«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

Еркебұлан Сержанұлы Таласпаев
«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ
21-6-34
79-0-63
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу және оларды айналымға енгізу.
Аудан бойынша 322 шаруа қожалыққа 463927 га бекітілген және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 27 ЖШС- ға 201987 га, ауыл шаруашылығымен айналысатын 28 жалгерлерге (жеке тұлғалар) 8646 га жер учаскелері бекітілген. Барлығы 377 агроқұрылымға 674560 гектар жер.
Аудан бойынша 31 елді мекенге 162837 гектар бекітілген.
Аудан бойынша 572270 гектар босалқы жер қоры қазіргі уақытта есеп базасы бойынша бар.
2015 жылы өз еріктерімен 59 жер пайдаланушыдан 57896 га қайтарылды және айналымға тарту мақсатында 55 жер пайдаланушыға 75029 га беріліп айналымға тартылды.
Есептік кезеңнен бері осы аралыққа дейін өз еріктерімен 129 жер пайдаланушыдан 68467 га қайтарылды және айналымға тарту мақсатында 90 жер пайдаланушыға 115063 га беріліп айналымға тартылды.
Қобда ауданының жалпы жер көлемі 1 млн 402 мың 980 гектарды құрайды.
2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мәселесі бойынша:
2015 жылдан бастап "Жер Кодексінің" №50-бабына өзгеріс енгізілуіне байланысты ЖТҚ үшін жер учаскелері 3 жылға дейін жалға беріледі. Құрылыс нысаны аяқталған соң жеке меншікке қайта рәсімделеді.
2015 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10,2 га жер учаскесі 102 азамат (ша) берілді және есептік кезеңнен бері 251 азаматқа комиссия қортындысы негізінде 25,1 га же учаскесі берілді.
Аудан бойынша қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысын салуға кезекте тұрған азаматтар жоқ.
3. Жалпы бөлімнің ішкі жұмыстары - жер реформасына байланысты заңнамаларды басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын, бұрынғы құрылған және жаңадан құрылып жатқан агроқұрылымдармен бірлесе жұмыс жасап отыр. Жылдан жылға жер пайдаланушылар саны еселеп артып келеді. Жер қатынастары бөліміне осы жер пайдаланушылардың құқығын белгілеу үшін жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына сәйкес жер қатынастары бөлімі аудан әкімдігінің қаулыларын, жер учаскесіне құқықты беру немесе бас тарту жөніндегі аудандық комиссияның қорытындыларын, жер учаскелерін жалға беру, сату-сатып алу шарттарын дайындау және одан басқа жер учаскелерінің құқығын куәландыратын сәйкестендіру актілерін дайындайтын лицензиясы бар мекемелермен жұмыс жасау, ауылдық округтерден елді мекен шегінде берілетін жер учаскелерінің мәліметін мемлекеттік есепке жинақтау, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, күніне келетін ауыл тұрғындарына жер заңнамаларынан түсінік беру, тоқсан сайын аудандық салық басқармасымен есептесу жұмыстары, аудан орталығындағы және ауылдық округтердегі жер құқығы қатынастарынан туындайтын мәселелерге байланысты жұмыстарға арнайы комиссиялар құру арқылы қатынасу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу 1 – ОЛ бағдарламасы, мемлекеттік қызметтер көрсету «Е-Лицензиялау» бағдарламасы, және обылыс әкімінің тапсырысы бойынша жасалған арнайы есептік автоматтандырылған «АПРО» базасы бойынша тағыда басқа түгендеу жұмыстар жүктелген және мемлекеттік қызмет көрсету заңдылықтарына сәйкес Республика бойынша 17 стандарт бекітілген, оның ішінде аудандық жер қатынастары бөлімі ММ-сі 9 стандарт бойынша қызмет көрсетіледі және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру. Ауданның селолық округтері бойынша кадастрлық карталарының нақтыланған жер учаскелері бойынша есебін жүргізу. Бөлімнің ақпараттық есеп қорын қалыптастыру, қаржылық есеп жүргізу, статистикалық мәліметтерді беру, кадрлармен жұмыс жасау. Бөлім құзіретіне жататын мәселер бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру, т.б. «Қазынашылық клиент», «Гос.закуп», «Ессо», «МТ-102», «СОНО», «Е- қызмет» бағдарламалары бар және тағы басқа міндеттер бар.