«Қобда аудандық білім бөлімі» ММ

Нұрлыбай Узбекұлы Айжарыков
«Қобда аудандық білім бөлімі» ММ
21-5-33
21-4-39
22-0-39
21-3-78
Білім саласының желісі
Аудан бойынша 2015-2016 жылында 30 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 3 бастауыш мектеп, 8 негізгі және 19 орта мектеп бар, 2625 оқушы білім алды.
Жаңа 2015-2016 оқу жылы қарсаңында жалпы білім беретін мектептер желісі оқушы контингентінің аздығына сәйкес 3 бірлікке кеміді, Жарық БМ, Ортақ БМ, Сөгәлі БМ жабылды.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда (2014 – 2015 оқу жылында – 33 жалпы білім беретін мектепте 2727 оқушы білім алды) 109 оқушыға оқушы саны азайып келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы” қаулысына сәйкес орта мектептерде 81 және одан көп оқушы, негізгі мектептерде 41 және одан көп оқушы болуы керек. Қазіргі таңда орта мектеп пен негізгі мектеп оқушылар санының азаюына байланысты, білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне сәйкес келмейтін мектептер бар, олар:
Мектеп атауы
оқушы саны
норматив
1
Бегалы орта мектебі
51
81-ден жоғары
2
Жанаталап орта мектебі
65
81-ден жоғары
3
Жарық орта мектебі
60
81-ден жоғары
4
Өтек орта мектебі
65
81-ден жоғары
5
Қазақстанның 15 жылдығы ат.ОМ
63
81-ден жоғары
6
Сарбұлақ орта мектебі
77
81-ден жоғары
7
И.Білтабанов ат.ОМ
70
81-ден жоғары
8
Ақсай негізгі мектебі
35
41-ден жоғары
9
Бұлақ негізгі мектебі
27
41-ден жоғары
10
Жарық негізгі мектебі
12
41-ден жоғары
11
Қаракемер негізгі мектебі
18
41-ден жоғары
12
Құрсай негізгі мектебі
25
41-ден жоғары
13
Қосөткел негізгі мектебі
25
41-ден жоғары
Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы білім беретін мектептермен қатар балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған 3 мектептен тыс ұйымдар қызмет жасайды. Мектеп оқушыларының қамтылуы – 33,1% (Оқушылар үйі – 675 оқушы, музыка мектебі – 193 оқушы, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі-508). Аудан бойынша 1-психологиялық-педагогикалық тузету кабинеті (28 оқушы), 1-И.Құрманов атындағы ОМ жанындағы интернаты (34 тәрбиеленуші), 1-Отбасы үлгісіндегі балалар үйі (10 тәрбиеленуші)бар.
Білім саласын ұстаудың жылдық көрсеткіші
2014 жылы білім саласын қаржыландыруға -1939390,8 мың.теңге жұмсалды, ал 2015 жылы-1797183,6 мың. теңге бөлінді.
Егер 2014 жылы орташа жалақы қоры-76265 мың теңге болса, 2015 жылы-80067 мың теңгені құрады.
2016 жылы Оқулықтар сатып алу үшін 13 890,0 мың теңге, ал тасымалдауға 200,0 теңге бөлінді.
Білім беру жүйесін қаржыландыру
«Жол картасы-2020» бағдарламасыа аясында Сарбұлақ ОМ (35618,0 мың теңгеге) және Ақырап ОМ-де (43904,0 мың теңге) жалпы сомасы 79 522,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Аймақтарды дамыту» бағдарламасының аясында аудан мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 984,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, аудан мектептерінің ағымдағы және косметикалық жөндеу жұмыстарына 8 298,0 мың теңге бөлініп, игерілуде.
Мектепке дейінгі тәрбие
Ауданда 0 жастан 7 жасқа дейінгі балалар саны – 2145. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны–909 бала, мектепке дейінгі шағын орталықта-266 бала болса, мектеп алды даярлық кластарында барлығы-125 бала бар, яғни аудандағы мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны 1175 баланы құрайды, бұл аудандағы мектеп жасына дейінгі балалардың 99% қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес Қызылжар ауылындағы «Балауса» және Жарық ауылындағы «Күншуақ» бөбекжайлары Қобда ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы №242,243 қаулылары негізінде таратылып, Қызылжар және Жарық ОМ-де шағын орталықтар ашылып, 41– 18 сәби қамтылды.
Мектепке дейінгі білім беру саласында 120 педагог қызмет етуде, жоғары білімді педагогтар саны 50, оның ішінде 43 педагог мектепке дейінгі біліммен, 70 маман арнаулы орта біліммен, оның ішінде 68 педагог мектепке дейінгі білім мамандығы бойынша еңбек етуде. Жоғары санатты – 3, бірінші санатты-28, екінші санатты-30, санатсыз-59 педагог жұмыс жасауда.
Ақпараттандыру, Интернет желісі
Білім сапасын арттыруда мектептердің оқу кабинеттерімен жабдықталуының аса маңызды орны бар. Ауданда жаңа буындағы пәндік кабинеттермен жабдықталған мектептер, оның ішінде физика кабинеті – 22 (81,4%) бірлік, химия кабинеті – 9 (33,3%) бірлік, биология кабинеті –8 (29,6%) бірлік және мектептердің 44,4%-ы (12 бірлік) лингофонды-мультимедиялық кабинетпен жабдықталған. Пәндік кабинеттермен жабдықталу 46,1% құрайды.
Интернет желісіне мектептер 83,3%, соның ішінде 25,0% кең жолақты интернет желісіне қосылған (2015 жылы-72,7%).
Білім сапасы
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын меңгеру деңгейін көрсететін, білім беру сапасын анықтау көрсеткіші оқушыларды сырттай тәуелсіз бағалау болып табылады (ҰБТ).
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшеліктері:
Біріншіден, тест тапсырмаларының базасында логикалық сұрақтар қатары көбейді, тапсырмаларға диаграмма, сурет, схема, таблица (биология, география, химия, математика, физика) қосылды, тарихи құжаттармен, жазба материалдарымен жұмыс жасау, мәтінді түсіну және қабылдауға арналған тапсырмалар, ҰБТ өткізу процедурасына қойылатын талап күшейтуге аса мән берілді.
Екіншіден, ҰБТ өткізу процедурасына қойылатын талаптар күшейді. ҰБТ өткізудің пунктінде ұялы байланыс сигналдарын бәсеңдету, бейнебақылау құралдары қатарына қол металліздегішпен қатар, рамалы металліздегіш қолданылды.
Қобда ауданы бойынша мектеп бітірушілер саны -188, ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген 141 (75%) түлектің ұлттық бірыңғай тестіге 134-і немесе 71,3% қатысты (2015 ж.–79,1%). Аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысым көрсеткіші жоғары Қобда гимназиясы-100% және Қазақстанның 15 жылдығы ат.ОМ-93,8%. 2015 жылмен салыстырғанда, Пятигорск ОМ қатысу–15,3%-ға (2015 ж-62,5%, 2016 ж-77,8%), Өтек ОМ–13,3 % (2015 ж-66,7%, 2016 ж-80%) жоғарылады.
Ең төменгі көрсеткіш Талдысай ОМ, небары 43,8% (7 түлек 16 түлектен), Жиренқопа ОМ–50% (2 түлек 4 түлектен), Бегалы ОМ–50% (2 түлек 4 түлектен), Калиновка ОМ-50% (6 түлек 12 түлектен). Бұл жағдай ауданның қатысым көрсеткішінің өткен жылмен салыстырғанда–7,8%-ға төмендеуіне әкелді.
Тестілеу нәтижесінде ауданда орта балл–80,4 (2015 жылы-72,9) былтырғы жылмен салыстырғанда-7,4 балға жоғарылады.
Тест қорытындысы бойынша Бегалы орта мектебі 1 орында-105,5; 2-ші орында – Қобда гимназиясы–100,6; 3-ші орында – Жиренқопа орта мектебі–96,0 балл. Дегенмен де, биылғы критерийлер бойынша алғашқы орында - қатысымы да, орта балы да жоғары Қобда гимназиясында-100,5 орта балл және қатысымы –100%; Қазақстанның 15 жылдығы ат.ОМ-87,7 балл және қатысымы-93,8%.
ҰБТ нәтижесінде ауданның көрсеткішінен жоғары орташа балл көрсеткен мектептер:
1)Бегалы ОМ-105,5
2)Қобда гимназиясы-100,6
3)Жиренқопа ОМ-96,0
4)Қазақстанның 15 жылдығы ат.ОМ-87,7
5)Ақырап ОМ-87,2
6)Пятигорск ОМ-86,9
7)Қобда қазақ ОМ-84,4
8)Ә.Молдағұлова ат.ОМ-84,4
ҰБТ нәтижесінде ауданның көрсеткішінен төмен орташа балл көрсеткен мектептер:
1) И.Білтабанов ат.ОМ-73,4
2) Талдысай ОМ-71,9
3) И.Құрманов ат.ОМ-71,6
4) Қобда ОМ-71,3
5) Сарбұлақ ОМ-70,2
6) Қызылжар ОМ-68,8
7) Калиновка ОМ-68,2
8) Өтек ОМ-68,3
9) Жаңаталап ОМ-66,3
10) Терсаққан ОМ-62,0
ҰБТ қорытындысы бойынша 36 (26,8 %) түлек 100-ден жоғары балл жинады (2015 жылы–8 түлек, 5,6%). Ауданда ең жоғары 122 балл жинаған Мурунчаева Назгуль Қазақстанның 15 жылдығы ат.ОМ түлегі.
100-ден жоғары балл жинаған түлектер қатарында Қобда гимназиясының 8 түлегі, Қобда қазақ ОМ 7 түлегі, Қазақстанның 15 жылдығы ат.ОМ 5 түлегі.
«Алтын белгі» аттестатына үміткер 10 түлектің 7-і өз білімдерін дәлелдеді (2015 жылы 8 үміткерден ешбіреуі дәлелдеген жоқ).
Ұлттық бірыңғай тестілеуде 27 түлек (20,1%) шектеулі балды жинай алмады.
Биылғы жылы жоспарға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша білім сапасын бақылау департаменті тарапынан 1 мектеп (Ропповка БМ) және 1 МДҰ («Балдаурен» МКҚК, Көк үй ауылы) аттестациядан өткізілді.
Мемлекеттік бағдарламада шағын комплектілі мектептерге қолдау мәселесі қаралған (класс толымдығының өте төмен болуы және класстардың біріктірілуі, мұғалім жүктемесінде пәндердің көп болуы, кәсіби білікті мамандарға қажеттілік, нашар материалды-техникалық база, оқытудың ақпараттық-комуникациялық технологияларын жеткіліксіз пайдалану).
Осы мақсатта ауыл мектебі базасында құрылған, тиісті материалдық-техникалық базасы және кадр құрамы бар Ресурстық орталық потенциалы толық көлемде пайдаланылуда. Олар өз айналасына жақын орналасқан бейіналды даярлау мен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін ресурстары жеткіліксіз шағын комплектілі мектептер қатарын біріктіреді.
Бүгінгі күні шағын комплектілі мектептердің тірек мектептерінің ресурстық орталығы- Қобда орта мектебі базасында құрылды, қазіргі таңда 63 оқушы Сарбұлақ ОМ, И.Білтабанов ат.ОМ, Қосөткел НМ, Ақсай НМ, Жарсай НМ қамтылуда.
Елбасының тапсырмасымен білім беру жүйесіне шетелдің озық тәжірибесінен алынған үштілділік енгізілді. Осы бағытта ауданымызда үш тілде оқытылатын Қобда қазақ орта мектебінде эксперимент жұмыстары жүргізілуде.
Жазғы демалыспен қамту
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырындағы №190 қаулысына сәйкес 2016 жылғы жазғы кезеңде оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін ауданның 1-10 сынып оқушылары (2435) жазғы демалысымен 2375 (97,5%) қамтылады.
Лагерьлерге ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (государственное детское пособие) алатын және көп балалы отбасы балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім, әлеуметтік жетім, әлеуметтік қорғалмаған, мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі, тубвиражды және ІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі есебінде тұрған балалар қамтылады.
Сауықтыру кампаниясы 3 кезеңде 01 маусымнан тамыз айына дейін жүргізіледі.
І- кезеңнің қорытындысы бойынша ауданда 30 мектеп жанындағы, 1 орталықтандырылған, 1қосымша білім ұйімінің лагерьлері жұмыс жасап, 1061 бала қамтылды (ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім, әлеуметтік жетім-32 бала, мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі 26 бала, мектептеріндегі 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (государственное детское пособие) алатын, әлеуметтік қорғалмаған -138 бала, көп балалы отбасы балалары-159 бала) 30 (19 орта, 8 негізгі, 3 бастауыш) мектеп жанындағы лагерьлерде 971 бала қатысты, 106 бала «Жаппай білім қорынан» ыстық тамақпен қамтылды.
Егіндібұлақ ауылындағы И.Құрманов ат. ОМ жанындағы мектеп – интернаты базасында орталықтандырылған «Достық» лагерінде 15.06-26.06.2016 аралығында 50 әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасының балалары демалды. Балалар туризм, экология, өлкетану, әдебиет бағытындағы білімдері мен қызығушылықтарын арттыруда. Оқушылар оқу, демалысы уақытында мәдени-тарихи құндылығы бар жерлерге (Қобыланды батыр кесенесі, Абат- Байтақ,) баруына жоспарланып, орталықтандырылған «Достық» лагерінің балалары Әлия ауылының «Әлия» патриоттық орталығына саяхатқа барды. Қала сыртындағы сауықтыру лагеріне шілде айында 80 бала демалады.
Сонымен қатар, мектептерде еңбекпен қамту мақсатында жазғы көгалдандыру лагері де жұмыс жасайды. Оқушылар еңбекпен қамту демалысын мектеп жанындағы бау-бақшаларда, «Жасыл ел» тобында, орман шаруашылығында жұмыс жасайды.
Жазғы демалыс уақытында оқушылардың денсаулығы және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және қауіпсіздік шараларын алуда ата-аналармен жиналыс өткізілді. Демалыс уақытында ауыл маңындағы су бөгеніне түсу туралы қауіпсіздік сақтау мақсатында мектеп басшыларына аудандық білім бөлімінен бұйрық жіберілді.
Бала құқығын қорғау
Ауданда қамқоршылық және қорғаншылық есебіне 43 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелсе, оның 33-і жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалып 23 қамқоршы отбасы қарамағындағы балалар және 10 бала Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері, балалардың барлығы тұрғын үй кезегіне қойылды. Қорғаншылық және қамқоршылық есебінде тұрған 33 баланы күтіп-бағуға ай сайынғы жәрдемақы төленеді, бір балаға 19820 теңге.
Даму мүмкіндігі шектеулі 112 баланың сапалы білім алуға тең қол жетімділігін қамтамасыз ету- білім басқармасы қызметінің бөлінбес құрамдас бөлігінің бірі. Аталған санаттағы балалардың арнаулы жалпы білім беретін бағдарламалармен қамтылуы 97,3% -ды құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтау, түзеу, оқыту үшін 28 баланы қамтыған арнайы кабинет қызмет жасайды.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен инклюзивті білім беруді дамыту – мүмкіндігі шектеулі балаларды жаппай мектептің білім беру ортасына қосу үшін жағдай жасау қарастырылған. 24 жалпы білім беретін мектепте мектеп жасындағы 42 тан астам баланың инклюзивті білім алуына жағдай жасалған.
Аудан көлемінде 44 мүгедек бала тіркелген, 10 бала денсаулығына байланысты үйден оқытылады, оқуға жарамсызы – 3.
Педагог кадрлар
Аудан бойынша білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын 791 ұстаздың 82,3% (651 мұғалім) жоғары кәсіби білімді және жоғары санатты – 93, бірінші санатты –281 педагог, ол – 47,2% құрайды Жоғары санатты мұғалімдердің басым бөлігі Қобда қазақ ОМ (31,3), Ә.Молдағұлова ат ОМ (25,7), Қобда ОМ (23,6), Қобда гимназиясы (20,5), Ақсай НМ (31,2).
2015 жылы ауданның 6 мектептерінде (Терісаққан ОМ, Пятигорск ОМ, Бұлақ НМ, Жарық НМ, Қиыл БМ, Ропповка БМ) жоғары санатты мұғалімдер мүлдем жоқ. Бұл - мұғалімдердің өз білімдерін жетілдірмей, шығармашылықпен жұмыс жасаудан алыстап кеткендігін анықтайды.
«Білім туралы» ҚР Заңының 51-бабы 6-тармағына сәйкес педагог мамандар бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыру курсынан өтуі керек. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы институты базасында аудан бойынша 2016 жылы 183 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтті.
2012 жылдан бастап жаңа форматтағы үш айлық бағдарламамен аудан бойынша 110 ұстаз 1, 2 және 3 базалық деңгейдегі біліктілікті арттыру курсынан өтіп, еңбекақыларына 30, 70 және 100 пайыз көлемінде үстемақы қосып алуда. (2012, 2013, 2014, 2015 жылдары аталған деңгейлік курсты 110 мұғалім аяқтады,ол 13,4% құрайды). Өкінішке орай, деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің білім сапасының көрсеткіші қатардағы мұғалімдермен ешқандай айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Сондықтан, осы бағытта біліктілік талаптарының сәйкестігін қадағалау мақсатында сараптама жасап, шаралар қолдануымыз қажет деп шешіп, аудан бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді ағымдық бақылауларды (сауалнамалар – ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен, мектеп мұғалімдерімен, оқушылармен жүргізілген) өткізгеннен кейінгі қорытындылары жақсы нәтиже бергенмен де, оқу жылының соңында ҰБТ, ОЖСБ ( оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылау) қорытындысы төмен көрсеткіш беретіні қынжылтады.
2015-2016 оқу жылының басындағы педагог кадрларға сұраныс саны 17-ні құрап, қосымша сұранысқа сай 25 жас маман келді. Дегенмен, орыс тілі мен әдебиеті, математика, психолог, ағылшын тілі сияқты мамандықтарға кадрлар тапшылығы жабылмай отыр.
«Дипломмен - ауылға» жобасының Медиа-жоспарын іске асыру мақсатында 0,01%-тік несие алып, 2013 жылы-13, 2014 жылы-7 маман баспаналы болды. Сонымен бірге, медициналық тексеріс пен коммуналдық төлемге де жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, төленеді.