Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі арасында өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Қобда ауылы № 4 «___» ______ 2017 жыл
Жиналысқа қатысқандар:Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлері.
Күн тәртібінде:
1.Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі.
Тыңдалды:
Жиналысты Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы М.Кустуртова ашты:
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп – өркендеп, небір қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіптің бірі.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тежейді. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасуда, оның аймақтардағы, салалардағы ерекшелігі – ауқымдылығы.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен қүресу – жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара болып табылады. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау – қоғам өмірінің, дамуының бірден бір кепілі болмақ.
Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу болып табылады.
«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге келген мамандармен жұмыс барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдылықты алға тарта отырып қызмет атқарумен қатар әдеп кодексінің нормаларын да қатаң сақтауы тиіс.
Жалпы жиналыс қаулы етеді :
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жасауға жол бермеуге және әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіндіру жұмыстарын ерекше қатаң бақылауға алынсын.
Төрайымы: М.Кустуртова
Хатшы: А.Черниязова
Мемлекеттік органның құрылу тарихы
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі дербес мемлекеттік мекеме болып қалыптасқанға дейін Қобда ауданы әкімі аппараты жанында ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына талдау жүргізетін «Экономика бөлімі» ретінде қызмет атқарды. Сол кезде бөлімде Е.Г.Стянкавичюс, Б.Е.Утаралова, А.Атамұратова қызмет етті.
2003-2006 жылдары «Қобда аудандық экономика бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылып, экономикалық талдау және болжамдаумен айналысты.
2006 жылдан бері «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі ретінде құрылып, келесідей бағыттарда жұмыс жасауда:
- жыл сайын алдыңғы жылға арналған ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;
- әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудан бюджетін жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлеу;
- әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- салалық аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi үйлестiру және олардың iске асырылуына мониторинг жүргiзу.
2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға қолдау көрсетілуде, оның ішінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие беріледі.
Сондай-ақ, жергілікті бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайту, салық салу базасын кеңейту бағытында қызмет атқарылуда.
2010-2013 жылдары кәсіпкерлік саласын біріктіру негізінде «Қобда аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі болып қосымша кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында мемлекеттік саясатты жүзеге асырды.
2006 жылдан бастап бөлімді Кустуртова Мария Нурлахметовна басқарып келеді.
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің құрылымы:
Аты жөні
Лауазымы - атқаратын қызметі
Кустуртова М.Н.
Бөлім басшысы – бөлімге басшылық етеді, мамандардың қызметтік міндеттерін бөліп, бұйрықтар шығарады, заржыландырудың барлық түрдері жөніндегі басқарушы-реттеушісі болып табылады, белгіленген бірлік мөлшерінде штаттық кестесін және еңбекақы қорын бекітеді, қызметкерлерді орналастырып, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Омаров Б.С.
Бас маман – «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру қаражатын игеру, мониторинг жүргізу, жергілікті өзін өзі бақаруды дамыту бойынша талдау жасау, жалпы өңірлік өнімнің қосымша өсу резервтерін іздестіру тобының жұмысын ұйымдастыру, үкіметтік, облыстық және аудандық хаттамаларға жауап беру.
Нуркеев Д.Ж.
Бас маман – ауданның инвестициялық жобаларын дайындау, салық салу базасын кеңейту жөніндегі есепті жүргізу, 2020 жылға дейінгі Ақтөбе агломерациясын дамыту іс-шаралар жоспарын жүргізу.
Назаров Д.Я.
Бас маман – мекеменің бухгалтерлік есебін жүргізу, айлық, тоқсандық, жылдық есепті жасау, мекеменің қажеттілігіне байланысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, бөлімнің іс қағаздарын және кадр жұмысын жүргізу.
Галиев М.К.
Бас маман – қаржы жылындағы аудан бюджетінің кіріс бөлімін болжамдау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен келесі қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді қабылдау, 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасына мониторингісін дайындау, «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендергі тұру және жұмыс істеу үшін келген маманадрағ қолдау көрсету, талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
Құстұртова Марина Нұрлыахметқызы
Экономика және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
22-0-08
21-1-92
21-6-50
8 701 365 90 78
8 705 594 33 02
ЖОБА
2017 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін бекіту туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2017 жылы Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
__________ Г.БАЛГАРИНА __________ Ж.ЕРҒАЛИЕВ
Ақтөбе облысы Қобда ауданы2013-2015 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Ауданның экономикалық - әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері
Қобда ауданы 1929 жылдың шілде айында құрылған, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында орналасып, солтүстікте – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде – Ойыл, Темір аудандарымен, шығысында – Мәртөк, Алға аудандарымен, батысында – Батыс-Қазақстан облысымен шектеседі.
Аудан аумағы – 12,7 мың шаршы шақырым немесе облыстың жалпы аумағының 4,2 пайызы.Халықтың тығыздығы 1,5 адам шаршы шақырымға.
Аудан аумағында 18 ауылдық округ, 31 елді мекен орналасқан. Аудан орталығы Қобда ауылы, облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан.
2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны 19 438 адам, облыстың халық санынан 2,5 пайызын құрайды.
Экономикалық саясаттың мақсаты – қалыпты және тұрақты экономикалық деңгейдің жоспарланған өсуін қамтамасыз ету (ҚР Президентінің 2012 ж 27 қаңтардағы халыққа Жолдауынан)
Краткое содержание:
Аудан 18 ауылдық округтерге бөлінген
1.Ақрап а/о
10.Исатай а/о
2.Бестау а/о
11.Қобда а/о
3.И.Білтабанов ат. а/о
12.Құрсай а/о
4.Бұлақ а/о
13.Қызылжар а/о
5.Бегалы а/о
14.Өтек а/о
6.Жаңаталап а/о
15.Сарбұлақ а/о
7.Жарық а/о
16. Сөгәлі а/о
8.Жарсай а/о
17. Құрманов ат. а/о
9.Жиренқопа а/о
18. Терісаққан а/о
Ауданның 2013-2015 жылдарға арналған экономикалық - әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштердің атауы
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015жыл
Ауыл шаруашылық жалпы өнімі, млн.теңге
10246,9
8900,0
9100,0
9328,0
Өнеркәсіп өнімінің өндіру , млн.теңге
898,9
921,3
944,3
968,0
Бөлшек сауда, млн.теңге
828,3
855,0
900,0
922,5
ВРП на душу населения , тыс.тенге
453,0
455,0
455,0
455,0
Негізгі капиталға инвестиция тарту , мың теңге
5766,2
5600,0
6000,0
6150,0
Халық саны , мың адам
19,4
19,8
20,3
20,8
Орташа жылдық ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге
13 750
14 575
15 450
16 300
Жұмыссыздық деңгейі, %
4,6
4,5
4,3
4,1
Айлық есептік көрсеткіш , теңге
1 618
1 731
1 852
1 972
Ең төмеңгі жалақы , теңге
17 439
18 660
19 966
20 465
БЮДЖЕТТІК БАРЫСЫНЫҢ СХЕМАСЫ
РАЗРАБОТКА БЮДЖЕТА
Аудан бюджеті – бұл орталықтандырылған қаражат қоры, ауданның мемлекеттік органдарының, ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің мақсаттары мен міндеттерін орындалуына қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
2013-2015 ж.ж. аудан бюджеті ҚР Бюджеттік және Салық кодекстеріне, Қобда ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық дамыту Бағдарламасына сәйкес құрылып, аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 56 шешімімен бекітілген.
Аудан бюджетінің кірістері және шығындары
Кірістері
Аудан бюджетінің болжамы меншік кірістері бойынша 2013 жылға 297,2 млн. теңге көлемінде анықталған, 2014 жылға – 311,3 млн. теңге, 2015 жылға – 318,9 млн. теңге.
Кіріс түсімдерінің жалпы көлемінің 95,1 пайызын салықтық түсімдері құрайды, немесе 282,4 млн. теңге, салықтық емес түсімдер 2,0 паыйзды құрады, немесе 6,0 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2,9 пайыз, немесе 8,6 млн. теңге.
Салық түсімдерінің негізгі көздері жеке табыс салығы (43,7%), әлеуметтік салық (40,7%) және заңды тұлғалардың мүлік салығы (6,0%).
2013-2015 жылдарға арналған бюджет кірістерінің құрылымы
мың теңге
Көрсеткіштер атауы
2012жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Кірістер, барлығы
2 976 098
2 775 746
2 840 913
2 829 798
Соның ішінде :
Салықтық түсімдер
295 416
282 495
288 353
295 577
Салықтық емес түсімдер
3 684
6 068
8 960
9 330
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім
6 331
8 662
14 000
14 000
Трансфеттердің және несиелердің түсімі, соның ішінде
2 670 088
2 478 521
2 533 830
2 515 291
Субвенциялар
2 089 235
2 113 463
2 149 069
2 182 339
Ағымдағы нысаналы трансферттер
262 516
304 538
226 517
252 477
Нысаналы даму трансферттер
318 337
60 520
158 244
80 475
Аудан бюджетінің 2013-2015 жылдырға арналған негізгі көрсеткіштер млн.теңге
Атауы
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Кірістер, барлығы
2 775,7
2 840,9
2 829,7
Шығындар, барлығы
2775,7
2 840,9
2 829,7
Соның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
230,6
230,2
232,3
Қорғаныс
2,6
2,7
2,8
Білім беру
1887,1
1 967,1
2 012,5
Қоғамдық кауіпсіздік қызметі
3,0
Әлеуметтік көмек
145,3
153,1
159,1
Тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы
101,9
171,4
93,8
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
204,6
187,2
190,7
Ауыл шаруашылығы
80,2
78,6
86,3
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
7,3
7,6
7,9
Көлік және коммуникация
65,0
12,0
12,0
Басқалар
48,1
31,0
32,0
Бюджеттің шығындары
Ауданның 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінің шығындарына 8 446,3 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалуы жоспарлануда.
2013-2015 ж.ж. бюджет шығындарының саясатының негізгі басымдылығы:
Әлеуметтік саланы жетілдіру. Бірінші кезекте, ҚР білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы, «Балапан» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары қаржыландырылады. «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, бюджет шығындары азаматтарды даярлау және қайта даярлауға, ауылдық жерлерде шағын несиені дамытуға және экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердегі халықты экономикалық әлеуеті жоғары орталықтарға көшуін ұйымдастыруына қарастырылады.
Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Осы бағыт шенберінде 2011-2020 ж.ж. тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жетілдіру Бағдарламасын және «Ақ Бұлақ» 2011-2020 ж.ж. Бағдарламасын жүзеге асырылуы басымдыққа ие болады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру.
2013 жылғы аудан бюджетінің шығындар құрылымы
2014 жылғы аудан бюджетінің шығындар құрылымы
2015 жылғы аудан бюджетінің шығындар құрылымы