Қобда ауданың делегациясы Астана қаласында өтіп жатқан "ЭКСПО - 2017" мамандандырылған көрмесінде болып қайтты.

Қобда ауданың делегациясы Астана қаласында өтіп жатқан "ЭКСПО - 2017" мамандандырылған көрмесінде болып қайтты. Делегация мүшелері «Нұр Әлем» сфералық кешенінде басқа елдердің көрме павильондарымен, олардың мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрлерімен және Қазақстанның соңғы жылдарда жеткен жетістіктерімен танысты. «Нұр Әлем» - бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр шар түрінде салынған әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат.