«Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылуда

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сай, Қобда аудандық білім бөлімімен «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыру мақсатында кешенді жоспар жасалып, жүзеге асуда. Ауданның білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында апталықтар жоспарланып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Калиновка орта мектебі базасында «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты эстафеталық ойыны өткізілді. Бұл спорттық ойынға осы мектепке жақын орналасқан И.Құрманов атындағы орта мектебінің, Бегалы негізгі мектебінің оқушылары қатысты. Жиренқопа орта мектебі базасында «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелі іс-шарасы жоғары деңгейде болып өтті. Дөңгелек үстелге сол елді мекенге жақын орналасқан Ақырап, Қызылжар, Жиренқопа орта мектептерінің жоғары класс оқушылары мен мұғалімдері қатысып, пайдалы ой-пікірлерімен бөлісті. Қобыланды батыр атындағы Қобда орта мектебі, Қобда қазақ орта мектебі мен Қобда гимназиясында «Саналы ұрпақ» жобасы негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?» тақырыбында 9-10 класс оқушылары арасында үздік сынып сағаттары өткізілді. Қобда гимназиясының базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында жас мамандар мен жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие жұмысының орынбасарларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары, Қобда ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің өкілі, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Жастар ресурстық орталығының өкілі, аудандық Қамқоршылық кеңесінің мүшесі шақырылды. Кездесу барысында «Саналы ұрпақ» жобасы мен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары туралы баяндамалар жасалып, бейнекөрілім қаралып, пікірталасқа ұласты. Талдысай ауылы «Гауһар» бөбекжайжайы базасында «Саналы ұрпақ» жобасы негізінде «Мөлдір болашақ» эсселер байқауы болды. Байқауға ауданның мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысып, жүлделі орындар алған қызметкерлер марапатталды.