ҚР "ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.Ақтөбе облысының ТЖ департаменті Қобда ауданының ТЖ бөлімі" ММ

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА.
Жаз мезгілі суға шомылатын керемет уақыт, алайда су айдындарында суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият орындау қажеттігін ескерген жөн. Суға шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу, адамдардың жеке басының тәртіпсіздігі және өз күшін бағалай білмеуі, ата-аналардың өз балаларын қадағалай алмауы, жүзе білмеу адамдардың қаза болуының негізгі себептері болып табылады.
Осындай қайғылы жағдайларды алдын алу мақсатында Қобда ауылдық округінің және Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен 2017 жылдың жазғы кезеңінде Қобда ауылының батыс бөлігінде Үлкен Қобда өзенінде коммуналдық жағажай ашылғандығын хабарлай отырып, аудан тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіз жерге суға түсуге шақырамыз. Аталған жағажай маңындағы және су астындағы қоқыс-қалдықтары тазартылып, суға түсушілерге қолайлы жағдайлар жасалды. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерікті құтқарушылар қызмет етуде, демалыс күндері медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылуда.
Су айдындарында адамдардың, әсіресе балалардың, қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету - суға түсу қауіпсіздігі ережесі талаптарын қатаң сақтауға байланысты екенін ұмытпаңыздар!
Қобда ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының ІХ Бас Ассамблеясы қарарына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. 2017 жылғы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні «Азаматтық қорғаныспен бірге апаттарға қарсы» тақырыбында өтеді.
Аталған шараны ауданымызда да атап өту мақсатында ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Қобда ауданының Төтенше жағдайлар және №15 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Қобда гимназиясы оқушыларына "Ашық есік күнін" ұйымдастырып, аталған шара барысында арнайы өрт сөндіру техникалары, құрал-саймандары, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі мен тыныс алу органдарын қорғау құралдары көрсетілді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларға 23 оқушы және 1-оқытушы қатысты. Аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табады.
Қобда ауданының ТЖ бөлімі
БАСТЫСЫ ҚАУІПТІ АЛДЫН-АЛУ
Қар ери бастағанда пайда болатын басты қауіп көктемгі су тасу мәселесі. Үстіміздегі жылы аудан осы қауіптің алдын-алуға ертерек қамданып, су тасуы қаупі бар жерлердегі қарды шығару жұмыстарына жылдағыдан ертерек кірісті. Су тасуын алдын-алу және болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 22 ақпан күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайларды алдын-алу және жою комиссиясының отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары - аудандық табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайларды алдын-алу және жою комиссиясы төрағасының орынбасары Б. Құловтың төрағалығымен өткен жиында төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Е. Құдайбергеннің «2017 жылдың су тасу маусымында төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша өткізілетін іс-шаралар және гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы» баяндамасы тыңдалып, ауданның көктемгі су тасу кезеңіне жалпы дайындығы, атқарылып жатырған тиісті іс-шаралар және әлі де атқаруды қажет ететін жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының АҚ және ТЖ бас маманы А.Күзембаев су тасқынын алдын-алу мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар туралы және атқарылатын іс-шаралар бойынша айтып кетті.
Отырыста су тасу қаупі бар Сөгәлі, И. Білтабанов, Жарық, Қобда ауылдық округтеріндегі су қоймаларының жай-күйі де ортаға салынып, алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Отырысты сабақтаған комиссия төрағасының орынбасары Болат Құлов қар еруі кезінде су тасқынының алдын алуға кейбір техника бірліктері бар мекемелерді жұмылдырудың қажеттігіне және Ауылдық округі әкімдері мен кейбір құзырлы мекемелерге су ағарларды тазарту, техникамен қамтылу, қар тазарту турасында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
1
Измагамбетова Кайрат Халелович
Ауданың ТЖ бөлімінің бастығы
21-2-65
87756919530
Қобда ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суға түсу кезеңіндегі
профилактикалық жұмыстар өткізуде
Жазғы кезеңдегі суға түсу маусымында судағы адам өлімін болдырмау мақсатында, Қобда ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №15 ӨСБ және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе 2016 жылдың жазғы суға түсу кезеңінде ұдайы түрде Қобда ауданының тұрғындары мен қонақтарына суға шомылу кезеңіндегі профилактикалық жұмыстар өткізуде. Профилактикалық жұмыстар барысында тұрғындарға су қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, парақша, жаднама, буклеттер таратылды. Сонымен қатар, аудандық «Қобда» газетінде «Суға түсу маусымы басталды» тақырыбында мақала жарық көрді.
Қобда ауданы аумағындағы егін жинау кезіндегі өрттерді
болдырмау мақсатында жүргізілген
профилактикалық жұмыстар
Жаздың ыстық ауа-райында шабындық және егістік алқаптарда дала өрттерін болдырмау мақсатында, Қобда ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №15 ӨСБ және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе ұдайы түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Профилактикалық жұмыстар барысында шаруашылық қожалық иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, парақша, жаднама, буклеттер таратылды. Сонымен қатар, аудандық «Қобда» газетінде «Пожарная безопасность при заготовке грубых кормов», «Отдыхаем правильно», «Пожароопасный период» тақырыбындағы мақалалар жарық көрді
.
РАЗЪЯСНЕНИЕ ИЗМЕНЕНИЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА
12 января текущего года в здании Кобдинского филиала партии «Нур Отан» проведено совещание с сотрудниками Отдела по ЧС и Пожарной части №15 по обсуждению закона о борьбе с коррупцией. На совещании приняли участие представители районного Управления по государственным доходам, Отдеоа внутренних дел и первый заместитель председателя филиала партии «Нұр Отан» Б.Курманиязов.
Встреча прошла на высоком уровне, были оглашены ряд изменений и включений в действующее законодательства Республики Казахстан.
улы газ.docx