Аудан әкімі тікелей эфирде

Ашықтыққа ұмтылған мемлекеттік басқару жүйесі қазір әлеуметтік желілер арқылы да халықпен тікелей диалог орнатуға талпынып келеді.Кеше аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудан әкімдігінің Instagramm желісіндегі парақшасы арқылы тікелей эфирде аудан тұрғындарымен байланысқа шықты. Бұған дейін бұл жөнінде әлеуметтік желілер арқылы хабардар аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарына тікелей эфир арқылы жауап алуға мүмкіндік алды.