АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында көрсетілген айқын міндеттер мен атқарушы органдарға жүктелген жаңа тапсырмалар елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне бағытталған. Сондай-ақ саяси құжат осыған дейінгі Елбасы Жолдауларымен сабақтасып, мемлекеттің әрі қарайғы даму межесін белгіледі. Мемлекет басшысы Жолдауда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру туралы айтты. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдардың беделін күшейту керек. Үкіметтік емес ұйымдар дамыған демократиялы елдерде маңызды рөлге ие. Тіпті ауқымды мәселелердің тез шешімін табуына осындай ұйымдар түрткі болды. Ел президенті Жолдауда Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Тұжырымдама әрбір Қазақстан азаматының қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, жас ұрпақтың өзіндік ой-пікірін қалыптастыруына, заманауи мемлекетті мақтаныш ететін отаншылдық рухта тәрбиелеуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз!
Марина Қожабекова, аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы