Аудан әкімі М.Шермағанбеттің аудан тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті қобдалықтар, Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!
Сіздердерді Отан қорғаушылар күнімен шын ықыласыммен құттықтаймын! Бұл мереке біздің еліміздің Қарулы күштерінің қуаттылығын, ұрпақтардың үзілмес байланысын, Отанға деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға әзір тұратынын бейнелейді.
Біз өз еліміздің тәуелсіздігін қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің жауынгерлік ерлігін жүрегімізде қастерлеп сақтай отыра, бүгінгі күні қолына қару алып, қазақстандықтардың еркін және бейбіт өмірін қорғап жүрген жауынгерлерді әрқашан мақтан тұтамыз.
Жауынгерлік әзірлігі күшті армия – Қазақстанның одан әрі гүлденуінің, біздің азаматтарымыздың бейбіт игілікті өмірінің кепілі. Біздің солдаттарымыз бен офицерлеріміздің ерлігі, жан қиярлығы мен патриотизмі өздерінің мамандығын Отан қорғауға арнаған әскери адамдарға деген шынайы құрметті тудырады.
Қымбатты жерлестер!
Отан қорғаушылар күні біз Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігін қолына қару ұстап қорғағандармен бірге, өзінің еңбегімен еліміздің әскери және экономикалық қуатын арттырып, жас буынды туған жерге деген елжандылық пен сүйіспеншілік рухында өсіріп, тәрбиелеушілерді де құрмет тұғырынан көргіміз келеді.
Бұл мереке – өз Отанының шынайы патриоттарының, рухы күшті азаматтардың да мерекесі. Ендеше Отан қорғаушы азаматтарға, ауданымыздың барлық тұрғындарына шын жүректен тұрақтылық, бейбітшілік, ертеңгі күнге сенімділік пен ізгіліктер тілеймін! Еліміздің рухы асқақ, мәртебесі биік болсын!
Аудан әкімі М.Шермағанбет