Ертең күздiң алғашқы айы қыркүйек те қыр астынан қылаң бергелi тұр

Ертең күздiң алғашқы айы қыркүйек те қыр астынан қылаң бергелi тұр. Ол дегенiмiз - бiлiм күнiнiң жақындағаны. Сол бiлiм күнiнiң, мұғалiмдердiң тамыз мәслихатының қарсаңында Қобда қазақ орта мектебiнде “Қазақстанның жаңғыруы 3.0. бiлiмнiң үлесi” атты тақырыбында жиын өткізілді. Аталмыш жиынға ауданның мектептерiнен барлығы 480 мұғалiм қатыстырылды.