Латын әліпбиіне көшуге байланысты облыстық семинар

18 қазан күні облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Jaсa kezeсniс jarqyn bastaэy» атты латын әліпбиіне көшуге байланысты облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға ауданның мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен мұғалімдері, орталық аурухана қызметкерлері, Ойыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы қатысты.Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Б.А.Өтепов ауданның тіл саясаты мәселелері жөнінде жалпы мәлімет жасап, семинарды ашып берді. Басқарма басшысы Г.Т.Төлебаева облыста тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мен алда тұрған міндеттері туралы, облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина «Қазақ әліпбиі мен ережелерінің құрылымы мен жаңалықтары» туралы, тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ш.Б.Түменбаев латын әліпбиіне көшу бойынша мәлімдеме жасады. #латынəліпбиі #18.10.2019 жыл