«Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Оралбек Амантайұлы Ногаев
«Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
22-0-12
21-4-63
Қобда ауданы бойынша 2018 жылға жоспарланып отырған жұмыстар:
1. Қобда ауданы Қобда ауылында «Жаңа тұрғын массивтегі 161 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациалық инфрақұрылым (электр желісі) құрылысы» сметалық құны- 48 805,0 мың теңге, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алымға жариялану сатысында.
2. «Қобда ауданы Қобда ауылында 2 (екі) қабатты 8 (сегіз) пәтерлі үш жалдамалы – коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы» нысаны бойынша 2017 жылдың шілде айында «Динамо» ЖШС-мен жалпы соммасы 196 275,0 мың тенгеге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарт жасалып құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2018 жылға жоспарланып отыр.
3. Қазіргі таңда салынып жатқан «Қобда ауданы Қобда ауылында 2 (екі) қабатты 8 (сегіз) пәтерлі үш жалдамалы – коммуналдық тұрғын үйлерге инженерлік желілердің құрылысы және абаттандыру» жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. Сметалық құны- 33 904,0 мың теңге.
Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттары жасақталып жатқан және жобалық-сметалық құжаттары дайын жобалардың тізімі;
1. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Қобда ауданы Қобда ауылында төрт 12 пәтерлі азқабатты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысына жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда және сараптаманың оң қорытындысын алу 2018 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр
2. «Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында оқу – сауықтыру кешені құрылысы» сметалық құны- 330 426,0 мың теңге, (сараптаманың оң қорытындысы № 04-0182/17 26.06.2017 ж.)
3. «Қобда ауданы Талдысай ауылында мал өлімтіктерін көметін шұңқыр құрылысы» сметалық құны- 9 766,371 мың теңге.
4. «Қобда ауданы Бестау ауылында мал өлімтіктерін көметін шұңқыр құрылысы» сметалық құны- 9 815,145 мың теңге.
5. «Қобда ауданы Жиренқопа ауылында мал өлімтіктерін көметін шұңқыр құрылысы» сметалық құны- 10 663,495 мың теңге
Атқарылып жатқан жұмыстар:
– Қобда ауылында он бір пәтерлі коммуналдық жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы (облыстық бюджет) – 66405,0 мың теңге, қазіргі таңда соның 32 000,0 мың теңге игерілген ;
– Қобда ауданы бойынша білім беру, мәдениет және коммуналдық меншіктегі объектілерді газдандыру (жергілікті бюджет) – 25 000,0 мың теңге, соның ішінде Қобда ауданы, Талдысай ауылы, клуб қазандығын газдандыру жұмыстары аяқталды.Игерілген қаражат – 9 300,0 мың тенге. Қалған 11 нысан бойынша құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алулар қыркүйек айына жоспарланған;
– Аудан елді мекендерінің бас жоспарларын дайындау үшін (жергілікті бюджет) – 10 410,0 мың теңге, оның ішінде Қобда ауданы, Қобда ауылының бас жоспарына түзетулер енгізу – 3 690,0 мың теңге және Қобда ауданы, Әлия ауылының бас жоспарын дайындау – 6 720,0 мың теңге. Аталған іс-шараларға конкурс аяқталып, жұмыстар жүргізілуде;
– Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу бағдарламасы бойынша (жергілікті бюджет) – 14 000,0 мың теңге, оның ішінде жеке кәсіпкер «Жаманкулова Р» жол бойындағы кемпингі газдандыру – 3 000,0 мың теңге және жобалық сметалық құжаттармен кадастрлық жоспарын әзірлеуге – 1 000,0 мың теңге бөлінген, қазіргі таңда конкурс жарияланған. Сонымен қатар «Жандос», «Табын-тал», «Қоңыр кете» шаруа қожалықтарына баламалы энергия көзін қондыруға (ветрогенератор) - 9 000,0 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда құрылғыларды сатып алуға аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілуде;
Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,функциялары:
Міндеттер:
- өз құзыретінде мемлекеттік бағдарламалардың, Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі актілерінің, басқа да нормативтік актілерінің орындалуы жөніндегі есептерді дайындау және бақылау жасау;
- елді мекендердің және аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыру;
- өндіріс және тұрғын үй мақсатындағы объектілердің құрылысына және қайта жаңартуға қатысу;
- ауданның қала құрылысы саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыру;
- ауданның бас жоспарларға сәйкес елді мекендерде құрылыс салуды бақылауды жүзеге асыру.
- Функциялар:
- сәулет, құрылыс және күрделі жөндеулерді даму басылды бағдарламаларға талдау жасап, түзетулер енгізіп және оның жүзеге асуына жәрдемдесу;
- объектілердің құрылысының және қайта жаңартудың барысына бақылауды жүзеге асыру;
- объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырамаларды әзірлеу;
- объектілердің құрылысына жер учаскелерді алдын-ала таңдау жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысу;
- ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның даму деректерінің, объектілердің құрылысының болжамдауды жүзеге асырады;
Мекемеде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
«Қобда аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1) Эскизді(эскиздік жобаны)келісуден өткізу
2) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
3) Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру
4) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру
5) Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру.
Соның ішінде мемлекеттік мекеме арқылы:
Эскизді(эскиздік жобаны)келісуден өткізу - Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9-00 ден 14-00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9-00 ден 18-00-ге дейін, қабылдау алдын ала жазылусыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы: Қобда ауылы, Астана көшесі 48, 204 Б кабинеті.Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық байланыс телефоны: 22-0-12;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру
Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру - Мемлекеттік қызметтер демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9-00 ден 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз көрсетіледі.
Қобда ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы: Қобда ауылы, Нұрымжанова тұйық көшесі 2Б. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық байланыс телефоны: 22-1-47;
«Қобда аудандық сәулет, қалақұрылыс және құрылыс бөлімі» ММ
2017 жылы атқарылған жұмыстар
Ауданымызда 2017 жылы «Қобда ауданы Қобда ауылында 320 орындық мектеп құрылысы» нысанында құрылыс жұмыстары яқталды. Құрылыс құны 760 807,3 мың теңге. Тапсырыс беруші «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі. Бас мердігер – «Тазар Сәулеті» ЖШС ақтөбе қаласы. Нысан пайдалануға 2017 жылдың қазан айында тапсырылды. Мектеп орналасқан аумақтың көлемі 2 га (Астана және Құрманов көшелерінің қиылысы). Ғимарат 3 қабатты, асхана, спортзал, акт залы сонымен қатар барлық алаңдармен және құрал жабдықтармен қамтылған. Қазіргі таңда Қобда ауылында үш екіқабатты 8 пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысына ашық түрде конкурс жарияланып «Динамо» ЖШС-мен жалпы соммасы 196 275,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарт жасалды. 2017 жылға 20 000,0 теңге көлемінде қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Учаскенің алаңы – 0,5 га, екі қабатты сегіз пәтерлі үш үй салынбақ. Құрылыс салу алаңы 1284,9 ш.м. пәтерлердің жалпы ауданы -1893,ш.м., барлығы 24 пәтер, 1 пәтердің аумағы -74,8 ш.м.Нысанның құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2018 жылдың қазан айы. Сондай-ақ Қобда ауылында Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрлысына Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы арқылы ашық түрде конкурс жарияланып «Техника Рем Строй» ЖШС –мен келісім шарт жасалған, құрылыс мерзімі 10 ай, соммасы 222 381,2 тенге жалпы аумағы 8149,0 ш.м., ғимараттың жалпы аумағы 2108,589 ш.м., 120 орынға арналған бассейн, күрес залы және жаттығу залы, сондай-ақ баскетбол, воллейбол, шағын футбол залымен қамтылған. Сонымен қатар Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округіндегі XIV-XV ғасырлардағы Абат-Байтақ кесенесі мен Шырақшы үйінің аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бас мердігер «САТР» ЖШС-гі жалпы құрылыстың құны 40 977,140 мың теңге, абаттандыру жұмыстарының жалпы аумағы – 57,0 га. Кесененің аумағын қоршау жұмыстары жалпы ұзындығы – 3434,0п.м. Кесенеге кіреберіс жерде арка орналастырылған. Кіреберістен кесенеге баратын жолға тас төсеніштер салынған жалпы аумағы-2300,0 ш.м.
Сонымен қатар Егіндібұлақ ауылында оқу – сауықтыру кешені құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бүгінгі күні бюджеттік ұсыным беріліп отыр.
Аудан орталығындағы А.Сүлейманова атындағы саябақты орталық алаңмен қосып абаттандыру жұмыстары, Бас мердігер «Актобе-Кап-Рем-Строй» ЖШС-гі. Жалпы сметалық құны 113 595 ,503 мың теңге. Ауданы – 13800,0 ш.метр, көгалдандыру ауданы 3434,0 шаршы метр, гүлзар – 2383 ш.м., орындықтар, қоқыс урналары, жарық шамдары, жарықдиодты көше прожекторы, 10 - постамент орнату көзделіп отыр, сонымен қатар Рәміздер алаңы, батырлар алаңы, тәуелсіздік алаңы және қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым ету алаңы бар. Қобда ауылындағы Батыр Исатай Тайманов атындағы скверді абаттандыру жұмыстары Бас мердігер «КМК Строй» ЖШС-гі жалпы соммасы 31 349,4 мың теңге. Жердің жалпы алаңы- 2800,0 м2, көгалдандыру алаңы - 1530,0 м2, Исатай Тайманұлы батырымыздың ескерткіші сонымен қатар кіші архитектуралық формалар орналастырылған. Қобда ауылындағы Қобыланды батыр атындағы скверді абаттандыру жұмыстары Бас мердігер «КМК Строй» ЖШС-гі сметалық құны 20 572,5 мың теңге. Сквердің жалпы алаңы - 2800,0 м2, көгалдандыру алаңы - 1530,0 м2, жаяу жолмен алаңнын жабындының ауданы - 930,0 м2, Қобланды батырымыздың ескерткіші сонымен қатар кіші архитектуралық формалар орналастырылған.