Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

Түктібаев Бағдаулет Нұртілеуұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
21-1-01
21-2-38
СУАРМАЛЫ ЕГІСКЕ ҚАРАЙ ОЙЫСЫП КЕЛЕМІЗ
Киелі Қобда ауданының шаруашылық негізі ауылшаруашылығы болса, оның ішінде суармалы егіншіліктің алатын орны зор. Соңғы жылдары облыс басшылығы да суармалы егісті дамыту туралы нақты тапсырмалар беріп отыр.
Ауылшаруашылығындағы ауа-райының өзгеріп, дәнді дақылдар отырғызу тәуекелінің ұлғаюы да негізгі басымдықтың ауыл шаруашылығына қарай ойысуына сеп болып отыр.
Талай жыл еккен егіні қуаңшылыққа орай күйіп кеткен диханның ендігі үміті суармалы шаруашылық қана. Бұл облыс әкімінің басты назарындағы мәселе екені де көпшілікке мәлім. Облыс әкімінің тапсырмасына байланысты Қобда ауданында да бұл жай қолға алынып, жыл сайын суармалы егіс пен бау-бақша көлемі артып келеді. Биыл да тың кәсіпке бел сыбана кіріскен шаруашылық құрылымдары аз емес.
Ауданның жалпы көлемі 14000 шаршы километр, яғни 1 миллион 400 мың гектар жердің бақша отырғызуға қолайлы бөлігі де жетерлік. Жерінің құнары аса шұрайлы, дихан үшін егіншіліктің қай түрімен шұғылданса да жайлы. Аумақта аудан аумағында өзендер мен бөгеттердің мол су қорлары бар. Бұл әсіресе ауданда суармалы егістікті дамыту, бақша егуге мүмкіндіктердің кең екенін айтады.
Қазір жергілікті халықтың көшіп кетуі мен жұмыс күшінің аздығы себепті сол шұрайлы жерлердің едәуір бөлігі пайдаланылмай жатыр. Қазір аудан аймағында 400 мың гектар суармалы жер, егістік алқаптары бос тұр.
Осыдан үш жыл бұрын құрамында су құбырларын жүргізудің эксперттері бар мамандар көкөніс, мал азығын егумен, дәнді дақылдарды суармалы егуді, бұршақ тұқымдастарды өсіруді қолға алған «Тамбай», «Қызылжар», «Құттығай, «Шабар», «Мақсат» басқа да шаруа қожалықтарында болып, олардың жұмысымен танысты. Егіншіліктің су көзінен ара қашықтығын, су қоймасының әлеуетін зерттеді. Облыстың ауылшаруашылығы басқармасы басшыларының сөзінше суармалы егіншілікті қолдау мақсатында республикалық бюджеттен «Азия даму» банкы арқылы қаржы бөлінеді. Сол қаржыға 12 шаруашылық 2400 гектарға бақша мен өзен арасына электр қуаты тартылып, сорғыш насос құрылғылар сатып алынады. Су соратын электрлі құрылғылар аудан әкімдігінің балансына алынып, суармалы егіншілікпен шұғылданатын шаруашылықтың пайдалануына тегін беріледі. Қазір суармалы бақша егіп отырған дихандардың көбі бензин мен газ балондарын сатып алып, едәуір шығынға батып отыр. Енді арзан электр қуатына жалғанса, оларға зор демеу екені сөзсіз.
Облыстық ауылшаруашылығы тарапынан да осы саланы дамытуға үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Егісті суаруға қолайлы жағдай туғызып, егінжайларға тегін электр желілерін тартып, сусорғыштар да тегін пайдалануға беріледі. Мұның өзі суаруға кететін жанар-жағар май секілді шығындарды мүлдем азайтады.
Бірер жыл бұрын ауданға газ желісі тартылып, кәсіпкерліктің қанат жайып, тың жобалардың жүзеге асуына кең мүмкіндіктер ашты. Газ желісі тартылған Қобда, Талдысай, Бестау, Әлия сынды елдімекендерде жылыжай салып, бақшамен жыл он екі ай айналысуға да жердің де аса қолайлы ресурстары молынан табылады. Бұл жағынан да мемлекеттің жергілікті атқарушы органдардың үлкен қолдауы мол.
Егін еккенге берілетін субсидиялар болсын, мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін тиімді несиелер болсын, жергілікті атқару органдарының мамандары мейлінше көмек қолын созуға әзір.
Тағы бір маңызды мәселе бәсекелестік тұрғыдан да дихан үшін еш кедергі жоқ. Өнімін өткізем дегенге 100 шақырым жерде Ақтөбенің нарығы болса, 80 шақырым қашықтықта Ресейдің үлкен шаһарлары бар.
Бүгінде бірер жылдан бері жергілікті атқарушы биліктің тағы ұстанған бағытының бірі-суармалы егіс егуге оңтүстік өңірлерде тұратын өзіміздің ағайындарды ауданға тарту болып отыр.
Қазір бірер шаруашылықта тыңнан түрен тартып, бұршақ тұқымдастарды еге бастаған өзбек бауырларымыздың да ісі көпке үлгі болды. Құрсай ауылына Оңтүстік Қазақстан облысы Сарығаш ауданынан көшіп келген 5 отбасы 10 гектар жерге бақша өнімдерін егіп, қомақты табыс тапты. Аудан әкімдігі де жергілікті тұрғындар да оларға қолдау көрсетіп, өзеннің жанынан шұрайлы, суаруға қолайлы жерлерді тауып, тіпті жерлерін жыртып берді. Олардың да еңбегі қайтып, жақсы өнім алып, қазір әкімдік жанындағы тұрақтандыру қорына табыстап отыр. Осы күні аудан әкімдігіндегі азаматтар оңтүстік Қазақстан облысындағы азаматтарды Қобда ауданына келіп, құнарлы жерді игеруге шақырып жүр. Қолдан келген көмегін аямайтынын айтады.
2018 жылы Қобда ауданы 2994 гектар аумаққа бау- бақша, көкөніс отырығызып, суармалы егістің көлемін 255 гектарға арттырған еді.
Ал биылғы 2019 жылы Қобданың дихандары 368 гектарға немесе 15 пайызға ұлғайтты.
Тұрғындарға қажетті көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында бау-бақша отырғызу жоспары құрылды. Оның ішінде картоп- 73,2 га, көкөніс - 63,5 га, бақша-16 га алқабқа отырғызылады. Жалпы биылдыққа бау-бақшаны 350 га отырғызуды жоспарланды. Бүгіңгі күнге ауыл шаруашылық құрылымдары 368 га алқабқа картоп, көкөніс, бақша дақылдарын отырғызды. Оның ішінде картоп – 145 га, көкөніс-113 га, бақша – 110 га. Өткен жылмен салыстырғында 2018 жылы 255 га немесе 144 % өсті. Бұл дегеніміз ауданымыз жылма жыл суармалы алқабтарын ұлғайтуға көшті деген сөз. Бүгінде ауыл шаруашылық құрылымдары қияр сынды ерте пісетін өнімдерді жинап бастап, дүкен сөрелеріне өздерінің өнімдерін қою үстінде.
Биыл ұмыт бола бастаған жеміс ағаштарын отырғызып, бақ өсіруді қолға алған шаруашылықтар да бар. Оның ішінде 1 жарым гектарға алма, жүзім отырғызған, «Бимаш» шаруа қожалығы мен алма отырғызған «Ажар» шаруа қожалығының ісі көпке үлгі.
Шынтуайтында жылыжай салуды алғаш бастап қолған білім беру мекемелері. Осы күні Әлия, Талдысай орта мектептерінің жанынан жасақталған жылыжайлар, табысты жұмыс жасап, қыстың қытымыр аязында да өздерінің шағын бақшаларының жаңа псікен көкөнісін жеп шықты. Мұны көрген дихандар жылыжай салуды өндірістік деңгейге көтермекші болып отыр. Үстіміздегі жылы Қобда кентінен жылыжайдан бақтарын сынап көруді ұйғарып, жылыжай салып, көкөніс отырғызған азаматтар бар.
ХАБАРЛАМА
Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі көктемгі далалық жұмыстары алдында ауыл шаруашылығы техникаларын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу науқанын бастады. Байқау 2019жылғы мамыр айының 2-не дейін жүргізіледі.
АҚПАРАТ
Қобда ауданы бойынша 2019 жылға егін егу жоспары 39 300га, бүгіңгі таңға ауданның шаруашылықтары 3426 га жер дайындап, 140 га алқабқа егін шашты.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-і, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №256 бұйрығына сәйкес, жергілікті бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, мемлекеттік қолдауға берілетін субсидияларды алу мақсатында Қобда ауданына қатысты ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен 2019 жылдың 20 қаңтарынан бастап өтінімдерін қабылдау басталатынын хабарлайды.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы аласыздар: 8 (71341) 21-1-01, 8 (71341) 21-2-38 Қобда селосы, Астана көшесі №26.

Пруд Птичник..pdf


Конкурстық құжаттама 2018 Птичник қаз.docx


хабарландыру.pdf

[вложени

Протокол 4.pdf

е "хабарландыру.pdf" удалено A Tureev/Khobda] [вложение "Балыққа конкурс 2018.docx" удалено A Tureev/Khobda]

Субсидия кх кз.xlsx

«Қобда аудандық ауыл шаруашылығы» ММ-сі «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бойынша өтінімдерді қабылдайтынын хабарлаймыз.
Қажет құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлік
2. АШТӨ куәлігі
3. Тұқым құжаттары
4. Сатып алынғаны туралы құжаттар (шот-фактура, түбіртек, накладная)
Мекен-жайы: Қобда ауылы, Астана көшесі №26, тел: 21-1-01, 79-0-59
Кобда 172.jpg
Кобда 173.jpg

«Бекітемін»

«Қобда аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы
__________________ Б.Н.Туктибаев
«_____»________________ 2018 ж.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша
конкурстық құжаттама
(конкурс қайталанған болып есептеледі)
I.Кіріспе
Осы конкурстық құжаттама әлеуетті пайдаланушыларды жергiлiктi маңызы бар балық аулау су айдындарын бекiту үшiн конкурс туралы толық ақпарат беруге арналған.
1. Конкурс өткізілетін орны мен уақыты: Қобда а., Астана к., 26 , №5 кабинет / тел .: 8 (71341) 21-2-38, конкурс өткізу уақыты (конверттерді ашу): 26.11.2018 ж. 11 сағат 00 мин.
2. Конкурстық құжаттаманы алу тәртібі мен орны: Конкурстық құжаттаманы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 09.11.-23.11.2018 ж. сағат 18.00-ге дейін Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі Қобда а., Астана к., 26 , №5 кабинетінен және Қобда ауданың әкімдігінің ресми сайтынан khobda. aktobe.gov.kz/. алуға болады.
Конкурсқа балықтандыру көлемімен қойылған, балық шаруашылығы су айдындарының тізімі:
Су айдыны атауы
Көлемі, га
Балық шаруашылығын жүргізудің мақсаты
Балықтандырудың жылдық көлемі
1
Птичник тоғаны
Қобда ауданы
13
Өзенді-тауарлы балық шаруашылығы (ӨТБШ)
Карп 2600 дана
Ақ амур 650 дана
3. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың мерзімі: конкурстық өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 23.11.2018 жыл 18.00-ге дейін / жұмыс уақытында / Қобда а., Астана к., 26 , № 5 кабинет / тел .: 8 (71341) 21-2-38 мекен-жайы бойынша қабылданады.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығында конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары және қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ конкурсты өткізу тәртібі көрсетілген.
5. КТБШ балық шаруашылығын мелиорациялауды (көшірме) жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтарды және басқа да материалдық-техникалық жабдықтарды жалға алса Конкурсқа жіберіледі. Бұл жағдайда жалға алу мерзімі (алаңның) су айдынын (учаскесі) бекіту жоспарынан кем болмауы керек.
2.Конкурстық өтінімдерге қойылатын талаптар
6. Өтінім тігілген күйде, нөмірленген беттермен және соңғы парақ қол қойылған және мөртабанмен (егер бар болса) куәландырылған нысанда берiледi.
7. Жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар осы Ереженің талаптарына сәйкес әрбір балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) участкесіне жеке конкурстық өтінімді дайындап, хабарламада жарияланған мекен-жайға жолдайды, мөрленген конвертте көрсетіледі:
1) Қатысушының толық атауы және мекен-жайы (конкурстық өтінімді ашылмаған күйі қайтару мақсатында, егер ол кешіктірілген болып танылса);
2) Конкурс ұйымдастырушының мекен-жайы;
3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскесін бекітіп беру бойынша конкурс» сөзі.
8. Конкурстық өтінімді тіркеген сәттен бастап, өтінімді ұсынған тұлға Конкурсқа қатысушы болып саналады.
Конкурстық өтінім мыналарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінішті (түпнұсқа);
2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);
Конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің Конкурсқа қатысушының банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша уақытында төленбеген берешектің жоқ екені туралы қағаз тасығыштағы қол қойылған және мөр басылған, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген анықтаманың түпнұсқасын (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдың немесе бөлімшенің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда бұл анықтаманы осындай банктердің әрқайсысы береді);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша барлық бекітіліп берілетін мерзіміне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (түпнұсқа);
балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес аумақтық бөлімшелерден алынатын қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін);
Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мыналарды жүзеге асыру үшін:
бақылау үшін аулауды – ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа) қамтиды.
9. Жүргізілген іс-шараға (балықтандыру) қаржы жұмсалған қаражат туралы ақпаратты аумақтық бөлімшеде беріледі (балық шаруашылығы су айдындары және ( немесе) учаскелері) бекітілген, жеке немесе заңды тұлғалар үшін).
10. КТБШ қосымша өтінішіне қоса беріледі :
Ғылыми ұсынымдар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде үш жылдан аспайтын мерзімге арналған және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);
балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
11. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, сериялы нөмірді беру арқылы конкурстық өтінімдерді қабылдау регистрінде тіркеледі. Конкурстық өтiнiмдi ұсыну мерзiмi аяқталғаннан кейiн журналда конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдаудың аяқталу күнi мен уақыты көрсетілген белгі қойылады және Хатшының қолымен куәландырылады.
Конкурсқа қатысу үшін арналған конкурстық өтінімі бар конверт, мерзімі аяқталғаннан кейін берілген болса қабылданбайды.
12. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiм бар конверттердi ашқанға дейiн Конкурс қатысушыларын конкурстың шарттары өзгерген жағдайда ұсынылатын құжаттар топтамасын толықтыруға құқылы.
Қосымшалар:
Аңшылық алқаптар мен балықшаруашылығы су айдындарын және(немесе) учаскелерiн бекiтiп беружөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына6-қосымша
Нысан
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерінбекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(су айдындары, учаскелері)
бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға рұқсат етуді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы, жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы, БСН, ЖСН)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2._____________________________________________________________
(кәсіптік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, балық өсіру)
__________________________________________________________мақсатында.
3. _________________________облысы әкімдігінің 20____жылғы
"__"____________ № _________қаулысына және
________________________жергілікті атқарушы органмен жасалған
20____жылғы "__" ______________№ ______ балық шаруашылығын жүргізу
шартына сәйкес бұдан бұрын бекітіліп берілген балық шаруашылығы су
айдыны және (немесе) учаскесі
_________________________________________________________________
4. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)
учаскесі_____________________________________________________________
Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе)
учаскесін бекітіп беру ______ жыл.
5. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес теріс мәліметтер берілгені үшiн
жауаптылықтан хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген күні 20____ жылғы "____"_____________________________
Өтінім беруші__________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы)
М.О. (болған жағдайда) қолы __________________
Аңшылық алқаптар мен балықшаруашылығы су айдындарынжәне (немесе) учаскелерінбекітіп беру жөнінде конкурсөткізу қағидаларына6-1-қосымша
Нысан
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама*
Ескерту. 6-1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 26.07.2017 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
р/с№
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында
1.
Есептік нөмірі №________көрсетілген балық шаруашылығы және басқада су жануарларының өнімін тоңазытуға, мұздатуға сақтауға арналған ыдыстар
тонна
2.
Есептік нөмірі №________көрсетілген балықты және басқа да су жануарларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтар
тонна/тәулік
3.
Тасымалдау (балық аулау) флоты, оның ішінде:
1) қуаты 40 ат күші және одан жоғары өздігінен жүретін (тұрақты қозғалтқышы бар)
бірлік
2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүретін, аспалы қозғалтқышы бар
бірлік
4.
Аулау құралдары, оның ішінде(ащы-тұзды су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа):
1) сүзекі
дана
2) құрма ау, қабада
дана
5.
Артемия қабығы мен цисталараулау(жинау) құралдары, оның ішінде**:
1) қарапайым (торлы дорбалар, шөміштер,жалпақ күректер)
дана
2) қазіргі заманғы (тұзақты еспе кемелер, бондар, скиммерлер)
дана
7.
Басқалары(көрсету)
Ескертпе:
* – бекітіліп жатқан балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) участкесінде балық шаруашылығын жүргізудің түрлеріне байланыстыт барлық тиісті бағандар міндетті түрде толтырылу керек;
** –ащы-тұзды су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде толтырылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Толтыру күні_____________ Өтінім беруші ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
(Бар болса)
қолы ______________
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығысу айдындарын және (немесе) учаскелерінбекітіп беру жөнінде конкурс өткізуқағидаларына 6-2-қосымша
Нысан
Балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізугеарналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама
Ескерту. Қағида 6-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 № 18-04/1030 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
Балық аулайтын жүзу құралдары
бірлік
2.
Аулау құралдары, оның ішінде:
сүзекі
дана
құрма ау, қабада
дана
3.
Балық өсіру-мелиоративтік техника:
бірлік/дана
қамыс шалғылары
жер қазатын техника
аэраторлар
автокөлік және (немесе) тірі балық тасымалдауға лайықталған ыдыстар
4.
Басқалар (көрсетілсін)
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Толтыру күні_____________ Өтінім беруші _______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)
Мөр орны
(Бар болса) қолы ______________