Аудан әкімі Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Аудан әкімі М.Шермағанбет 7 қараша күні Ресей Федарациясының Омбы қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалин бастаған делегация құрамында барып қатысты. Форум аясында екі елдің өнеркәсіп, IT технология салаларындағы көрмелерімен танысты.
Ақтөбе өңірінің Ресеймен шекаралас елді мекендері қатысқан "Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен жиында облыс әкімінің ұсынысымен Қобда ауданындағы "Жиренқопа - Первомайское" шекара бекетін ашу мәселесі де қаралды. Қазіргі уақытта жеңілдетілген шекара бекеті жұма, сенбі, жексенбі күндері ғана жұмыс жасауда. Егерде шекара бекеті ашылса екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас артып, көлік ағыны реттеліп, жол бойындағы ауылдардың дамуына септігі тиетіні анық. Биылғы жылы осы бағыттағы Қобда мен Жиренқопа елді мекендері арасындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтуде. Келесі жылы шекараға дейінгі аралықтағы автомобиль жолы жөнделіп, қолданысқа беріледі. Ол үшін қажетті қаражат қарастырылған.