Ұлы Жеңіс мерекесі кең көлемде өткізілді

9 мамыр — Жеңіс күніне орай аудандық әкімдіктің алдында орналасқан "Рухани жаңғыру" алаңында әскери шеру ұйымдастырылып, "Мәңгілік полк" жүріп өтті. "Мәңгілік Ел" саябағында орналасқан Батырлар алаңында қобдалық батырлардың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Гүл шоқтары қойылып, аудан әкімі М.З.Шермағанбет жиналғандарды мерекемен құттықтады. "Отан Ана" саябағында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, әрі қарай мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Шара соңында далалық асхана ұйымдастырылып, қобдалықтар өткен күндердің көрінісіне куә болды.