ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Некенің бұзылуы мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Міне осы әлеуметтік мәселелер аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел талқылаған мәселе болды. Аудандық сот төрағасы Жәнібек Сейітжаппаров төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Батырхан Өтепов, мәслихат хатшысы Жанболат Ерғалиев өзге де мемлекеттік мекемелер мен органдардың басшылары қатысты. Қазіргі бүкіл Қазақстанда орын алған әлеуметтік мәселенің бірі некенің бұзылып, ажырасудың тым көбейіп кетуі Қобда ауданын да айналып өтпей, өзекті мәселеге айналып отыр. Соңғы екі жылды алғанның өзінде аудан бойынша 2017 жылы 61 неке тіркелсе, оның 39 отбасының шаңырағы күйреп, жерге түскен. Ал өткен жылы отбасы шаңырақ көтерсе, отбасы бұзылған. Осы келеңсіз жайдың себептері отырыста кеңінен талқыланды. Осы қоғамдық келеңсіздіктің алдын-алуда қоғамдық ұйымдардың да тәрбиемен айналысуы қажет екендігі сөз болды. Отбасының бұзылуынан әкесіз балалардың көбейетіні, алимент төлемеу сынды құқықбұзушылықтардың орын алатыны сөз етілді.
Кеңесте отбасылық кеңес құру жөнінде шешім қабылданды. Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдардың басшылары да енгізілді.