Жобалар

Қобда аудандық мәслихаты шешімінің жобасы
Қобда ауданында тұрғын үй
көмегін көрсету мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Ж.М. Атамұратова
Қобда аудандық
мәслихатының хатшысы Ж.Қ.Ерғалиев
Қобда аудандық мәслихатының
2018 жылғы «__» __________
№___ шешіміне қосымша
Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қобда ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
5. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
7. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:
1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 40 киловатт;
2 адамға – 60 киловатт;
3 адамға – 80 киловатт;
4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;
3) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
8) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
9) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;
10) Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Шешім жобасы
«Қобда ауданы бойынша тіркелген
салық мөлшерін белгілеу туралы»
Қобда аудандық мәслихатының
2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы №257-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 19 «Қобда ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-143 болып тіркелген, 2012 жылдың 24 мамырында аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбында және бірінші тармағында:
«мөлшерін», «мөлшері» деген сөздер «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
Ә.Қорғанбаев Ж.Ерғалиев
Қобда аудандық мәслихатының шешімінің жобасы
2016 жылғы «___» _______________ №___
Қобда ауданында пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және бірыңғай жер
салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 386, 444 баптарына сәйкес Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы хатшысы
_____________________ ____________________
Жобаны ұсынған:
Қобда аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы Е.Таласпаев
Қобда аудандық мәслихатының «Қобда ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
р/с
Түсіндірме хатта көрсетілуге жататын мәліметтердің тізбесі
Әзірлеуші – мемлекеттік
органның ақпараты
1
Мемлекеттік орган-жобаны әзірлеуші
«Қобда аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ
2
Жобаны қабылдаудың негіздемесі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 386, 444 баптарына сәйкес
3
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаты мен мерзімдері
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылату
4
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық жағдайларға әкеп соқтыруы
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқытық жағдайларға әкеп соқтырмайды
5
Жобаны жүзеге асыруға қатысты қаржылық шығындар
Жоқ
6
Осы сұрақ бойынша бұған дейін қабылданған шаралар туралы мәліметтер
жоқ
7
Осы жобаға басқа да актілердің сәйкестендірілуінің қажеттілігі
жоқ
8
Басқа мәліметтер
жоқ