Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

2019 жылғы 28 қарашада аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық жергілікті атқарушы органдары мамандарының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке өткізудегі мақсат Елбасының жыл сайынғы Жолдауларындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тапсырмасы орындау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, көрсетілетін қызметтер туралы азаматтар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру және қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру бағытындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын жандандыру болып табылады.
Аталған іс-шарада аудан тұрғындарының көп сұранысына ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жергілікті атқарушы органдар қатысып, қызметті алушыларға өздерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы консультативті-әдістемелік көмек көрсетті. Жәрмеңке кезінде 72 тұрғын әр сала бойынша өзіне қажетті мәліметтерді тікелей жауапты мамандардан алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету, жұмыстың сапасын арттыру әрбір қызметшінің күнделікті міндеті. Жалпы жәрмеңке қызмет алушылар мен қызмет берушілер арасындағы байланысты нығайту, сенімділікті арттыру мақсатында тоқсан сайын өткізіліп отыр.
Қобда аудандық әкімдігі мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастыруға және өткізілуіне үлестерін қосқан барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға үлкен алғысын білдіреді!