4-МАУСЫМ — МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

«Мәңгілік Ел» саябағындағы «Рәміздер алаңында» 4-маусым — «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай «Желбіре көк байрағым» атты салтанатты шара өтті. Мемлекеттік Гимнмен ашылған шара барысында аудан әкімі М.Шермағанбет қобдалықтарды қастерлі мерекемен құттықтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі мерекенің маңыздылығына тоқталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бой көтерген 21 метрлік Ту тұғырдың жанында аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп мерекенің көркін келтірді.