Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі

Оразова Ақшолпан Ақмадиқызы
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
21-5-46
22-1-48
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметінің басты мақсаты - ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, аудан тұрғындары арасында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, мемлекеттік жастар саясатын және ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жүргізу.
Қобда ауданы Ақтөбе облысының батысында облыс орталығынан 110 км қашықтықта орналасқан, ауданның жер көлемі 14,1 мың шаршы километр. Аудан көлемі солтүстіктен шығысқа қарай — 129,2км, батыстан шығысқа қарай — 132,5км. Аудан солтүстігінде Ресеймен, шығысында Алға, Мәртөк аудандарымен, батысында Батыс Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Темір, Ойыл аудандарымен шектеседі.
Ауданның жергілікті атқарушы билігінің басты мақсаты - Елбасы белгілеген әлеуметтік саясатты жүзеге асырып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын жақсарту, жан-жақты жағдай жасау.
Аудан аумағында қызмет ететін саяси партиялар, қоғамдық, үкіметтік емес және діни ұйымдар өз қызметтерін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Аудандағы 4 саяси партияның («Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Ауыл», «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы», «Ак жол» партияларының өкілдері) мемлекеттік органдар тарапынан өткізілген барлық қоғамдық-саяси шараларға қатысып отырады.
Ауданда әйелдерді қолдау, тілді дамыту, кәсіпкерлерді қолдау, тұрғындарға патриоттық тәрбие беру шараларына қолдау көрсету бағытында жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар, «Қобда ауданының белсенді әйелдерінің орталығы», «Үркер», «Қобда жастары» үкіметтік емес ұйымдары, «Жас Отан» жастар қанаты қызмет етеді.
Жастар – ел болашағы, осы орайда бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру мақсатында бүгінгі күні елімізде мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жоғары деңгейде қаралып, жастарды қолдауға, дамытуға көмек беру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мол мүмкіндіктер жасалуда.
Осы орайда аудан жастары арасында Елбасы тапсырмасы бойынша жасақталған «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» жүзеге асыру шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, мемлекеттік рәміздерді үздік білу бойынша «Рәміздерім - айбыным» тақырыбындағы байқау, Тұңғыш Президент күніне орай, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша жастар Форумдары, «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты Форум, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы «Ынтымақты отбасы» жас отбасылар сайысы, мемлекеттік тілді, жастар шығармашылығын дамыту бағытында көңілді тапқыштар клубтарының байқауы, «Мамандығым - мақтанышым» атты байқау, «Салауатты жастар - Қазақстанның болашағы» атты спорттық жарыстар өткізілді.
Аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі Кеңестің отырыстарында жастардың өзекті мәселелері қаралады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - тәуелсіздіктің символына айналды. Ел рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру - жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі.
Ауданда мемлекеттік рәміздерді қолдануды бақылау мен насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыс жүргізілуде.
Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия жоспарлы қызмет атқаруда. Комиссия отырыстарында ауданның жергілікті атқарушы органдарында, білім беру, мәдениет мекемелерінде, ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздерді басшылыққа алу, қолдану және насихаттау бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәселелер қаралды.
Мемлекеттік рәміздерді тұрғындар арасында насихаттау мақсатында байқаулар, конференциялар, акциялар мен форумдар өткізілді.
Қобда, Қызылжар, Егіндібұлақ,Әлия ауылдарында 4 мешіт тұрғындарға қызмет көрсетуде. Олар заң талаптарына сай тіркеуден өтті. Имамдар дәстүрлі дінді насихаттауда. Жергілікті және атқарушы органдар діни бірлестіктер жұмысын реттеп отырады. Атқарушы органдардар мен діни бірлестіктердің өзара байланысын үйлестіретін аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасауда. Ауданда діни ахуал тұрақты, діни көшбасшылар дінге еріктілік пен конфессияаралық келісім принциптерін ұстанады.
ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын барлық ауылдық округтер мен елді-мекендерде тыңдау ұйымдастырылды. Елбасы Жолдауы аудан тұрғындары арасында зор серпіліс туғызып, ерекше қолдау тауып отыр. Ауданда Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында 51 мүшесі бар 17 ақпараттық-насихаттық топ жасақталып, жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Аудан аумағында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылық тұрғындардың жұмыспен қамтылу және кіріс деңгейіне оң ықпал ететін аудан экономикасының динамикалық дамуына, аудан тұрғындары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, кәсіподақтар арасындағы келісім мен толеранттылыққа, әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық салалардағы мәселелерге биліктің уақытылы араласуына негізделген.
Тұрғындардың басым көпшілігі Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін қолдайды. Еңбекақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуде, өмір сүру деңгейі өсіп келеді.
Аудан аумағында тұрғындардың наразылығын тудыратын жағдайлар орын алған жоқ. Елді мекендер тұрғындары өмірлік маңызы бар қажеттіліктермен толық қамтылған.