Аудан әкімі М.Шермағанбеттің аудан тұрғындарын 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті қобдалықтар!
Қадірменді ардагерлер!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен шын ықыласыммен құттықтаймын!
Бұл қасиетті мереке біздер үшін халқымыздың теңдессіз ерлігі мен батылдығының өшпес үлгісіне айналды.
Біз әрқашан Отанымыздың тәуелсіздігі мен намысын қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерлігін мақтан етеміз, азат етуші жауынгерлердің ерлігі алдында басымызды иеміз. Біздің халқымыздың және бүкіл Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы халықтарының Ұлы Отан соғысында сұрқия сипатты обаны жеңіп шығу үшін қандай ұлы құрбандықтарға барғанын әр кезде есте сақтауға тиіспіз. Фашизмді талқандаған Жеңістің ешқашан санадан өшпеуінің маңызы зор! Сондықтан 9-мамыр – баршамыз үшін маңызды күн болып қала бермек.
Қымбатты жерлестер, қадірменді ардагерлер!
Бүгінгі буын Жеңіс жауынгерлері алдында мәңгі борыштар. Ендеше бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүруіміз үшін аянбай еңбек еткен Сіздерге зор алғысымызды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ізгілік пен береке, шуақты ғұмыр тілеймін!
Тәуелсіз еліміз тыныштық пен бейбітшіліктің, тұрақтылық пен татулықтың мекені болсын!
Аудан әкімі М.Шермағанбет