. 2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның ішінде 206 349 адам электрондық мекенжайына үзінді көшірме алады. Сонымен қатар әрбір салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзі барып, өтініш жасай отырып алуына болады.
Үзінді көшірмелер ЖЗШ ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде салымшы (алушы) көрсеткен мекенжайларға, оның ішінде электрондық мекенжайларға жіберілетінін айта кетейік.
Егер салымшы (алушы) тұрғылықты жерін ауыстырса және өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін бұл туралы Қорға хабарламаса, онда пошта арқылы жіберілген 2016 жылға арналған үзінді көшірмесі БЖЗҚ-ға қайтарылады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес келесі жылға үзінді көшірмені жібермеуге құқылы болады.
Салымшының (алушының) Қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті екенін естеріңізге сала кетейік («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4-тармағының 1-тармақшасы). Егер тиісті хабарлау тәсілі таңдап алынған болса, оған электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгеруі жатады.
Егер ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-сында қаражаты жоқ болса немесе ол хабарлау тәсілін таңдамаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл үшін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жібермейді. Бүгінгі күні 1,6 миллионға жуық салымшы (алушы) хабарлау тәсілін белгілемегендіктен үзінді көшірме алмайды.
БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің дербес деректерін өзектендіру және/немесе жаңа хабарлау тәсілін таңдау үшін Қордың дербес қызмет көрсету орталықтарына барып өтініш білдіруге кеңес береді.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
13:02:2017:
Зейнет жасына таяп қалған адамдар мен зейнетке шыққан зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.
Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?
Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда);
- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.
Зейнет жасына толғанда және бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар керек?
Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған немесе бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барып, өтініш жасай алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтерді алып келеді. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы арқылы ұсына алады. Толық ақпаратты сайттан (www.enpf.kz) алуға болады.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берілгеннен кейін БЖЗҚ қанша уақыт ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады?
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкесетін құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:
1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төмен зейнетақы мөлшері 28 148 теңге болды, соған сәйкес зейнетақы төлемдерінің сомасы 844 440 теңгені құрайды (30*28 148);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы – ерлерде 8,067 млн. теңгеден артық болған, ал 58 жастағы алушы – әйелдерде 8,963 млн. теңгеден артық болған жағдайда осы есеп қолданылады.
Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса (2017 жылы - 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.
Төлем жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса (2017 жылы – 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.
БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше Қағида ережелерін ескере отырып, қайта есептейді.
Зейнетақы төлемдері қандай валютамен жасалады?
БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерін:
1) Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезінде тек ұлттық валютамен;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аудару кезінде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублімен аударады.
Зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?
Зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады (ҚР Салық кодексінің 160-бабы). Зейнетақы төлемдеріне ҚР Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салық шегерімдерінің сомасы ескеріле отырып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.
Мысал ретінде ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшеріндегі кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерін қарастырып көрейік (30*28 148 = 844 440 теңге).
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы – зейнет жасына толған резидент тұлғалар – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 170-бабы). Демек, ЖТС салық шегерімдері қолданыла отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын зейнетақы жинақтарының сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 24 459 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома – 293 508 теңге (12*24 459). 550 932 теңге (844 440 - 293 508) сомасына ЖТС салынады. ЖТС мөлшері – 55 093,20 теңге (844 440 - 293 508) * 10%). Алушының банк шотына 789 346,80 теңге (844 440 - 55 093,20) мөлшеріндегі сома аударылады.
Бұдан басқа, салық жеңілдіктері қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшін ағымдағы қаржы жылына белгіленгенең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде ЖТС-қа түзету көзделген (75*24 459 = 1 834 425 теңге).
Мұндай тұлғаларға:
· Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
· Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;
· 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
· I, II, III топтардағы мүгедектер;
· мүгедек бала;
· «мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
· «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына, оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
· асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz