Аудан әкімі тұрғындары қабылдады

Аудан әкімі М.З.Шермағанбет аудандық «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Бірқатар қойылған мәселелер өз шешімін тапты. Мысалы үй кезегінде тұрған Қобда ауылының тұрғыны Гопанова А.В. және Бимашева Ж. баспана мәселесімен келіп, заң шеңберінде үй алушылар кезегіне қойылды. Сонымен қатар жұмыс сұрап келген К.Каракулова уақытша жұмыспен қамтылып, алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналастырылатын болды. Қабылдауға келген бірнеше азаматтарға тиісті кеңестер беріліп, бөлім басшыларына мәселелерді жуық арада шешу үшін нақты тапсырмалар жүктелді. Бұдан кейін де қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерінің орындалуы партия бақылауында болады.