Х жазғы универсиада ойындарының мәртебелі қонақтары Қобдада

Жастар жылына орай Ақтөбе қаласында өтіп жатырған Х жазғы универсиада ойындарының құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының басшысы Мустафаев Садық Шонмұрынұлы бастаған, ескек есу мен каноэдан олимпиада чемпионы, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық жиын Палатасының депутаты Богданович Александр Викторович, ескек есуден Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, Беларусь Республикасының студенттік ойындар ассоциациясының бас хатшысы Карнаушенко Виталий Георгиевич, Беларусь Республикасының «Оқушылар мен студенттерге арналған дене шынықтыру және спорт республикалық орталығының» директоры Стригельский Виталий Николаевич ауданымызға келді. Аудандағы спорттық нысандарды аралатып, жас спортшылармен кездесті. Спорт саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстармен танысқан қадірлі меймандар аудан орталығындағы демалыс орындарына барды. Қонақтар жасалған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, Беларусь еліне әріптестік тәжірибе алмасуға қонаққа шақырды.