Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жолдыбаева Разия Мырзабекқызы
Бегалиев Қуаныш Арыстанұлы
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Жұмыспен қамту орталығының директоры
21-3-24
21-0-06
21-3-46
21-6-60
21-6-78
Атаулы әлеуметтік көмектің пайдасын ауыл тұрғындары көріп отыр
Қобда ауданының Ақырап ауылының тұрғыны атаулы әлеуметтіктің арқасында тірліктерін дөңгелете бастады. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік шартты және шартсыз ақшалай көмек ретінде күн көріс және аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға тағайындалады. Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ, аз қамтылған отбасыларына ай сайын төленеді. Ал шартты әлеуметтік көмек отбасында еңбекке жарамды азаматтары бар аз қамтылған отбасына беріледі. Егер отбасында жұмыс жасындағы еңбекке қабілетті азаматтар болса, онда олар міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс. Яғни, еңбекке қабілетті әрбір азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микрокредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалынады. Егер еңбекке қабілетті азаматтар мұндай қолдаудан өз еркімен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Ал, жұмысқа тарту шараларына қатысудан бас тартса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Аудандық жұмыспен қамту орталығының берген мәліметіне сүйенсек, жылдың басынан бері ауданымызда барлығы 272 отбасына осы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, олар өздерінің тұрмысын жақсартуға мүмкіндік алған.
Солардың бірі Ақырап ауылында тұратын Нұрмановтар отбасы. Назимгүл Кенжеғалиқызы бес баланың анасы. Аталған бағдарлама жайында естіп, бірден аудандық жұмыспен қамту орталығына келген. Барлық талаптарға сай келген отбасының айлық бюджеті қарастырылып, шартты ақшалай көмек берілген. Қайтарымсыз қаражатқа ие болған ерлі-зайыптылар ақылдаса келе, бір сауынды сиыр, отыз балапан қаз сатып алған. Жем-шөбін да дайындап қойған. Ендігі олардың мақсаты – кеңейтіп, тұрмыстарын түзеу. Сондықтан да олардың мемлекет тарапынан берілген бұл көмек үшін алдымен Елбасына, оны жылдам әрі жүйелі жүзеге асыра бастаған жергілікті атқарушы органдарға айтар алғыстары көп. «Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғанымыз рас. Бір сауынды сиыр алып, бала-шағамыз ауызы аққа тиді. Алдағы мақсатымыз қорамыздағы мал басын көбейтіп, ел қатарлы өмір сүру. Жалпы ірі-қара малдың пайдасы көп. Бүгінгі таңда өзім секілді аналарға атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін керекті құжаттарды қалай толтыру керектігі жөнінде кеңес беріп, өзге де әлеуметтік қолдаулар төңірегінде бар білгеніммен бөлісіп жүрмін», – дейді Назимгүл. Осы орайда айта кетейік, АӘК тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік жағынан көмек көрсетуді көздейтін мемлекеттік кешенді қолдау көзі. Бұл – бірінші кезекте қаржылық төлемдер. Сондай-ақ, оның шеңберінде мұқтаж жандардың жұмысқа тұруына жәрдемдеседі, белгілі бір мамандықты игеруіне қолдау көрсетіп, оқуға жіберу, шағын несиелер беруге ықпал етеді. Тағы басқа да әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бүгінгі таңда Қобда ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы АӘК алу үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жалғастыруда.
БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Ағымдағы жылдың 12 маусымында "Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында Қобда ауданында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша "Nur Otan" партиясы ғимаратының алдында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 16 азамат қатысып, 3 азамат "Атамекен" кәсіпкерлерді қолдау палатасына "Жас кәсіпкер" оқу курсына жолдама алды, 7 азамат "Жасыл ел", 3 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Аудан тұрғындарына 134 бос жұмыс орындары ұсынылды және бос орындар жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіледі.
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН ҚОБДАЛЫҚТАР
Ағымдағы жылдың басынан беріле бастаған жаңаша форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті Қобда ауданында көп балалы аналар мен аз қамтылған 163 отбасы алыпты. Ал сәуір айынан бастап жоспар бойынша 286 болса, оның ішінде 237 өтініш қабылданыпты. Көрсеткіш өсуі ықтимал, өйткені тұрғындар тарапынан әлі де өтініштер түсіп жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, өңірде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың шағын шаруашылықтарын дамытуына да көмек беру жайы қарастырылады. Қаржылай көмегін алған жергілікті халық қазір күнкөрісін жақсартып отыр. Мемлекеттен қолдау көргендердің бірі мал асыраса, енді бірі құс шаруашылығын қолға алған. Ал біздің кейіпкерлеріміз көп балалы отбасы Екатерина Киреева мен Гүлдана Байрахметова. Ол үшін алдымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен толық мәлімет алып, ондағы маманның көмегімен құжат жинаған.Нәтижесінде, мал бағып, отбастарын асырап отыр.
Екатерина Киреева, жалғызбасты көп балалы ана:
— Отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1 бұзау, 3 торай, 20 тауық сатып алдық. Қазіргі таңда осы алған мал-құстарымды көбейту басты мақсатым.Осылай кішкене шаруашылықты дөңгелетіп, табыс көзін молайтуға демеу көрсетілсе, мал өсіруге жағдай жасалса, мемлекетке мойын артып, орынсыз көмек күтетін адамдар да азаяр еді деп ойлаймын.
Мемлекет тарапынан берілетін көмек жұмыссыз немесе күнкөрісі төмен отбасыларға өз кәсіптерін ашып, дамытуға берілген зор мүмкіндік. Бұл бағдарлама азаматтарға өз кәсібін ашуға жағдай жасайды.Қазіргі таңда халыққа әлеуметтік көмекті алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Гүлдана Байрахметова, Бестау ауылының тұрғыны:
Қаражат қолыма тиген бойда бір жабағы сатып алдым. Жем-шөбі де дайын.
Мемлекеттің беріп отырған атаулы әлеуметтік көмектің арқасында тірлігімді жүргізіп отырмын. Ыңғайлы. Өзім сияқты көп балалы аналарға айтар едім, майда-шүйдеге ақшаны кіргізіп жібермей, осылай балалардың көз алдында отырып мал баққан дұрыс.
Мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған батыр аналар қаражатты желге ұшырмай кәсіп бастап, тұрмысын түзеуге көшкен.Мұның алдыңғы бағдарламадан айырмашылығы отбасыға өз кәсібін ашуға, еңбекке қабілетті жандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Қуаныш Бегалиев, Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:
«Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз төлемдер түрінде жүзеге асырылады. Шартты көмек 12 айға алынады. Шартсыздары 6 айға алынады. Бұл әлеуметтік көмек үйінде жағдайы шынында да төмен, тамақ және балаларына мектепке баруға киім таппай отырған отбасыларға арналған көмек. Сондықтан бұл жерде комиссия оны ажыратуы керек. Шартты ақшалай көмекті 211 отбасы, 1087 адамға, шартсыз ақшалай көмекпен 33 отбасы, 115 адам қамтамасыз етіліп отыр.Көбісі мал шаруашылығымен айналысып жатыр. Бірі уақ мал алып, бірі мал бордақылаумен айналысып жатыр. Құс шаруашылығын қолға алғандар да бар. Еңбекке қабілетті 54 азаматты жұмыспен қамтыдық. Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмекті дер кезінде үлестіру үшін қазір мамандар күні-түні жұмыс істеуде.
Ал, бизнестік идеяларға көңіл бөлу «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламаның «Еңбек» бағытында 2017 жылдан бастап қолға алынған. «Еңбек» бағдарламасы осы секілді ірі бастамалардың заңды жалғасы болып есептеледі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда шағын несие беру арқылы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтылуы. Бұл тұрғыдан алғанда, кәсіпкерліктің дамуына жол ашылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бізідң ауданға кәсіпкерлікті дамыту үшін қайтарымсыз 8 грант 100 МРП (250 мың теңге) берілген. Қазіргі таңда құжаттар жиналып жатыр. Соған қоса тағы 22 грант 200 МРП (500 мың теңге) дейін беру көзделген. Оған да енді құжаттар жинауды бастаймыз деп отырмыз.Қатысам деушілер аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына келулеріңізді сұраймын», - дейді.
Салаға жауаптылар қазір жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек жергілікті халықты кедейлік құрсауынан құтқарып, тұрмысын түзеуіне сеп болуда деп сендіреді.
1 МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
1 маусым "Балаларды қорғау күніне" орай, "Ерасыл-Н" мүгедектерді қолдау орталығы аудан бойынша ерекше балаларды Ақтөбе қаласындағы "Yurtapark" ойын-сауықтыру кешеніне серуендетті. Аталған шара балалардың көңілінен шықты. Ата-аналар өз тарапынан ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін «Е-халық» ақпараттық жүйесіне ауылдық округтер мамандарымен және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеуде. Бүгінгі күні ауданымыздың 309 тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекке жүгінді. Барлығына толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Наурыз жауған әз науырыз!
Кеше бейсенбі күні «Ерасыл-Н» мүгедектерді қолдау орталығы және Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесіп облыс әкімі Бердыбек Сапарбаевтың «Бақытты балалық шақ» атты жобасының аясында мерекелік іс шара ұйымдастырды. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік сахна әдемі безендіріліп, ал оқушылар үйінің тәрбиешулері шағын мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.
«Ерасыл-Н» қоғамдық бірлестігін тәрбиенушісі Мадина Ерлік «Мама» әнін орындаса, мың бұралған бишілер тамаша билерін тарту етті . Салтанатты мерекеге жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды. Сонымен қатар, шара барысында балалар арасында қызықты сайыстар өткізілді. Белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді. Жалғызбасты қарт Валентина Ражева кішкентай бүлдіршіндерге бірқатар әсем сыйлықтарын табыс етті. Мерекеге қатысушылар Нурыз кожеден дәм тәтіп, жылы лебіздерін айтып, тілектерін тілеп, көтеріңкі күймен тарқады .
Облыс әкімі бекітілген кездесу кестеге сәйкес 2018 жылдың 11 қантарында Қобда аудандық әкімдігі ғимаратында Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Қ.У. Отаров, Ақтөбе облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлім басшысы Р.К. Иманкулова, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясының инспекторы Ж.М. Жубаназаров және Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.Ж.Сексенбаеваның қатысуымен «2018 жылдан жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу туралы», «Әйелдер үшін зейнет жасын 2018 жылдан бастап кезең- кезеңмен 63 жасқа дейін көтеру туралы» және «Еңбек қатынастар реттеу туралы» Қобда ауданының ауылдық округ әкімдері мен мамандарына, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына және аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстар өткізілді. Барлығы 132 азамат қамтылды оның ішінде аз қамтылған отбасы мүшелері және зейнет жасына жететін әйелдер.
Үш жақты комиссия
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам» бағдарламасының 95 тармағы негізінде, есепті мерзімде, аудандық ұйымдарда қолданыстағы еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында, ұжымдардың жұмыскерлеріне Еңбек кодексінің және өзге де салалық нормативтік құқықтық актілердің нормалары бойынша түсіндірмелер мен оқытып-үйрету жұмыстары және бірқатар тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық үшжақты комиссия – бұл атқарушы билік органдарымен, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін диалог алаңы.
Әлеуметтік әріптестік келісімдер әлеуметтік және еңбек комиссиясының қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия отырысы 2017 жылы 6 отырыс өткізіліп, 15 мәселер қаралып ,нәтижесінде еңбек құқықтарын қамтамасыз ету,өндіріс үдестерді тұрақтандыру мәселері жөніндегі 51 меморандумға қол қойылды және 367 жұмыс орындары сақталды.Сонымен қатар комиссия шешімімен жеке кәсіпкерлік субъектілердің бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына әр номинация бойынша талапкерлерді ұсынылды:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинацияға қатысқан талапкер
ШҚ «Алтын дала» - басшысы Алитурлиев Сандыбай, Жарсай ауылы
«Үздік ұжымдық шарт»номинацияға қатысқан талапкерлер:
1.ЖК «Нуржол»- басшысы Шалимов Рустам, Қобда ауылы.
2.ИП «У.Утенова»- басшысы Утенова Үміт, Қобда ауылы.
Ағымды жылдың 6 желтоқсанда Еліміздің ең беделді марапаттарының бірі «Парыз » бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы өтті.Аталған шараны жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрлігі«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР кәсіподақтар ферерациясымен бірлесіп өткізіп келеді.Бұл байқауға биіл 10 жыл.Сондықтан ерекше мәртебемен «Парыз табысты 10 жыл!» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрігілінің дипломмен марапаталды.
Сонымен қатар комиссия отырысының көтерілген мәселердің бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, мүгедектерді,білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын кәмілеттік жасқа толғанша ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған жастарды жұмыспен қамту және де басқа әлеуметтік шараларға тарту .
Аудан бойынша пробация қызметінің есібінде тұрған жұмысқа орналастыру үшін үш пайызы мөлшерінде квота №29 2017 жылдың 16 ақпандағы Қобда аудандық әкімдігінің қаулысымен белгіленді, тұлғалар үшін 4 жұмыс орны
белгіленіп жыл басынан осы санаттаға 12 азамат жұмыспен қамтылды, оңын ішінде 8 тұрақты .
Аудан бойынша мүгедектер үшін №160 2017 жылғы 5 шілдедегі Қобда аудандық әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы белгіленіп
жұмыс орындар саның екіден төрт пайызға көбейіп,бүгінгі танда 9 мүгедек жұмысқа жолданды.
Жұмыссыздарды, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жедел жұмысқа орналастыру мақсатында өңірде жүйелі түрде бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізіледі.
Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының мәлеметі бойынша ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ауданда жалақы қарызы, өндірістік жарақат, өндірістік жазатайым 14 оқиға тіркелген .Оңын ішінде 1 факт өндірістік жарақат, жалақы қарызы , зансыз жұмыстан босату, қысқарту 13 факт.
Сонымен қатар ағымды жылы аудан бойынша 12 мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындарда, оңын ішінде 8 аудандық мекемелерде 70 азамат жұмыс орындары қысқаруына байланысты жұмыссыз қатарына еніп, бүгінгі таңда 47 азамат жұмыспен қамтылды, немесе орналасқан деңгейі 64 пайызды құрап отыр. Есепті кезенінде ақпараттық жүйеде жұмыссыз ретінде 16 азамат тіркеуде тұр.Атап кетсек Қобда аудандық мектеп балабақшасы, Қиыл БМ, Жарық БМ,Ропповка БМ жабылып 55 азамат қысқарлып, бірақ Қобда аудандық білім бөлімі ішіанара бұл мәселені қолға алып 38 азаматты жұмыспен қамтыды.
2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның жаңа Еңбек Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жаңа енгізілімдермен Қобда ауданының кәсіпорындарындағы қолданыстағы ұжымдық шарттар белгілі өзгерістер мен толықтыруларды қажет етеді, мысалы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру, жұмыс берушінің қызметін декларациялау, зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жіберу және т.б. Аталған жаңа енгізілімдер Қобда ауданының кәсіпорындарының ұжымдық шарттарына енгізілуі қажет.Бұдан басқа, жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде әрі қарай мониторинг үшiн Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасына ұсынуға мiндеттi. Осыған орай жұмыс берушілердің назарына және қатан бақылауға алуын сұраймын.
Баяндамамды қорытындылай келе бірнеше ұсыныс енгізуге рұқсат етіңіз
1) Біздің аудан ауылшаруашылық ауданы болғандықтан сонымен қатар жаңа зейнетақы реформалардың өзгерістердін енгізуіне байланысты ауданда ауылшаруашылық кәсіподақты құру;
2) Кәсіподақ белсенділерін Еңбек заннамасының негіздеріне елді мекендерге шығып ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарда оқытуды ұйымдастыру.
3) Келесі комиссия отырысын келісім бойынша «Қобда жер» ЖШС-нің ғимаратында еңбек құқықтарын сақтау және жұмысқа қабылдау меморандум келесімін үйымдастыру.
Жаңа әлеуметтік сала объектілерінің жұмысы, олардың қол жетімділігі мен пайдалануы туралы.
Қобда ауданы бойынша 477 мүгедек тіркелген, соның ішінде ересектер арасында 1 топ- 30 адам, 2-топ – 179 адам, 3- топ – 212адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 55.
Жалпы мүгедектердің ішіндегі жүріп тұру іс-қимылы нашар кресло- арбада -20адам, соның ішінде -5 бала, нашар еститіндер – 9 адам,соның ішінде -6 бала, көзі нашар көретіндер- 9 адам, жалпы аурумен -101 адам.
«Нұр Отан » партиясы орталық аппараттың 2017 жылғы 30 маусымда «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» партиялық жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілген республикалық кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1- шілдесі мен 1- ші қыркүйегі аралығында әлеуметтік объектілерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігі жайында рейддер жүргізілді.
Қобда ауданы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің саны 100. Соның ішінде мемлекеттік мекемелер - 21, денсаулық саласы – 17, әлеуметтік қорғау саласы -1, білім саласы – 34 мекеме, дене шынықтыру және спорт -1 мекеме, мәдениет саласында -15 мекеме және басқа салаларда - 13 мекеме. Барлық мекемелерге мемлекеттік стандарт жолданып бейімделді.
Қобда ауданының ведомствоаралық комиссиясы құрылып, 98 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері паспорттау жүргізіліп, бейімдеуден өтті. 2 мекеме «Педагогикалық – психологиялық түзеу кабинеті » КММ және 320 орындық Қобда гимназиясы паспорттау мен бейімдеуден өтіп, бүгінгі күні аудан бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілері паспорттау толық жүргізіліп 100 пайызға орындалды.
2018 жылы жаңадан салынып жатқан спорттық кешені және «Амангелді» сауда үйі паспорттау мен бейімделуі жоспарлануда.
Аудандық тұрғын-үй-коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы мүгедектерге арналған 7 дана жол белгілері алынып Қобда аудандық акимат, аудандық сот, аудандық прокуратура, Қобда ауылдық округі, Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және аудандық аурухана мекемелерінде орнатылды.
Сонымен қатар көшедегі автокөлік жүретін жол ортасында ақ сызыпен қатар сары сызық жүргізілуі тиіс, жаяу жүретіндер белгісінің қасына дабыл қоңырауы орналастыру қажет, барлық мекемелерде тактильді тақталармен жабдықталуы, жаңадан салынып жатқан барлық ғимараттардың сметалық құжаты дайындалып жатқан кезде мүгедектерге арналған пандус стандартқа сай енгізілуін қажет етеді.
Облыс әкімінің 2017 жылғы қараша айының 17 күні аппарат отырысында берген хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша:
44 АС 20.12.2017 Тәуелсіздік күніне орай ардагерлерге,мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыстарды күшейту, Жаңа жыл мерекелерінде кездесулер мен құттықтауларды ұйымдастыру.
Аталған мерекелерге аудандық іс-шара жоспары бекітіліп,орындау барысында.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шаралар туралы мәлімет.
Барлық елді мекендерге тұрмысы төмен отбасыларына, жарымжан жандарға, жетімдерге, мүгедектерге, жалғыз басты қарттарға, көп балалы отбасына 252 адамға,жалпы сомасы 1500,0 мың теңгеге қайырымдылық ( азық-түлік, киім-кешек, мал азығы,ойыншықтар,қысқы отынмен) көмек көрсетілді сонымен қатар Тәуелсіздік күніне аталған мереке жалғасын табады.
1 Желтоқсан – Тұңғыш Призедент күні және 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай қайырымдылық акцияға берілген тізім
А. Т. Ж
Әлеуметтік жағдайы
Көрсетілген көмек
1
Пагадаева Екатерина
Аз қамтылған
ЖШС «Қобда-Жер» әр қайсысына 50 кг ұнмен қамтамасыз етті.
2
Кукбаева Айнур
Аз қамтылған
3
Шингалина Даметкен
ІІ топ мүгедегі
4
Нигметов Тимур
Балалар үйінің түлегі
5
Кошербаева Шолпан
Қамқоршы
6
Ешкей Еркенгуль
Көп балалы
7
Тлеуова Назира
Көп балалы
8
Рыскаль Дмитрий
І топ мүгедегі
9
Гриценко Яна
Бала мүгедек
10
Суханберлиева Акерке
Аз қамтылған
11
Жумашева Света
Аз қамтылған
12
Исатаев Кобланды
Аз қамтылған
Орындаған: Таурбалина Р.Р
8 (71341) 21-0-06
2016ж