Депутаттар қоғамдық тәртіпті талқыға салды

16 мамыр күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті III сессиясының жалпы отырысы өтті. Оған аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, селолық округтер әкімдері, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия отырысында келесі сұрақтар талқыланып, сессияның бекітілуіне сәйкес ұсынылды. Сессияда сәйкес шешімдер бекітілді.
Сессияда төрағалық етуші, № 8 Бестау сайлау округінің депутаты, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Бекболат Толыбаев, депутаттар бір ауыздан бекіткен күн тәртібі мен жұмыс кестесін жариялады. Аудандық мәслихаттың үшінші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдымен Қобда аудандық жергілікті полициясының бастығы подполковник Панкерей Ермекбаевтың ҚАІІБ жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстары тыңдалды.
Сондай-ақ сессияда аудан әкімдігінің 2015 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Самат Орынбеков халық қалаулыларына есеп берді. Сессияның үшінші сұрағына сай Қобда аудандық мәслихат хатшысы Жанболат Ерғалиев мәслихаттың жұмысы жайында айтып берді. Ұсынылған ақпарат депутаттармен бір ауыздан назарға алынды. Аталған мәселелер бойынша күн тәртібі бекітіліп, нақты шешімдер қабылданды. Аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып № 6 Сарбұлақ сайлау округінен депутат Жансұлу Атамұратова сайланды.
Анаргүл ЕГІЗБАЕВА.