ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Параграф» ақпараттық жүйесі (ресми сайты: https://prg.kz) және ZAKON.KZ (ресми сайты: https://www.zakon.kz/) желілік бастамасы бойынша Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 48 мекен-жайындағы Қобда ауданының әкімдігінің ғимаратында, ағымдағы жылдың 6 ақпаны сағат 16:00-де өтетін «Халықтық заңгер» жалпы республикалық акциясына азаматтармен аудан тұрғындарын заңгерлік кенестер алуға шақырады.
Аталған акцияның мақсаты кез келген құқықтық мәселе бойынша білікті заңгерлермен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен азаматтарға тегін заң көмегін беру болып табылады.