Кәсіпкерлер назарына!

Қоғамдық бірлестіктер және кәсіпкерлер назарына!
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын,сонымен қатар, рұқсатнама (тәртіптерінің) құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру мәселелерімен бірге әкімшілік кедергілерді жетілдіру ұсыныстарын енгізу бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға қатысуға үміткер, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді төмендету бойынша құжаттар қабылдайды. Құжаттар 2017 жылдың 4 наурызна дейін қабылданады.
Құжаттарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу Ережесінің 8 тармағы «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес мына мекен-жайға ұсыну қажет.
Құжаттар: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 22К мекен-жайында орналасқан «Жеті Қазына» ғимаратындағы, «Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы» ММ 203-бөлмесінде қабылданады. Тел: 742-184.
Құрметті барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар басшылары!
Ақтөбе облысының статистика Департаменті статистика органдарының негізгі мақсаты - тұтынушылардың сапалы статистикалық ақпаратқа қажеттіліктерін жоғары дәрежеде қанағаттандыру мақсатында респонденттерді статистикалық есептілікпен толық қамтамасыз ету болып табылатындығын хабарлайды.
Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес статистикалық есептілікті тапсыру қажеттілігі туралы естеріңізге салады.
статистикалық нысандарды тапсыру Кестесі ҚР ҰЭМ Статистика Комитетінің Интернет-ресурсының www.stat.gov.kz сайтында «Респонденттер үшін» айдарында «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар» бөлімінде орналасқандығын хабарлайды.
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық мәліметтерді ұсынбау немесе шынайы емес мәлімет беру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 497 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады және шаруашылық субъектілерінің лауазым иелеріне айыппұл салуға әкеп соғады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласуға болады: Ақтөбе қ, Әбілқайыр-хан даңғылы, 25, Статистика департаменті, 109 каб, байланыс телефондары: 545-448, 563-111, 563-041.