Облыс акімі жанындағы ақпараттық топ Қобда ауданына келіп,елді мекендер турғындарымен кездесті.Басты мақсат-Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар:Рухани жанғыру "мақаласын тусіндіру,ауыл турғындарының сурақтарына жауап беру

Облыс акімі жанындағы ақпараттық топ Қобда ауданына келіп,елді мекендер турғындарымен кездесті.Басты мақсат-Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар:Рухани жанғыру "мақаласын тусіндіру,ауыл турғындарының сурақтарына жауап беру.Делегация құрамында Рахиев Роман Рахиевич -облыстық денсаулық сақтау басқармасынын штаттан тыс маманы,ардагер дарігер,Сарсембин Үмбетхан Қуандықұлы-К.Жубанов атындагы Ақтөбе өңiрлiк мемлекеттiк университетiнiң философия ғылымдарының кандидаты,профессор,сондай ақ К.Жубанов атындагы Ақтөбе өңiрлiк мемлекеттiк университетiнiң филология факультетi қазақ әдебиетi кафедрасынын аға оқытушысы -Ташімбаева Сақыпжамал Жаянқызы,ауданнан ардагерлер кенесiнiң төрағасы Кереймағанбетов Нұрлыбек Құтжанұлы,аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң бас маманы Бибігүл Қылышбаева болды.Баяндамашылар мазмұнды тағылымды ақпараттар берiп,медициналық сақтандыру жүйесiн кеңінен түсiндiрiп,латын қарпiне көшу қажеттiлiгiне баса тоқталды,ұлттык код пен ұлттык мүдденiң байланысын,бала тәрбиесiнiң маңызын халыққа түсiндiрдi.Ақпараттық топ 2 күнде Алия,Талдысай,Жарсай,Терісаққан,Жарық,Ақырап, Қызылжар ауылдарында болды.