Акция аясында 1910 көшет отырғызылды

Өткен сенбіде еліміз бойынша республикалық деңгейде жария етілген ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған акцияға қобдалықтар да үн қосты. Сенбіде болған акциядан «Айдана» кафесінің алдына жиналған қызметшілер, көшелерге тал көшеттерін отырғызып, ауылымыздың көркеюіне ат салысты. Акцияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет бастап, 610 адам қатысқан. Олар жалпы саны 1910 түп көшет отырғызыпты. Бұл игілікті шарадан жергілікті депутаттар мен ақсақалдар қауымы да қалыс қалмай өз үлестерін қосты. Олар сенбілікке шығып, көшеттер отырғызып, жастарға үлгі көрсетті. Экологиялық шара аясында отырғызылған 1910 көшеттің 390-ы аудан орталығына тиесілі. Соның ішінде 175 терек, 35 алма ағашы, 115 қайың және 65 қарағаш көшеттері бар.