АУДАНЫМЫЗҒА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МУКУШЕВ НАРИМАН НҰРЛАНҰЛЫ ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

Ауданымызға Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Мукушев Нариман Нұрланұлы және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлы іс сапармен келді. Сапар барысында аудан әкімі М.Шермағанбет ауданның әлеуметтік нысандарының жұмысымен таныстырып, халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа форматы бойынша атқарылып жатырған жұмыстарды баяндады. Вице-министр аудан көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жүргізілген іс-шараларды қарап шығып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.