ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігімен «Параграф» ақпараттық жүйесі және ZAKON.KZ желілік басылымымен бірлесіп «Халықтық заңгер» жалпы республикалық акциясын өткізу туралы жоспарына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі 2020 жылдың 6 ақпанында, 16:00 уақытында, аудан әкімінің ғимаратында орналасқан «Адалдық алаңы» кабинетінде мемлекеттік құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының басшылары, атап айтқанда аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Б.А.Құрманиязов, аудандық мәслихаттың бөлім басшысы А.Д.Төлекбай, аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ә.А.Молдакулова, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің басшысы Н.Ж.Дұзбанов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.Т.Есеналин, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Б.Е.Утаралова, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірбие тобының инспекторы полиция капитаны Д.Е.Баулының қатысуларымен 7 адамды қабылдап оның ішінде жұмыс жасаған жылдарына байланысты, еңбек өтілін қалпына келтіру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, құқық бұзу заңдары аясында тегін заң көмегі беріліп және қабылдауда болған азаматтардың сауалдарына қанағаттандырылған жауаптарын алды.