Аудан әкімі М.Шермағанбеттің аудан тұрғындарын Елорда күнімен құттықтауы

Құрметті қобдалықтар!
Сіздерді барша қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық мерекеге айналған елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміз өз тарихында тұңғыш рет тәуелсіздігін жариялап, астанасын салды, ширек ғасыр ішінде әлемге жаңа Казақстанды паш етті. Еуразияның жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде ықпалдастық идеяларын ілгерілететін, Шығыс пен Батысты, әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыратын киелі орынға айналды.
Тарихи қысқа мерзімде иен далада жаңа қала бой көтеріп, іс жүзінде мүмкін емес дүниелер атқарылды.
Бұл жерде жаңа және бірегей Еуразия мәдениеті қалыптасып, ел жастары бәсекеге лайықты білім алуда, болашаққа сеніммен қадам басатын жаңа жобалар жүзеге асуда.
Қадірменді жерлестер! Баршаңызды Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтай отыра, Сіздерге игілік пен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Аудан әкімі М. Шермағанбет