Кәсіподақ ұйымдары бас қосты

Еңбек даулары мен жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуде үш жақты комиссияның маңызы айрықша. Үшжақты комиссияның отырысы аудандық әкімдіктегі адалдық алаңы кабинетінде өтті. Отырысқа жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рәзия Жолдыбаева басшылық етіп, аудандағы білім беру, медицина, мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлік саласы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Отырыста ең алдымен «Қобда суы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Нұрлан Есмалаевтың қызметкерлер арасындағы берешектерін өтеу жайындағы мәлімдемесі тыңдалды. Білім саласының қызметкерлеріне кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатырған көмек төңірегінде осы саланың кәсіподақ басшысы Қуаныш Ибраев айтып жеткізді. Сондай-ақ жиында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы қоғамдық бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер мен медицина қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары атқарылған жұмыстар турасында мәлімдеді. Жиында қызметкерлерге сыйақы тағайындау, жалақыны өсіру, сауықтыру жолдамаларымен қамтамасыз ету жолдары туралы ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.