«Мен болашағымды таңдаймын»

Бүгінгі күні мектеп бітіруші түлектерді ерекше толғандырып отырған басты мәселе – мамандық таңдау. Олардың алдында сан тарау жол жатыр, алуан түрлі мамандық күтіп тұр. Әр жүректе бір арман. Ол – қоғамға қажетті мамандық таңдап, қалаған мамандығының иесі болу. 2019 жылғы 3 мамырда Қобда көпсалалы колледжінде «Менің дұрыс таңдауым» атты тақырыпта ашық есік күні өткізілді. Бұл бастама – ауыл шаруашылығына қажет мамандықтың мәртебесін көтерудің тиімді жолдарының бірі.
Аталған іс-шараға аудан әкімі М.Шермағанбет қатысып түлектерге болашақ мамандық таңдауда қателеспей, өз ісінің шебері, нағыз мамандық иесі болуды атап өтті. Іс – шараға колледжге әлеуметтік серіктес ретінде қолдау көрсетіп отырған, ауданның белсенді кәсіпкері А.Әбіреш, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Кереймағамбетов, қамқоршылық кеңесінің төрайымы, аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің төрайымы Г.Есен, жастар рерурстық орталығының басшысы Б.Урумбасаров шақырылды. Түлектерге дұрыс таңдау жасауға көмек беру мақсатында өткізілген бұл шарада жарты ғасырдан астам тарихы бар колледж жайында бейнебаян ұсынылып, мамандықтар туралы мағлұмат берілді.
Іс-шара барысында мектеп түлектерін колледж директоры А.Курганбаев колледждің тарихымен таныстырып, виртуальды саяхат жасады. Студенттердің күшімен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ашық есік күніне келген мектеп түлектері ауыл шаруашылығына қажет «Электргазымен дәнекерлеуші», «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі», «В», «В,С» категориялы автокөлік жүргізушісі» және «Аспаз» мамандықтарының ерекшеліктерін түйсініп, таңдаған мамандықтарының мәні мен маңызы туралы мол хабар алып, өз таңдауларының дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткізіп кетті деген сенімдеміз. Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Кеш соңында колледж психологы Б.Акиева мектеп түлектеріне рахмет айта отырып, ұйымдастырылған кеш болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігін тигізеді дей келе болашаққа қадам басқалы отырған мектеп түлектеріне сәттілік тілеп, рефлексия тренингін өткізді.