Арулар - асыл жандар

Көктемнің алғашқы шуағымен бірге жететін 8 наурыз әйелдер мерекесі Асыл аналарға, ару апа- қарындастарға, сүйікті жарға махаббат сезімін білдіретін тамаша мейрам. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің ауданның әйелдер қауымымен кездесуі әкімдік ғимаратында қарапайым ашық-жарқын форматта өтті. Аудан басшысы бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін әйелдің қоғамдағы маңызын алға тартып, олардың қазіргі ел өміріндегі еткен ерен еңбегі жайлы айтты. Заман өзгерістеріне қарамай, әйелдің отбасының ұйытқысы, шаңырақтың қазығы болып қала беретінін, әйелдің бақыты отбасы екендігін айтып, оларды мерекемен құттықтады. Шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне табыс тілеп, гүл сыйлап, естелік сыйлықтар табыс етті. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет кездесуде 6 бала дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналарымызға «Күміс алқа» тақты. Кездесуде нәзік жандылардың құрметіне ана туралы әсем әндер әуелеп, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.