ҰЛТТЫҚ БИЗНЕСКЕ ЗОР ҚОЛДАУ

Оның ішінде әсіресе ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету мәселесіне басты назар қойылған. Өз өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру қажет. Біздің елімізде кәсіпкерлердің осы тобына арналған нақты мемлекеттік қолдау шаралары жоқ екенін ескеріп, нақты бағдарлама жасауды тапсырды. Шетелден инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл-атқарушы билік басымдық беруі тиіс міндеттердің бірі екеніне айрықша тоқталды. Мемлекеттік органдар, әсіресе өңір әкімдері сол көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей жауапты болады. Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Соның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуі тиіс. Қазақсатнның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленді.
Осы Жолдауда нақтыланған кәсіпкерлікті дамытуға байланысты міндеттер болашақта ұлттық бизнеске зор қолдау болып, экономиканың қарыштап дамуына оң ықпалын тигізетіні анық.
Жанаргүл Бибетова, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы